Советхан Улар
Тереңкөл ауданы Воскресенка ауылының
Воскресенка жалпы орта білім беру мектебі
Тапсырма 5.5.
Берілген контент және өз тәжірибеңізді қолданып, денсаулық сақтайтын оқыту технологиялары негізінде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жолдарын көрсетіңіз.
Қазіргі таңда балалар денсаулығын сақтау мен оларға салауатты өмір салты дағдыларын меңгерту проблемалары барған сайын өзекті бола түсуде. Балалар денсаулығы – бұл біздің болашағымыз салынған саясат. Сондықтан, бүгінгі күні мектептің педагогика ұжымы мен ата-аналар жұртышылығының алдында тұрған ең басты міндет–дені сау ұрпақ тәрбиелеу .
Балалардың денсаулығы – қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саналы жетістіктерін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің қатарына жатады.
Оқушылардың өміріндегі көп мезгілдерінің бірін өткізетін, ол орта – мектеп. Оқушының бойында ағзаның өсуі мен дамуы, биологиялық және әлеуметтік жетілуі байқалып, өмірге деген көзқарасы, шығармашылық және жемісті іс – әрекеттіліктерге дайындығы қалыптасады.
Ендеше салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру, бүтіндей педагогикалық процессте жүзеге асады деуге болады. Қазақстандағы мектеп оқушыларының денсаулық деңгейлері негізгі мәселелердің бірі. Білім беру адамның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін ұрпақ тәрбиелеу және оқыту үрдісі болып табылады. Қазіргі білім саласына көптеген өзгерістер еніп жатыр.
Бұл өзгерістер тек қана білімнің кейбір салаларында ғана емес, жалпы оқыту мен тәрбие жүйесіндегі түбегейлі өзгертулер. Қазіргі кездегі халықаралық тәжірибе мен қазақстандық мектептердің дәстүрлерін ескере отырып, ұлттық білім беру үлгісінің қалыптасқанын байқаймыз. Демек, Қазақстан республикасында білім беру жаңа бетбұрыс алуда.
Оқушының жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтау, қажудың алдын алу мен зорығуды болдырмау үшін, олардың еңбегі мен демалысын дұрыс ұйымдастыру арқылы шешу денсаулық сақтау педагогикасының негізгі міндеті болып табылады. Ол үшін мектеп өмірінің негізгі жағдайларын ескеру қажет: сабақтың ұзақтығы, оқу күні мен аптасының ұзақтығы, сабақтың ұйымдастырылуы, сабақ кестесі, үзілістер. Жұмыс қабілеттілік динамикасы сызығына жүргізілген арнайы зерттеулер сабақтың 40-тан ұзақ болуының қажет еместігін көрсетеді.
Педагогикалық бақылаулар сабақтың соңғы 10 минутында балалардың жартысынан көбі мұғалімді тыңдамайтындығы мен басқа шаруамен айналыса бастайтынын байқаған. Сабақтың ұзақтығы 35 минутқа қысқарту орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайын жақсартады және оқушының жоғары жұмыс қабілеттілігін оқу күні барысында сақталуына мүмкіндік береді.
Демек қазіргі міндет аз уақыт ішінде көлемді оқу материалын игерту қажет. Бұл міндетті шешудің бірнеше бағыттары бар. Біріншіден, адамның қордағы мүмкіндіктерін белсендіретін оқытудың жаңа құралдары мен әдістерін жасау. Екіншіден, мектептің оқу уақытын ұзарту, ол жылдың соған сәкес күндік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Үшіншіден, мектептің кәсіби бағыты бойынша арнайы бағдарламалармен оқыту, яғни мамандығына қажетті пәндерді ғана оқыту арқылы, сабақ жүктемесін азайту. Сонда оқу сағатының санын көбейту арқылы көп мәлімет білдіреміз деу бала денсаулығына физиологиялық сәйкес келмейді және тиімсіз.
Ал оқытудың жаңа құралдары мен әдістеріне келетін болсақ, олардың салауатты болуы шарт, яғни оқушы денсаулығына зияны болмауы керек. Бүгінгі күні педагогикада дамыту және оқыту технологиялары көп, бірақ олардың барлығы салауаттылық мақсатты ұстана бермейді. Мысалы, В.Н.Зайцевтің технологиясы төменгі сынып оқушыларының жалпы оқу біліктерін жоғары нәтижеге жеткізуге бағытталған.
Практикада бір-біріне кедергі келтірмейтін, керісінше бірін-бірі толықтыратын, жетілдіретін бірнеше оқыту технологиялары бар. Олардың ішінде қазіргі мектептерде жиі кездесетін - дәстүрлі және дамыта оқыту технологиялары бар.
Дәстүрлі оқытудың негізі ерекшелігі авторлық педагогикаға негізделген, мектепті «білім» көзіне айналдырады. Ол өз кезегінде оқушылардың көпшілігін оқу күнінің соңында, не оқу жылының соңында жаппай зорығуына әкеп соқтырады.
Ал дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы бірлесе отырып оқып үйренеді, бұндай оқыту өз кезегінде оқушы дамуын қамтамасыз етеді. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы, дәстүрлі оқытуға қарағанда, денсаулық сақтау педагогикасы принциптеріне жауап береді.
Сондай-ақ, ойын технологиялары арнайы ұйымдастырылған жағдайда, белгілі ережелерге сай іс-әрекеттерге сүйеніп, оқушының жасына сай әрекеттік негіздегі жолдар мен құралдар арқылы оқу әрекетіне ауысады.
Оқушының мектепке келгендегі оқуға деген қызығушылығын пайдалана отырып, оқу үрдісін ұйымдастырудың маңызы зор, себебі бала қызыққан нәрсесін тез игереді.
Оқу әрекеті дұрыс ұйымдастырылғанда ғана (мектептің сабақ режимі қатаң сақталғанда, сабақ кестесіндегі пәндерді баланың жұмыс қабілеттілігін ескере отырып ретпен қойғанда, көрнекі құралдарды қолдану, гигиеналық талаптарды орындау, жағымды эмоциялық дем беру, т.б.) денсаулық сақтау педагогикасының міндеттерінің бірі - оқушының жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтау мен қажуын болдырмауды шешуге болады. Қазіргі мектеп оқушылардан арнайы білім мен біліктерді ғана емес, аналитикалық-синтетикалық күрделі ақыл-ой әрекетін талап етеді, ол өз кезегінде үлкен жұмыс қабілеттілікті қажет етеді.
Ал ақыл-ой қабілеттілік деп баланың өнімді және ұзақ уақыт белгілі бір ақыл-ой әрекетін өз жасына лайықты жүйке-физиологиялық аз шығынмен орындай алу қабілеті. Ол мектепте табысты оқытудың негізгі маңызды шарты. Бастауыш сынып оқушыларында ақыл-ой қабілеттілік жоғары шегіне көтеріле алады, әсіресе ол инновациялық бағдарламаларды оқыту кезінде байқалады. Бірақ бұл барлық балаларға тән емес. Практика жүзінде байқағанымыздай, әсіресе бастауыш сынып оқушыларында қажу тез болады, осыдан келіп үлгермеушілік туады. Сондай-ақ төменгі сынып оқушыларының ақыл-ой қабілеттілігіне олардың физикалық дамуы мен денсаулық жағдайы әсер етеді.
Дамуы кешеуілдеген балалармен күнделікті жеке жұмыс жасау арқылы, олардың ақыл-ой қабілеттілігін көтеруге болады. Жұмысқабілеттіліктің бір күндегі динамикасына қарайтын болсақ 2 типті: І тип 800-1200 сағаттың арасы, ІІ тип 16.00-18.00 сағат арасында жоғары жұмысқабілеттілікті көрсететіндігін байқауға болады.
Адамның жұмысты бастауға кірісу кезі ену фазасы деп аталады. Бұл кезде жұмыс қабілеттілік төмен болып, біртіндеп көтеріле бастайды. Ересектерге қарағанда балаларда ену фазасы қысқа болады, ол олардың жүйке жүйесінің функционалдық қызметінің тез қозуымен түсіндіріледі. 80% балаларда ол 2-7 минутқа созылады. Одан соң жұмыс қабілеттілік бір қалыпты деңгейде болады да, 20 минуттан соң төмендей бастайды.
Сондықтан сабақтың алғашқы 7 минутынан соң, жаңа материалды игерту жұмыстары жүргізілу қажет. Кейбір мәліметтер бойынша (М.В.Антропова) бастауыш сынып оқушыларының белсенді зейінділік көрсететін уақыты 15-17 минут деп анықталады. Сол себепті 6 жасар балалар 15-20 минуттан соң, 7 жастағылар 20-25 минуттан соң әр нәрсеге алаңдап, олардың зейіні төмендейді. Сабақтың соңғы 5-10 минуты педагогикалық өнімділігі төмен уақыт, сол себепті «соңғы секіру» деп аталады. Осыған байланысты оқушылардың оқу белсенділіктерін ескеру қажеттілігі туралы көптеген ғалымдар өз еңбектерінде атап кетеді.
Сабақ қаншалықты біртекті, монотонно өтсе, соғұрлым балалар тез қажиды. Әсіресе бұл бастауыш сынып оқушыларына тән. Бұдан басқа, бастауыш сынып оқушыларына бірінші сигнал жүйесі арқылы оқыту, яғни көрнекілік арқылы оқытуды қолдану қажет. Оқушының оптималды жұмыс қабілетінің ұзақтығын көрсету үшін сабақты мұғалімнің монологы түрінде емес, оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қолданып, оқушымен мұғалімнің сұхбаты түрінде өткізу керек. Сабақ барысында әрекеттің бір түрінен, екінші түріне көшіп отыру оқушылардың қажуын ұмыттырады.
Сабақ кестесін түзу кезінде оқушының күн және аптадағы жұмыс қабілеттілік динамикасын ескере отырып, жұмыс қабілеттілік жоғары болатын сағаттар мен күндерге қиын пәндерді, ал төмендейтін сағат пен күндерде оңай пәндерді қою керек. Әрине, қиын-жеңіл екендігі оқушының қабілеті мен икемділігіне, оның пәнді қалай эмоционалды қабылдайтынына да байланысты. Сондай-ақ, пәннің қиын-жеңілдігі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне де баланысты. Сонда пәннің қиын - жеңілдігі туралы пікір субъективті болып шығады.
Сыныптан тыс жұмыстарға тән нәрсе – оқушылар өз сұранысы мен қызығушылығы бойынша ерікті, саналы, белсенді шешімі бойынша қатысады. Жоғары сыныптарда сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың өздері ұйымдастыратын болса, төменгі сыныптарда оны мұғалім ұйымдастырады.
Сыныптан тыс әрекеттер үрдісінің мазмұны денсаулық мәні, салауатты өмір салты, оны ұйымдастыру тәсілдері, төменгі сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ескерілген педагогикалық бейнелеу материалдары негізінде құрылады. Зерттеу барысында үрдістің осындай ерекшеліктері мен баланың салауатты өмір салтын қалыптастыру міндеттерін салыстыра отырып, төменгі сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарының қызметтерін анықтадық:
когинтивті – оқушының денсаулықты сақтау мен шынықтыру бағытындағы түсініктерін кеңейту және терең білдіру; салауатты өмір салтының ережелері мен нормалары туралы, салауатты өмір салтын өзі ұйымдастыру тәсілдері туралы, денсаулықты нығайтудың халықтық тәсілдері туралы, зиянды әдеттердің (алкоголь, есірткі заттар, темекі шегу) ағзаға әсері туралы, т.б.
Дамытушы – оқушының денсаулық сақтау мен нығайту, салауатты өмір салты, шығармашылық қабілеттерін таныту, т.б. бағыттарда танымдық қызығушылығын дамыту.
Бекітуші – денсаулықты сақтау және нығайту бойынша білімдерін тереңдету және кеңейту, оқу үрдісі барысында қалыптасқан білік пен дағдыларын жетілдіру;
өзін-өзі ұйымдастырушы – денсаулықтың барлығымызға белгілі аспектілеріне сәйкес әрекетімізге өз белгімізше білік пен дағдыны қалыптастыру; бос уақытты тиімді жоспарлау, өзін өзі оқыту мен тәрбиелеудің білік пен дағдыларын дамыту;
тәрбиелеуші – оқушының өз денсаулығы мен қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту мәселелеріне өзіндік көзқарасын қалыптастыру, өз мүмкіндігі мен қабілеттеріне балама баға беру, адамгершілік сапаларын, өзбеттілік, тәртіптілікті, жауапкершілікті, ұжымдықты және т.б.
Практикалық-іс-әрекеттік – денсаулықты сақтау мен нығайтудың теориялық білімдерін ғана емес, денсаулыққа байланысты практикалық білік пен дағдыларды жүзеге асыра білуі керек.
Оқушының денсаулығын сақтау мен нығайту бағытындағы жұмыстарын үш стратегияның біріне сәйкес жүргізу керек.
Дәстүрлі стратегия. Мұнда негізгі міндетті медициналық-гигиеналық технологиялар негізінде дәрігерлер шешеді, ал педагогтар олардың тек шешімдері мен нұсқауларын орындайды. Бірақ қазіргі қоғамның адамы денсаулығына зиянды әсері мен денсаулық сақтау мекемелерінің қаржылық мүмкіндіктерінің төмендігі аса нәтиже бере қоймайды.
Нүктелік стратегия жұмыстың жүргізіліп жатқандығынан әсер беретін жеке әрекеттер, шешімдер, іс-шаралар. Бұған мектептерде фитобарларды ашу, психологиялық жүктемені азайту бөлмесі, бірнеше стендтер, "Денсаулық күні" мен "Денсаулық мерекесін" өткізу, салауаттану факультатив сабағын енгізу, т.б. Бұлардың тәтижесі де мардымсыз және тұрақты емес.
Мектептің денсаулық сақтау кеңестігін қалыптастыру стратегиясы. Ол үшін мектеп бірнеше қадамнан тұратын жұмысты жүргізу керек
Бастауыш мектепке денсаулық сақтау технологиясын ендіру жағдайын бағалаудың бірнеше индикаторларын келтірейік:
1.Оқушының денсаулық мониторингі мен мектептегі өзгерістердің нәтижесін жасау.
2. Оқушылардың мектепке келу ынтасының болуы – өте ақпараттық көрсеткіш, олай дейтін себебі бұл оқушының мұғаліммен қарым-қатынасын, сыныптағы психикалық климатты көрсетеді.
3.Оқушының оқу жүктемесінің көлемі – сабақтар саны мен үй тапсырмасына бөлінетін уақытты
4.Зиянды әдеттерге бейім оқушылар саны.
5. Мектептің гигиеналық жағдайы – оқушының денсаулығына деген қамқорлық қарапайым гигиеналық талаптарды орындаудан басталады.
6. Дене шынықтыру сабағының мазмұны және физикалық даму мен спортпен үнемі және шын көңілмен айналысуға сұранысы.
7. Сабақ біткеннен кейінгі мектеп өмірі: мектеп 2/3 тәулікке бос бола ма, сабақтағы сияқты жұмыс жүргізіледі ме.
8. Төменгі сынып оқушыларының белсенділігі мен қызығушылығы, денсаулық тақырыбындағы іс-шараларға қатысуы. Есеп үшін жасала салған іс-шаралар үлкен зиян келтіреді. Балалар алдамшы жасалған әрекет пен сөздерге сенбейді.
9. Педагогикалық ұжымның психологиялық климаты. Бір ғана директор және бірнеше мұғалім жұмысы басқа мұғалімдер қолдамаса жүзеге аспайды. Оны мұғалімдер бөлмесі мен педкеңеске қатысу арқылы бірден тануға болады.
10. Сабақтан шыққан оқушы түрі (әсіресе күннің ортасында): оқу жүктемесімен бастырылған, мұғалімнің авторитарлық стилі, келесі сабақты күшпен күтеді, немесе эмоционалды, көтеріңкі көңіл күймен дайындығын көрсетеді.
11. Оқушының мұғаліммен және бір-бірімен қарым-қатынасының сипаты: бауырмалдық, бір-бірі түсіну, бір-біріне көмек беруге дайын болу, т.б.
12. Оқушылардың ата-аналарының мектепке қарым-қатынасы: олар мектепке шақыру бойынша ғана келеді ме, әлде мектеп өміріне өз еркімен белсенді араласады ма.
Педагогикалық қауымдастық оқушы денсаулығына дәрігерден гөрі мұғалім үлкен ықпал ететіндігін мойындаған. Бірақ мұғалімге дәрігер міндетін атқаруын емес, психологиялық-педагогикалық технологияны үйрету қажет.
Технологияның авторлары мен атауы
Технологиялардың негізгі ерекшеліктері
Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың “дамыта оқыту жүйесі”
Оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтың ерекшеліктері:
- тапсырманың балаларды ойлауға, пайымдауға, жоспарлай білуге жетелейтін сипатына көңіл бөлу;
- оқушылардың тапсырманы орындау кезінде кездескен қиыншылықтардан өз бетінше шығудың жолын іздеуі мен шығармашылық ізденушілікке жағдай жасау;
- мұғалімнің оқушылардың өз бетінше ойлануын, ізденуін қажет ететін тапсырмаларды алдын-ала даярлап, үйден орындауға ұсыну;
- сабақтың жалпы мақсаты мен ұйымдастыруын оның тақырыбына, мазмұнына байланысты нақтылау. Ең бастысы оқушылардың таным белсенділігін көрсетуіне жағдай жасау. Сабақта оқушыларды әртүрлі іс-әрекет түріне тартуды құптайды, дидактикалық ойындар, пікір-таластарды, ойлау, қиялдау, есте сақтау, тіл байлығын дамытуға арналған оқыту әдістерін қолдануды ұсынады.
Ш.А.Амонашвили мен В.Н.Ильин ізгілендіру мен жариялылық технологиясы
Балаларға ізгілік тұрғысынан қарап, оның болашағына, қабілетіне сенім білдіріп, кемшіліктеріне шыдамдылық көрсетіп, ұстаздық сүйіспеншілікпен ішкі жан дүниесіне үңіле білу қажеттігін ұсынды. Мұғалім мен оқушының қарым-қатынастарын ізгілендіруде өзіндік көзқарасын білдіруге тыйым салмау, бағыт беру, тең дәрежеде ой бөлісу, еркін таңдау мүмкіндігін беру жүзеге асырылады.
В.Ф.Шаталов технологиясы
Технологияның басты принципі: кезеңдік бақылау, үздіксіз қайталау, ірі блоктар бойынша оқыту, тірек сызбаларды пайдалану, жеке тұлғаны жетістікке жетелеу, күш түсірмей оқыту, тәрбиемен байланыстыру. Технология теориялық білімді сыныпта беруді, тақтада баяндауды, сызбалар арқылы түсіндіруді, тірек конспектісі бойынша жұмыс жүргізуді ұсынады.
Технология оқушылардың толық және жаппай белсенділігін қамтамасыз ететін оқу әрекеті жүйесін дайындады. Бұған оқушылардың динамикалық дағдылы іс-әрекетін ұйымдастыру нәтижесінде қол жеткізді. Оқушылардың дағдылы оқу іс-әрекетінің негізіне тірек сигналдары – оқу материалдары бейнеленген көрнекі сызбалар жатады. Технологияның негізгі ұстанымдарының бірі – білімді сансыз қайталау негізінде игеру. Оқушының алған әр бағасы білімді есепке алудың ашық парағына тіркеледі. Бұл парақ оқушы жетістіктерінің есебі қызметін атқарады да, ал бағалар шифрмен жазылған мінездеме іспеттес болады. Мұндай мінездеме жариялылығының үлкен тәрбиелік мәні бар. Бұл мінездеменің бір маңызды ерекшелігі әр оқушының өз бағасын кез келген уақытта жоғарылау бағаға көтере алатындығында, яғни ашық перспектива ұстанымы қолданылады.
С.Н.Лысенкованың тірек сигналдарын пайдалана отырып, қарқынды жеделдете оқыту технологиясы
Тірек сигналдарын пайдалана отырып, қарқынды жеделдете оқыту технологиясында оқу материалы мазмұнының жүйелілігін сақтау, саралау, тапсырманың әр оқушыға жеткізілуі талап етіледі. Тірек немесе оза оқыту дегеніміз – оқушының көз алдында жүріп жататын кесте, карточка, жылжымалы полотно, сызба, сурет арқылы түсінік бере отырып, қорытындылау. Осы “тірек” әдісіне барлық оқушылар сабақ барысында қатыса алады. “Тіректер” плакат сияқты дайын тұрмайды, олар әр сабақта жұмыс үстінде туындап отырады. Оқушылар өз жауаптарын схема түрінде жазып, оны оқиды, сол бойынша жұмыс істейді. Сондықтан, олар түсінбей құр жаттап алудан аулақ болады, алдыменен ережені жаттап алмайды, түсіну, салыстыру, көру арқылы өздері тұжырымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |