Клиника:
Инфильрация синдромы: дауыс дірілінің күшеюі, перкуторлы дыбыстың қысқаруы, қатқыл тыныс, крепитация;
Тыныс жетіспеушілік синдромы: еңтігу;
Бейспецификалық қабыну синдромы: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, дене қызуының көтерілуі.
Интоксикацилық синдром: Бас ауру, әлсіздік, тахипноэ.
Диагностика:
Лабораторлық зерттеулер: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, таяқшаядроның ығысуы;
Қоздырғышты және антибиотик сезімталдығын анықтауға қақырық тапсыру.
Функциональдық зерттеу: креатинин 176,7мкмоль/л жоғары, мочевина 7,0ммоль/л жоғары.
Рентгенография: Өкпе тінінде ошақты инфильтрация.
Емі:
1 Антибактериальды терапия: Пенициллин тәулігіне 3млн. дейін 7/10 күн.
Амоксициллин тәулігіне 2-3гр.
Азитромицин 0,5гр 1-ші тәулікте 1рет, әрі қарай 0,25гр тәулігіне 1рет
4күн бойы.
Рокситромицин 0,15гр тәулігіне 2рет 7/10күн.
2 Дезинтоксикациялық терапия: орташа ауыр және ауыр ағымды пневмонияда: сұйықтық беру,
Гемодез, реополиглюкин.
3 Бронх өткізгіштігін қалпына келтіру үшін: Қақырық түсіргіштер, муколитиктер, бронхолитиктер.
4 Тыныс және қан айналымды қалпына келтіру: Оксигенотерапия, емдік дене шынықтыру.
5 Қабыну инфильтратын жою үшін: кеуде клеткасының массажы.
Созылмалы пиелонефрит. Этиопатогенезі. Клиникасы. Созылмалы пиелонефриттің клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және емі. Диспансеризациясы. Болжамы. Алдын алуы.
Созылмалы пиелонефрит- астауша тостағанша жүйесі және аралық тіннің зақымдануымен жүретін бейспецификалық қабыну процесс.
Этиопатогенез: пиелонефрит қоздырғышы: ішек таяқшасы, энтерекокк, протей, стафилококк, стрептококк. Аралас флоралар 68% жағдайда кездеседі, ішек таяқшасы 25%, коккты флоралар 6% жағдайда.
Бүйрекке енетін инфекция қоздырғышының алғашқы ошақтары болып кез-келген іріңді – қабыну процесі (тіс жегісі, пневмония, фурункулез, мастит, холецистит, остеомиелит, несеп-жыныс жүйесі мүшелеріндегі қабыну ошақтары және басқалары) табылады.
Инфекцияның бүйрекке енетін төмендегідей жолдары болады: гематогендік, несеп ағар қабырғасы бойымен және қуық-несепағар рефлюксі болған жағдайда несепағар қуысы арқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |