148
шығармалары осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат еткен
өзекті ойларымен құнды. Жаһандану дәуірінде қоғамда бел ала
бастаған еуроцентристік көзқарас аясында адамдардың
дінсізденіп,
иманнан
айырылуы,
рухани
идеалдарды,
құндылықтарды аяқ асты етуі жазушыны толғандырады.
«Сұлу
мен суретші» шығармасында адам тағдырының рухани драмасы
жан-жақты талданады. Повестің негізінде драмалық ширығыс
пен адамгершілік проблематика жатыр. Шығармада шым-
шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адамның санасындағы
өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар
талданады.
Қожайынның үйінде болып жатқан нақтылы
оқиғамен қатар қарт суретшінің өткен өмірінен сыр шертуі
композициялық шегіністер арқылы суреттеледі. Мұнда ішкі
монологтың бір элементі болып табылатын – еске алу, өткенге
ой жіберу, шегініс молынан пайдаланылады.
Шығарма
композициясы
қосәлемемділік
принципі
бойынша құрылған.
Повестің композициялық бітімінде уақыт
ішіндегі уақытты бейнелеу арқылы қаламгер Шалдың бүгінгі
пұшайман халі мен бұрынғы бақытты өмір тынысын жинақы
қалыпта жарыстыра баяндайды. Шалдың өмірін күрт өзгерткен
белгілі бір оқиғаның ойына оралуы санасының түкпірінде
тығылып жатқан сан түрлі әсерлердің, ұғым-түсініктердің
тууына түрткі болады. Ол жас кезіндегі қызықты, бақытты
шақтарын еске ала отырып, тұңғиық ойға беріледі. Шығармада
өткен мен қазіргі уақыт жымдасып, өткен күндер елесі кейіпкер
жадында қайта жаңғырады.
Шығармада өмірдің өзінде өркен жайған мәңгілік
трагедиялық қайшылықтарды бейнелеу тәсілі болған контраст
поэтикасы үлкен көркемдік қызмет атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: