Көл дегеніміз - құрлықтағы табиғи ойпаңдарға жинақталған су. Көл орналасқан ойпаңдар көл қазаншұңқырлары деп аталады. Олар әр түрлі жолдармен түзіледі: тектоникалық көлдер (Байкал, Ладога, ұлы көлдер), жанартаулы көлдер (Камчатка көлдері), мұздық көлдер (Ильмен, Селигер), тауда тоғандық көлдер (Памирде Саргес келі), ескіден қалып қойған қалдық көлдер (Каспий, Арал).
Көлді шөп басып, астыңғы қабаты су өткізбейтін жыныстардан құралған жерлерде жауын-шашынның қатты жаууынан батпақ пайда болады. Ол ойпат жерлердегі батпақ және үстірттік батпақ; болып екіге бөлінеді. Батпақ өзен және жауын-шашын суларымен қоректенеді. Батпақтар Белоруссияда, Батыс Сібірде көп болады.
Мұздьқ дегеніміз - құрлықтағы тұщы мұздың жиынтығы. Ол материктік және тау мұздықтары болып екіге бөлінеді. Антарктида, Гренландия және Арктиканың кейбір аралдарын материктік мұздықтар жауып жатыр. Гренландиядағы мұздың қалыңдығы 2000 метрге дейін барады.
Каналдар дегеніміз - жасанды өзендер. Адамдардың қолынан жасалған арнаға өзен немесе көл суы толтырылады. Мысалы, Кушум каналы, Қарақұм каналы.
Бөгендер дегеніміз - жасанды су қоймалары. Су ағымын реттейтін - бөгеттер. Плотина тұрғызу арқылы бөгендердің көпшілігін өзендердің аңғарларына жасайды. Мұның халықты, өнеркәсіп орындарын, ауыл шаруашылығын сумен біркелкі қамтамасыз ету үшін, ГЭС-тердің жұмыс істеуі және су транспорты үшін маңызы бар.
Көл
Мұздық
Бөген
Канал
Сұрақ-жауап
1)Канал дегеніміз не ?
2)Бөген деген не?
3)Тектоникалық көл?
4)Ескіден қалған ескі көлдер?
5)Өлі теңіз тұздылығы?
6)Промилле деген не?
Табиғаттағы су айналымы .Суды қорғау
Судың тағы бір кереметі - оның су қабаты, ауа қабаты және құрлық қабаты арасында тынымсыз айналыста жүретіндігі.Күн сәулесінің әсерінен мұхиттар мен теңіздер бетінен жылма-жыл 450 мың км3 мөлшерінде су буланады. Судың буы ауа мен жер ағыстарынан шартарапқа таралады да, қоюлана келе бұлтқа айналып, одан жерге жаңбыр және қар болып жауады. Жауған сулар өзен арқылы дүниежүзілік мұхитқа құйылады, біразы топыраққа сіңіп, қалғаны су буы болып ұшып кетеді. Жер шарында үздіксіз су айналымы болып тұрады.Адам суды өз қажетіне және өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы үшін пайдаланады. Суға құйылатын ластаушы заттар көп. Олар: өнеркәсіптің, шахтаның, кен орындарының, мұнай өнеркәсібінің, су, теміржол және автомобиль көліктерінің, т.б. жуындылары. Жуындылар арқылы суға тірі ағзалар, қатты, сұйық, еріген газ күйіндегі қалдықтар барады. Олардан судағы ұсақ ағзалар, өсімдіктер, балықтар қырылады немесе суға ауру таралады. Шаруашылыққа орны толмас аса үлкен зиян келеді. Таза, тұщы суды үнемдеп пайдалану керек, ластанған суды өзендер мен көлдерге құймастан бұрын жақсылап тазарту қажет. Ластанған суды тазарту үшін арнайы тазарту қондырғылары болу қажет.