Жедел лейкоз. Жедел лейкоздың диагностикасы мен емі. Диспансеризациясы. Болжамы. Алдын алуы.
Жедел лейкоз — қанның бағаналық жасушаларының мутациясы нәтижесінде сүйек миында біріншілік пайда болған біріншілік клональды (онкологиялық) ауру. Мутация салдары болып мутацияланған жасушалардың ұрпақтары қанның жетілген жасушаларының дифференцировкасына дейін қабілетінің жойылуы болып табылады. Жедел лейкоздардың морфологиялық субстраты — бластты клеткалар.
Лейкоз кезіндегі клиникалық көрініс:
Аурудың күрт немесе біртіндеп басталуы мүмкін.
Сүйек миы жетіспеушілігі синдромдары және қабыну белгілері тән.
Ауыз қуысындағы шырышты қабаттарында және миндалина тіндерінде лейкозды инфильтрацияларға байланысты некротикалық гингивит, тонзиллит (некротикалық баспа) пайда болады. Кейде екіншілік инфекция қосылып өлімге әкелетін сепсис дамиды.
Науқас жағдайының ауырлығы айқын интоксикациямен, геморрагиялық синдроммен, тыныс алу жетіспеушілігімен (үлкейген кеудеішілік лимфа түйіндерімен тыныс жолдарын басып тастау салдарынан) көрінеді.
Сүйек миының жеткіліксіздігі.
Лейкоциттер функциясының бұзылуымен жүретін иммунодефициттің салдарынан инфекциялық асқынулар дамиды. Инфекциялық асқынулар көбінесе бактерильды болады, ал саңырауқұлақтық және вирустық инфекциялар сирек кездеседі. Баспа, гингивит, стоматит, остеомиелиттер, пневмония, бронхит, абсцесстер, флегмоналар, сепсис дамуы мүмкін.
Геморрагиялық синдром жедел лейкоз кезінде тромбоцитопениямен, бауыр және қантамырлар қабырғасының зақымдануымен жүреді. Ол петехиальды-дақты түрдегі геморрагиялық диатезбен көрінеді. Тері және шырышты қабаттарда «көгерулер» және кіші көлемді петехиялар пайда болады. Геморрагияың пайда болуы жеңіл соққының нәтижесінде болуы мүмкін. Мұрыннан қан кету, қызылиектен қан кету, метроррагиялар, зәр шығару жолдарынан қан ағуы мүмкін. Геморрагиялық синдром өте қауіпті асқынуларға – бас миына қан құйылуы және асқазан-ішектік қан кетулерге әкелуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |