Митральді стеноз болжамы Митральді стеноз ревматизм қайталану салдарынан дамуға бейім. Көптеген науқастар жүрек астмасынан, жүрек жеткіліксіздігінен өледі.Хирургиялық ем болжамды жақсартады, бірақ өте жақсы жасалған операциядан кейінде рестеноз дамуы мүмкін.
Еңбекке жарамдылық Митральді стенозбен ауыратын науқасқа физикалық және эмоционалдық күш түсетін жұмыстарға тиым салынады. Асқыну болса , еңбекке жарамсыз болып саналады.
Профилактика Профилактика ревматизмге және стрептококкті инфекцияға қарсы жүргізіледі.Барлық науқастар жүйелі түрде емханада кардиоревматологиялық кабинетте есепте тұрады.
Гипертониялық ауру және симптоматикалық артериальды гипертензия. Этиопатогенезі. Жіктелісі. Клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және емі. Ажырату диагностикасы. Диспансеризация. Дәрігерлік-еңбек сараптамасының сұрақтары. Алдын алуы. Болжамы.
Жүректің ишемия ауруы (ЖИА)– коронарлы артериялардағы патологиялық процесстер нәтижесінде миокардқа қан жеткізілуінің азаюына немесе толық тоқтауына байланысты жүректің жедел немесе созылмалы зақымдануы.
Тұрақты (стабильды) күш түсу стенокардиясы-миокардтың оттегіге қажеттілігі мен коронарлы артериялардың оттегі жеткізілуі арасындағы сәйкессіздік нәтижесінде туындайды. Түскен күш деңгейіне қарай функциональдық кластарға (ФК) бөлуге мүмкіндік береді (Канаданың жүрек-тамыр қоғамы, 1976 ж;). ФК белгілері
I
Науқас адам әдетте түсетін күшті жақсы көтереді. Стенокардия ұстамасы шамадан тыс күш түскенде байқалады. Стандартталған велоэргометриялық сынамаға төзімділік (толеранттылық) жоғары: меңгерілген күш қуаты (W) 750 кгм/мин. (125 Вт) төмен емес. Оттегіне қажеттілікті көрсететін қос көбейтінді (ҚК) 278 кем емес. (ҚК = ЖЖЖ х АҚҚ сист./100).
II
Дене қызметінің (түсетін күштің) аздап шектелуі байқалады. Стенокардия ұстамасы тегіс жермен 500 м артық жүргенде немесе бір қабаттан артық биіктікке көтерілгенде пайда болады. Стенокардия ұстамасының пайда болу ықтималдығы салқын ауада, желге қарсы жүргенде, эмоцияның көтеріңкі кезінде немесе ұйқыдан оянғанның алғашқы сағаттарында арта түседі. W = 450-600 кгм/мин. (75-100 Вт); ҚК = 216-277.
III
Әдеттегі дене қызметінің анағұрлым шектелуі. Стенокардия ұстамасы қалыпты жылдамдықпен тегіс жермен 100-500 м жүргенде, бір қабат биіктікке көтерілгенде пайда болады. W = 300 кгм/мин; ҚК = 157-215.
IV
Стенокардия денеге шамалы күш түскенде, тегіс жермен жүргенде 100 м аз қашықтықта пайда болады. Стенокардия ұстамасы тыныш күйде де болады.