жеке тілдің сөздік құрамының, әлеуметтік топ диалектісінің, жазушы шығармаларының лексикалық жиынтығы;
тілдегі сөздерді, сөз тіркестерін, идиомдарды әліпби негізінде я тақырыптық тұрғыдан жүйеге түсіріп, олардың мағынасын ашатын, аудармасын түсіндіретін анықтамалық құралмасы; сөздік кітап болып, басылып шығуы да, қолжазба ретінде көшіріліп, тарауы да мүмкін. Алайда компьютер мен интернеттің пайда болуымен электронды сөздіктердің басымдылығы айқын болып келеді.
Сөздік тарихы
Алғашқы сөздік өзге тілдер сөздерін түсіндіру мақсатында ерте заманда жасалды. Грекияда б.з.б. 5 ғасырда, Үндістанда б.з. 12 ғасырнда (“Хемачандра”), Ресейде 13 ғасырдан бастап сөздіктер құрастырылды. Түркі халықтарының алғашқы сөздікі 11 ғасырда жазылған Махмұт Қашқаридың “Диуани лұғат-ит-түрк” еңбегі саналады. Кейінірек екі тілді немесе көп тілді сөздіктер жасалды. Мысалы, араб-парсы, түрік-моңғол сөздерін салыстыру тұрғысынан Замахшаридың “Мұқаддимат әл-адаб” сөздігі (12 ғасыр), Әбу Хайянның “Китаб әл-идрак Ли-Лисан әл-атрак” атты қыпшақ тілінің грамматикасы мен сөздерінің жинағы (14 ғасыр), Жамал әд-диннің араб-қыпшақ сөздігі ретінде құрастырылған “Бұғат әл-мұштақ” (15 ғасыр) еңбектері. Қазақ тілінің сөздіктері 1860 жылдардан бастап жарық көре бастады. Сөздіктің әлеуметтік қызметінің маңызы ерекше: дереккөзі ретінде жылдам ақпарат алуға болады; сөздердің мағынасы мен дұрыс қолданылуы туралы нормативтік бағыт береді, т.б. Сөздік жасаудың әдісін, теориясы мен тәжірибесін, технологиясын лексикография саласы зерттейді.
Қазақша – ағылшынша-орысша сөздік жоғарғы оқу орнында білім алушылар мен оқытушыларға, сондай-ақ ағылшын тілін өздігінен үйренушілерге арналған. Сөздікте жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері қамтылды.