Созылмалы пиелонефрит



бет2/4
Дата18.10.2022
өлшемі21,58 Kb.
#153513
1   2   3   4
Байланысты:
Созылмалы пиелонефрит реферат
қазақ тілі нед тап, 9 Лекция-презентация (1), «Иррационал те деулер мен те сіздіктер», 1тапсырма, элект Жұман М, Гаухар Презентация, Тема 6, Тапсырма 3, 3тапсырма, 4 тапсырма, Новый практический курс китайского языка. Учебник. Часть 1 ( PDFDrive ), 14 лекция, срсп 12.03, Гүлдана дүниетану, лекция 4

Көп танылған белгілері


Нәзік жандыларда, жергілікті белгілер әлдеқайда айқын болады. Науқастар қақсайтын немесе солқылдаған ауырсынуды байқайды. Мұндай сезім қайталана береді және физикалық белсенділікпен ешқандай байланысы жоқ. Көбінесе бұл ауру тыныштық кезінде артады.
Белгілер екі топқа бөлінеді : ерте және кеш.
Ерте белгілері бүйрек функциясының бұзылуына байланысты емес. Бұл кезеңде науқастар жедел шаршау, ағзадағы әлсіздік, тәбеттің жоғалуы мүмкін. Әдеттегі жүктемелер әлдеқайда нашар қабылданады, көбінесе дене температурасы мен қан қысымы жоғарылайды.

Пиелонефриттің алдын алу


Бүйрек және несеп шығару жолдары ауруларының алғашқы алдын алу ағзаға суық тигізбеу, дымқыл жерде болмау, ошақты жұқпаны жою, бүйрекке жағымсыз әсер ететін заттармен қатыспау, физиологиялық жағдайды күшейту, иммун жүйесін нығайту, салауатты өмір салтын сақтау. Ағзаның иммундық қызметін көтерудің маңызы зор. Осы мақсатта дәрумендерді қолдану.
Екіншілік алдын алу – қауіпті мәнбірлерді жою және аурудың рецидивін болдырмау. Бүйрек ауруларының ішінде жиі кездесетін түрі – созылмалы пиелонефрит. Пиелонефриттің жиі қозуында ауруды алдын алу мақсатымен ай сайын антибактериалды ем жүргізеді. Пиелонефриттің антибактериалды емі этиотропты болуы керек, оыны біле отыра табылған қоздырғыштың антибиотикке сезімталдығын анықтаған жөн. Осыған орай пиелонефритке арналған материал микробиологиялық зерттеу әрқашанда қолайлы және лабораториялардың дұрыс ұйымдастырылуымен басты қоздырғышты бөліп алуға болады, антибиотектерді емнің бастапқы кезінде пайдаланған дұрыс. Микробиологиялық зерттеудің қорытындыларын алғаннан кейін ем қайта өзгеруі мүмкін.
Антибактериалды препараттарды таңдағанда антимикроб белсенді және сезімталдығы белгілі пиелонефрит қоздырғышына бағытталуы тиіс. Пиелонефритті емдеуде антибактериалды препараттардың әсері фармакоэпидемиоогиялық зерттеумен анықталынады. Бірақ пиелонефритте қолданылатын антибактериалды препараттардан сақ болған жөн. Қазіргі кезде нақты антибактериалды препараттардың емдік қасиеті пиелонефритке дұрыс нәтиже беретіні толық анықталмаған. Сонымен бірге антибиотиктерді алдын алу үшін жиі қолданғанда ол микроорганизмдердің тұрақтылығын тудырады. Көбірек сенім ақтайтын дәрі-дәрмексіз жүргізілетін пиелонефритке қарсы шаралар. Соның бірі – күнделікті су режимін қолдану (тәулігіне 1,2-1,5 литр), бірақ жүрек ауруларында абайлау керек. Ауырсыну синдромында түйілуді басатын жансыздандыру дәрілер, стероидтық емес қабынуға қарсы препараттар және ректалды балауыздар қолданылады. Алдын алу ретінде фитотерапия кең жүргізіледі, оның нақты көмегі тиетінінің дәлелі жоқ, бірақ оған жақсы ниетпен қарауымыз керек, өйткені зәр шығуына жақсы әсері бар және ешқандай қарсы жағымсыз көріністері байқалмайды. Фитотерапия таңдағанда шөп өсімдік дәрілердің әсерін белгілейміз: зәр айдайтын әсерін , қабынуға қарсы әсерін және антисептикалық әсерін.
Үшіншілік алдын алу шаралары жағдайына байланысты : санаторлық-курорттық ем қолдану, жылы физиоемін жүргізу. Созылмалы пиелонефритте, гломерулонефритте науқастар урологқа, терапевтке және стоматологқа жылына 2-4 рет қаралады. Пациенттерден анамнез жинап шағымдарын, жағдайын анықтайды. Қан қысымын өлшейдә, зәрді жалпы анализге,бак.өсімдікке, Нечипоренко және Зимницкий сынамаларына тексереді. Қанда мочевина және креатинн мөлшерлерін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет