вирустың белсенділігіне қарай цирроздың қалыптасуымен шартталатын бауырда дәнекер тіннің шамадан тыс өсуі мүмкін
Вирустық гепатит
Вирус бауыр мен асқазан -ішек жолын басымырақ зақымдайтын ауру.Бұл аурудың этиологиясы мен патогенезі жайлы ғылыми дәйекті концепцияны алғаш рет 1888ж. С.П.Боткин ұсынғанды.Сондықтан бұл ауру Боткин ауру деп те аталады.
Вирусты гепатиттің түрлері
А гепатиті немесе Боткин ауруы деп те атайды. Гепатиттің бұл түрі тағам инфекцияларының ағзаға түсуінен болады. Лас суды пайдаланудан, тамақ пен тұрмыстық бұйымдардан (сүлгі, ыдыс-аяқ) жұғады. Бұл ауру жедел өршиді, шағымдары мен клиникалық симптомдары анық және созылмалы түрге айналмайды. Әдетте адамдар бұл гепатитпен тек бір рет қана ауырады, және көп жағдайда бала кезінде ауырады. Өйткені бір рет ауырған соң, адам ағзасында қоздырушы вирусқа қарсы тұратын иммунитет пайда болады.
В, С және Д (дельта) гепатиттері вирустарыпарентералды жолмен (қан арқылы) жұғатын вирустар тобы. Дельта вирусы адам ағзасында өздігінен пайда болмайды, оның пайда болуына В вирусы әсер етеді. Бұл вирустардың зақымдау жолдары, клиникалық түрі мен асқынуы ұқсас келеді.
Вирусты гепатиттің түрлері
Е гепатиті Боткин ауруына ұқсас келеді. Бұл түрі де тағам және су арқылы жұғады. Е гепатиті қан арқылы жұғуы мүмкін, яғни парентералды (ас-қорыту жолынан бөлек) жолмен беріледі.Е гепатиті жүкті әйелдер үшін өте қауіпті. Бауырды толықтай бұзып, мерзімнен бұрын туу мен іштегі ұрықтың зақымдалуына әкеп соғады.
Алкогольді гепатиті алкоголь бауыр жасушаларын қайта қалпына келместей зақымдайды. Қабынған тін біртіндеп бұзылып, орнына май және дәнекер тіндері қаптайды. Салдарынан бауыр стеатозы мен алкогольды цирроз пайда болады. Соңғысы бауырдың жұмысын тоқтатып, ауыр бауыр жетіспеушілігі мен өлімге әкеліп соғады.