Созылмалы панкреатит



бет16/37
Дата18.12.2022
өлшемі339,98 Kb.
#163177
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
Байланысты:
АААААААААААААААААААААААА

Анемиялық синдром: бозару, енігу, жүрек қағу, ұйқышылдық
Спецификалық зақымдалу:
Интоксикация белгілері болады: дене салмағының азаюы, қызба, тершеңдік, тәбетінің төмендеуі.
Қызылиектің инфильтрациясы лейкозды жасушалармен байқалуы мүмкін, бұл кезде қызылиек гиперплазияланған, гиперемирленген болған.
Пролиферативті синдром көкбауыр, бауыр, лимфа түйіндер ұлғаюымен (лимфоаденопатия) жүруі мүмкін. Кей жағдайларда тері жабындыларында (жұмсақ және тығыз консистенциялы) лейкемидтер пайда болады, ол тері беткейінен томпайып көтеріліп тұрады. Оның түсі тері жабындыларының түсімен сәйкес болуы мүмкін немесе ашық қоңыр, сары, қызғылт түсті болады.

Лейкоз диагностикасы:



  • Қанды динамикалық (апта сайын) зерттеу (бластты жасушаларға айналуы, лейкемиялық зияние болуы).

  • Стернальды пункция (сүйек миында 30 %-дан көп болуы, миелограммада қалыпты жасушалық қатынастардың бұзылуы, мегакариоциттердің азаюы немесе жойылуы) әр 2-4 апта сайын.

  • Трепанобиопсия көмегімен алынған сүйек миын зерттеу (қан түзілу өсінділерінің қалыпты қатынастарының бұзылуы кезінде диффузды немесе ірі ошақты бластты инфильтрация, қалыпты гемопоэздің бұзылуы, сүйектің сорылуы) – 2-3 айда 1 рет қайталау керек.

Лейкоздарды емдеу
Барлық химиопрепараттар екі негізгі топқа бөлінеді:
1-ші топ – жасушалық циклға (циклоспецифиялық) әсер ететін, митоздың бір немесе бірнеше фазасына әсер ететін химиялық агенттер
2-ші топ – бұл химиялық зат, оның әсері циклға тәуелсіз.

Цитостатикалық терапияның бірінші сатысы – ремиссия индукциясы.


ВАМП комбинациясы: 5 сегізкүндік курс бойынша –жедел лимфобластты лейкоздардың (ЖЛЛ) терапиясы.
Оған мына препараттар кіреді:
Винкристин 1,5 мг/м2 в/і аптасына 1 рет 1-ші немесе 3-ші күннен бастап.
Аметоптерин (метотрексат) 20 мг/м2 1 рет 4 күнде в/і.
в-Меркаптопурин – 100 мг/м2 күн сайын.
Преднизолон – 40 мг/м2 күн сайын.

ВРП комбинация:


Винкристин -2 мг 1 м2 аптасына.
Рубомицин – 80 мг 1 м2 аптасына.
Преднизолон – 40 мг 1 м2 аптасына.
Ең күшті әсері – 80% жағдайда 3 күн ішінде цитозинаробиназид 100 мг/м2-ді даунорубицинмен – 45 мг/м2-мен қосып емдегенде жазылу (немесе толық ремиссия) байқалады.

Емдеудің келесі сатысы – бұл: ремиссия консолидациясы, яғни сүйек миының трепанобиопсиясы кезінде бластты жасушалардың азаюы кезінде лейкозды жасушалардың толық эрадикациясымен ремиссиясын нығайту керек.


Үшінші саты – бұл: нейролейкоздардың профилактикасы – ЖЛЛ, ЖМЛ-мен ауыратын науқастарға жүргізіледі.


Төртінші саты – бұл: Цитостатиктердің ұстанымды дозасы ремиссиясы кезінде емдеу (Цитозин арабиназид – 30 мг аптасына немесе 5-күндік курста 25 күнде интервалмен, тиогуанин – 40 мг/м2).

Болжамы:
Болжам науқастың жасына байланысты. Жедел лимфобластты лейкоз (ЖЛЛ) кезінде болжам 5-10 жастағы балаларда (100% жағдайда тұрақты ремиссия) қолайлы, 80% жағдайда сауығу болып табылады. Жедел миелобластты лекоз (ЖМЛ) кезінде адекватты емделгенде 95% науқастарда 30 жасқа дейінгі науқастарда тұрақты ремиссия (5 жылдан артық ремиссия) болады. 20% науқастарда сауығу болады.




  1. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Анықтамасы. Жіктелісі. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің 1, 2, 3 кезеңдерінің клиникалық белгілері. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы мен емі.

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі– бүйректің созылмалы үдеме ауруларының салдары түрінде дамитын, бүйректің шумақтық және өзектік функцияларының біртіндеп және үдемелі төмендеуі нәтижесінде бүйректің ішкі ортаның тұрақтылығын ұстап тұру қабілетінен айырылуымен аяқталатын синдром.
Классификациясы. СБЖ 3 сатысын ажыратады:
1. Бастапқы (латентті) сатысы – шумақ фильтрациясының жылдамдығы > 40 мл/мин. Полиурия, орташа дәрежелі анемия, артериялық гипертензия (50% жағдайда) анықталады.
2. Консервативті сатысы – шумақ фильтрациясының жылдамдығы 15-40 мл/мин. Полиурия, никтурия, анемия, артериялық гипертензия (науқас адам көпшілігінде) анықталады.
3. Терминальды сатысы – шумақтық фильтрация жылдамдығы < 15 мл/мин. Олигурия, уремия, гиперкалиемия, гипернатриемия, гипермагниемия, гиперфосфатемия, метаболизмдік ацидоз болады.
Клиникасы. СБЖ бастапқы сатысында науқас адамдарда бүйрек жетіспеушілігіне тән шағымдар болмауы мүмкін. Бұл кезде науқас адамдарда негізгі ауруға тән шағымдар болады. Кейін әлсіздік, ұйқышылдық, жадының нашарлауы, тез шаршағыштық, апатия (уремиялық энцефалопатия), бұлшық ет әлсіздігі пайда болады. диспепсиялық синдром белгілері бой көрсетеді: жүрек айну, құсу, ықылық ату, тәбеттің төмендеуі, тамаққа жиіркеніш болу, іш өту, кейде іш қату. Бүйрек жетіспеушілігінің ерте белгілері полиурия және никтурия бой көрсетеді.
Қарағанда: беттің қуқыл-сарғыш тартқан түсі (анемия мен урохромның жиналуы), аяқ-қолда «көгерген жерлер» болады. Тері құрғақ, онда қасыған іздер көрінеді. Тіл құрғақ, қоңыр түсті. Уремияның ауыр түрінде ауыздан несептің иісі (несептің немесе аммиактың иісі, мочевинаның иісі емес, себебі мочевинаның иісі болмайды) шығып тұрады. Несеп өте ақшыл болып көрінеді (урохромның аз концентрациясының болуы, немесе оның болмауы).
Ауру адамның 80% артериялық гипертензия болады, жиі ретинопатия және қатерлі гипертензия белгілері табылады. Гипертония, анемия және электролиттік өзгерістер жүректің ауыр зақымдануын тудырады. Аурудың ақырғы сатысында фибринозды немесе экссудатты перикардит белгілері (төс артының ауыруы, ентікпе, перикард үйкелісінің шуы – «брайтиктерді жерлеу сазы») анықталады.
Тексерулер;
Зимницкий сынамасында гипоизостенурия анықталады.
Қанда қалдық азоттың, креатининнің, мочевинаның көбейгені анықталады.
Реберг сынамасында шумақ фильтрациясы (сүзуі) азаяды. Ол 40-50 мл/мин. дейін азайғанда СБЖ консервативтік сатысының, әсерлі лейкоцитоз, тромбоцитопения, тромбоциттер агрегациясының азаюы мен қансырағыштық белгілері болады.СБЖ кеш сатыларында – гиперурикемия (несеп қышқылының қалыпты мөлшері 0,147-0,472 ммоль/л), гиперкалиемия (қалыпты мөлшері 3,5-5,0 ммоль/л) анықталады. Метаболизмдік ацидоз белгілері (рН < 7,35 қан бикорбанатының азаюы), гипокальциемия, гиперфосфатемия, гипермагниемия табылады.
Рентгенологиялық тексергенде өкпеде өзіндік өзгерістер байқалады: уремиялық өкпе белгілері - өкпенің қақпаларынан басталып, екі жақты жоғары көтерілетін ошақты көлеңкелер көрінеді, олар солқарыншалық жүрек жетіспеушілігінің белгілері немесе өкпе капиллярларының күшейген транссудациясының белгілері деп есептеледі.
Сүйек рентгенографиясында сүйектердің деминерализация белгілері анықталады.
ЭКГ-да сол жақ қарынша гипертрофиясы синдромы (артериялық гипертония), гиперкалиемияда – ST жоғары ығысуы мен Т тісшесінің биіктеуі тіркеледі.
Асқазан секрециясы азайған, гастроскопияда – асқазанның кілегей қабығының атрофиясы мен клеткалық өзгерістері табылады.
Емі.
Емнің басты міндеті – гомеостазды сүйемелдеу, бүйрек зақымдануының үдеуін баяулату, науқас адамдардың субъективті күйін жақсарту.
Емдеуде – маңызды орынды диетотерапия алады. СБЖ диетамен
Нефрогендік гипертензияда қолданылатын гипотензивтік дәрілер:
1. Диуретиктер
2. ААФ ингибиторлары және А – 1 рецепторларының антагонистері
3. Дигидропиридиндік емес кальций антагонистері (дилтиазем, верапамил)
4. Кальций каналдарының тек әсері ұзартылған дигидропиридинді блокаторлары
5.  - Адреноблокаторлар.
Бүйрек ауруымен ауыратын адамдарға қолданатын ас тұзының мөлшерін 3-5 г/тәул. дейін азайту керек (нормада 15 г/тәулігіне). Науқас адам гипонатриемиялық диетаны сақтай алмайтын жағдайда және гиперволемияда несеп жүргізетін дәрілер беріледі. Бүйрек функциясы сақталған жағдайда (шумақтық фильтрация жылдамдығы – ШФЖ > 90 мл/мин.), тиазидтер беріледі, ШФЖ < 70 мл/мин. – тұзақтық диуретиктер беріледі. Калий сақтағыш несеп жүргізетін дәрілер абсолютті қарсы көрсетпе болып табылады.

Уақытша еңбекке қабілетсіздік сараптамасы. СБЖ компенсация кезінде уақытша еңбекке қабілетсіздік мерзімі негізгі ауру сипатына қарай (қайталауы, ремиссия) және орындайтын жұмыс түріне қарай анықталады.


Медициналық-әулеттік сараптама. СБЖ 2-3-ші сатысында ІІ топ мүгедектігі беріледі. Гемодиализ алып жүрген пациенттер, әдетте ІІ-ІІІ топ мүгедектері деп есептелінеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет