Специальность: «6B07117 Химическая технология органических веществ»


Мұнайды атмосфералық және атмосфера-вакуумды айдау қондырғысының технологиялық сызба нұсқасы. Мазутты вакуумды айдаудың технологиялық сызба нұсқасы



бет6/9
Дата16.12.2021
өлшемі120,24 Kb.
#101643
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Реферат 777

2. Мұнайды атмосфералық және атмосфера-вакуумды айдау қондырғысының технологиялық сызба нұсқасы. Мазутты вакуумды айдаудың технологиялық сызба нұсқасы
ЭЛОУ қондырғысында тұзсыздандырылған және сусыздандырылған мұнай қосымша жылуалмастырғышта қызыдырылып, жартылай бензиннен тазартылатын колоннаға келір түседі (1) колоннаның жоғарғы жағынан бөлінетін газ және жеңіл бензин ауалы және сулы аппараттарда салқындатылып, суландыру ыдысына келіп түседі. Конденсаттың жартысы (1) колоннаның жоғарғы жағына қайта жіберіледі. Бензині бөлінген мұнай (1) колонаның төменгі жағы арқылы құбырлы пешке жіберіледі.

Құбырлы пеште қажетті температураға дейін қыздырылып, атмосфералық колоннаға (2) келіп түседі. Бензинсіздендірілген мұнайдың жарты бөлігі (1) колоннаның төменгі жағына астық ағын ретінде жүргізіледі. (2) колоннаның жоғарғы бөлігінен ауыр бензин, (3) буландырғыш колонна арқылы отындық фракциялар 180-220С, 220-280С, 280-350С фракциялары алынады.

Атмосфералық колоннаның төменгі жағынан бөлінген мазут вакуумдық айдауға жіберіледі. Буландырғыш және атмосфералық колоннаның төменгі жағынан қыздырылған бу жеңіл фракцияларды буландыру мақсатында жіберіледі.

Мұнай құрамында атмосфералық қысымда қайнау температурасы 400-500 және одан жоғары көмірсутектер болады. Көмірсутектердің термиялық тұрақтылығы 380-4000 С дейін сақталады.

Бұдан жоғары температурада көмірсутектердің крекингі жүреді.Мұнайды атмосфералық айдау және мазутты вакумдық айдаудың мақсатты бағыты мұнайды фракцияға бөлу. Алынған фракциялар ары қарай өңдеуге немесе тауарлы өнім ретінде қолданылады. Бұл процестер атмосфералық құбырлы (АТ), вакуумды құбырлы (ВҚ) немесе атмосфералы-вакуумды құбырлы қондырғыларда жүргізіледі.

6-Сурет. Мұнайды атмосфералық айдау блогінің приниципиалдық технологиялық сызба-нұсқасы: 1-бензинсіздендіру колоннасы; 2-атмосфералық колонна; 3-буландырушы колонна; 4-атмосфералық пеш;
Атмосфералық құбырлы қондырғысында бензин, керосин, дизель фракциялары және мазут алынады.

Айдау – бастапқы қоспа және бір-бірінен қайнау температурасы бойынша ерекшеленетін мұнай және газды фракцияларға бөлетін физикалық процесс.


7-Сурет. Мазутты вакуумдық айдау блогініңпринципиалды сызба-нұсқасы

Мұндағы:1-вакуумдық колонна; 2 – вакуумдық пеш; 3 –булыэжекторлы вакуумдық насос
Мазутты төмендеу қысымда- 10-40 мм с.б.-нан төмен қысымда атмосфералық вакуумдық қондырғының вакуумды блогында жүргізеді.Атмосфералы қысымда мазутты айдау тиімсіз,өйткені мазуттың қайнау температурасы 400-450 С-тан жоғары және бұл жағдайда оның газдар мен кокс түзілу процесі жүреді.Төмен қысымда сұйықтықтың қайнау температурасы төмендейтін болғандықтан мазутты вакуумда айдайды.АҚ блогінің атмосфералық колоннасының төменгі жағынан алынған мазут паралельді ағын түрінде (2) пештен вакуумдық колоннағн жіберіледі. Мүнайлы, су буларының және газ қоспасы вакуумдық колоннаның жоғарғы жағынан вакуум жасайтын жүйеге келіп түседі. Конденсатор-тоңазытқышта конденсатцияланып, салқындатылып, газды сеператорда газды және сұйық фазаға бөлінеді. Газдар үшсатылы булыэжекторлы вакуумдық насос арқылы сорып алынады. Конденсаттар мұнай өнімін сулы конденсаттан бөліп алу үшін тұндырғышқа жіберіледі.Атмосфералық және вакуумдық құбырлар бір-біріне тәуелсіз немесе бір қондырғының ішінде комбинирленген түрде болады. Вакуумдық дистиялляттардың таза бөлінуіне қол жеткізу үшін ректификациялық тарелка санын арттыру қажет. Алайда тарелка санын арттыру колоннадағы вакуум төмендетіп, температураны арттырып, алынатын дистиллят сапасын нашарлатады. Мазутты вакумдық өңдеу нәтижесінде вакуумды газоиль(каталитикалық крекингтің және гидрокрекингтің шикізаты) немесе май фракциялары(селективті тазалау,депарафиндеу жәнегидротазалау шикізаттары), және қалдық ретінде – гудрон(деасфальттау,висбрекинг қондырғыларының және битум өндірісінің шикізаты) түзіледі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет