Жиілік сөздік — белгілі бір текст көлеміндегі немесе магнитті тексте таспа жазбасының бір үзігіндегі, сол сияқты нақты бір келемде жинақталған анкеталық анықтамалардағы сөздердің не оның тұлғаларының (сөз тұлғалардың), не сөз тіркестерінің, сондай-ақ грамматикалық тұлғалардың, буындардың, дыбыс таңбалары мен оның тіркестерінің қолдану жиілігі көрсетіліп берілген тізбесі. Өзіндік құрлысына қарай, ондағы тілдік материалдардың орналасуына қарай Жиілік сөздік:
әліпбилі - Жиілік сөздік;
Жиілік сөздік;
кері әліпбилі - Жиілік сөздік болып үш түрге бөлінеді.
Олардың әрқайсысының езіне тән мазмұны мен өзіндік мақсат-міндеті бар. Әліпбилі - Жиілік сөздік белгілі бір зерттеуге алынған текст көлеміндегі сөздердің не олардың сөз тұлғаларының қолданылу жиілігі керсетіле отырып, алдыңғы әріптері бойынша қатаң әліпби тәртібімен берілген тізбесі. Жиілік сөздіктің бұл түрі:
зерттеуге қажет болған лексикалық топтарды оңай ажыратуға, ондағы керек сөздерді (өзтұлғаларды) қиындықсыз тез тауып алуға;
қаралынып отырған текстің стильдік сапасын таңдауға;
зерттеуге алынған шығарма тілінің лексикалық байлығы мен оны жазған автордың сөз қолданылуындағы тілдік ерекшеліктері мен шеберлігін білуге;
морфологиялық дублеттердің (педагогикалық-педагогтық-педагогтік), фонетикалық дублеттердің (сөйтіп-сүйтіп, қазір-кәзір; кәне-кәні-қані) қай нұсқаларының жиі, қай нұсқаларының сирек қолданылатындығын білу арқылы олардың орнықтылығын анықтауға; сондай-ақ, жарыса қолданылатын сөздердің қай нұсқаларының әдеби норманың талабынан шығатындығын анықтауға жәрдемдеседі.