12 елі ішек пен асқазанның жара ауруы негізінде асқазан құрамының агрессивті қасиеттерінің және асқазан мен 12 елі ішектің шырышты қабатының қорғаныс қасиетінің тепе – теңдігінің бұзылуы жатыр.
Жаралар 2 топқа бөлінеді:
Жедел жара
Жедел жаралардың дамуы әдетте эрозиялармен байланысты. Яғни жара тек кана шырышты қабатын қамтиды.
Жедел жаралар эрозиядан үлкендігі және тереңдігімен ерекшеленеді.
Ол домалақ пішінді, жиектері жұмсақ, мөр басқандай тегіс болады.
Жараның түбі ет қабатын бойлайды, кейбір жағдайларда ол сірлі қабатқа дейін жетіп одан әрі асқазан қабырғасы тесіледі.
Қалқанша бездің және оның маңындағы бездердің қызметі күшейгенде ұйқы безінің жара туындатушы аденомасында кездеседі. Бұл кезде асқазндағы тұз қышқылымен пепсиннің мөлшері көбейіп кетеді, нәтижесінде шырышты қабатта эрозиялар және жаралар пайда болады.