Специальность: «6B07117 Химическая технология органических веществ»


Мұнайды атмосфералық айдау қондырғылары



бет5/9
Дата16.12.2021
өлшемі120,24 Kb.
#101643
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Реферат 777

2. Мұнайды атмосфералық айдау қондырғылары
Қазіргі заманғы атомосфералық қондырғыларда және комбинирленген қондырғыларының атмосфералық секцияларында мұнайды айдау әр түрлі әдістермен жүргізіледі.

Олардың ішінде негізгілері:

бір ректификациялық мұнарада бір рет буландыру;

бір-бірінен кейін орналасқан екі мұнарада екі рет буландыру;

алдын ала буландыру мұнарасында немесе эвапораторда жеңіл фракцияларды алдын ала буландыруымен жүретін айдау.

Бір рет буландыру сұлбасы бойынша мұнайды айдау. Тұссыздандырылмаған шикі мұнайды бір рет буландыру сұлбасы бойынша айдау келесі арқылы жүргізіледі (сур 3.).Жылуалмастырғышта (2) ыстық ағынымен қыздырылған шикі мұнай электродегидраторға (3) өтеді. Ол жерден тұссыздандаралған мұнай насоспен жылуалмастырғыш (4) арқылы (5) пешке жіберіледі және одан кейін ректификациялық мұнараға (6) өтеді, ол жерде оны бір рет буландыру операциясы жүргізіліп, қажетті фракцияларға бөлінуі байқалады. Тұссыздандырылған мұнай жағдайында қондырғылар сұлбасында электродегидраторлар болмайды.



3-Сурет. Бір рет буландыру сұлбасы бойынша мұнайды айдау:

1-шикізатнасосы; 2, 4- жылуалмастырғыштар; 3- электродегидратор; 5-пеш; 6-ректификациялық мұнара;
Мұнайдың құрамында жоғары мөлшерде еріген газдар мен төмен қайнайтын фракциялар кездесетін жағдайда, мұнайды алдын ала буландыруссыз бір рет буландыру сұлбасы бойынша айдау қыйнға түседі, себебі насоспен пешкке дейін орналасқан аппараттарда жоғары қысым пайда болады.  Сонымен бірге пеш пен ректификациялық мұнараға көп күш түседі.

Құрамында газ мөлшері көп болатын күкіртті мұнайларды өңдеу масштабттары өсуіне байланысты мұнайды айдау сұлбаларының ішінде кең таралған әдістерінің бірі – екі ректификациялық мұнарада екі рет буландыру сұлбасы 3.4-сур. көрсетілген.

Екі рет буландыру сұлбасы бойынша мұнайды айдау. Шикі мұнай насоспен (1) алынады және жылуалмастырғыш арқылы (2) суссыздандыру үшін электродегидраторға (3) жіберіледі.Тұндырылған және қыздырылған мұнай жылуалмастырғыш (4) арқылы, бірінші ректификациялық мұнараға (5) жіберіледі, оның үстінгі қабатынан бензиннің жеңіл қ.б. — 85 °С алынады. Бірінші мұнараның қалдығы (5) — жартылай бензинсіздірілген мұнай — насоспен (6) құбырлы  пеш (7) арқылы негізгі ректификациялық (8) жіберіледі, ол жерде қалған барлық қажетті фракциялар – ақшыл мұнай өнімдерінің компоненттері және қалдық мазут алынады.Пеште қыздырлған мұнайдың жартысы бірінші мұнараға қайтарылады (ыстық ағын)

4-Сурет. Екі рет буландыру сұлбасы бойынша мұнайды айдау:

1- шикізат насосы; 2, 4 - жылуалмастырғыштар; 3 - электродегидратор; 5-біріншіректификаицялық мұнара; 6-насос; 7-пеш;

8 – негізгі ректификаицялық мұнара;
Бұл сұлба бойынша жеңіл қайнайтын бензин компонентері мен газдарға бай мұнайлары өңделеді. Сонымен бірге газдар бірінші мұнараның үстіңгі қабатынан бензиннің жеңіл буларымен ілесіп кетеді. Мұнай құрамынан бензинді компоненттердің жарты бөлігін алдын ала бөліп алғандықтан пеш змеевигінде қысымның жоғарлауына жол бермейді.Бір рет буландыру сұлбасымен салыстырғанда, бұл сұлба бойынша жеңіл қайнатын және ауыр фракцияларды жеке бөліп алуына байланысты пешті қыздыру үшін жоғарылау температура қажет.Алдын ала суссызданырылған және тұссыздандырылған мұнай (1) насоспен алынады және (2) жылуалмастырғышта ыстық ағындар көмегімен қыздырылғаннан кейін (3) бірінші ректификациялық мұнараға жіберіледі (табақша саны 28). Газдар мен бензиннің жеңіл булары мұнараның үстінгі қабатынан шығарылып, (4) конденсатор-салқындатқышққа жіберіледі. Жартылай бензинсіздірілген мұнай (3) мұнараның астыңғы қабатынан (5) насоспен (6) пешке жіберіледі, ол жерде 350°С дейін қыздырылған бетте (7) негізгі (7) ректификациялық мұнараға (табақша саны 40) жіберіледі. Жартылай бензинсіздірілген қыздырылған мұнайдың жарты мөлшері (6) пештен ыстық ағыны ретінде бірінші ректификаицялық мұнараға (3) жылудың қосымша мөлшерін алу үшін қолданылады.

5-Сурет. Өндірістік АВҚ қондырғысының мұнайды екі рет буландыру сұлбасы:

1- шикізат насосы; 2-шикізат қыздыру үшін арналған жылуалмастырғыш; 3-бірінші ректификаицялық мұнара; 4-конденсатор-салқындатқыш; 5-жартылай бензинсіздірілген мұнай насосы; 5-пеш; 7-негзгі ректификациялық мұнара; 8- кептіру мұнаралары; 9-жылуалмастырғыштар; 10- салқындатықштар
Мұнара (7) үш секциялы кептіру мұанарсымен (8) жабдықталған. Мұнараларда қысым мәні әр түрлі келеді.К-1-де бу фазасында қ.б. — 62 °С немесе қ.б. — 85 °С, жеңіл (басты) бензин фракциясы, ал К-2 — 62°С немесе 85°С жоғары температурада қайнайтын ауыр бензин фракциясы  алынады, сондықтан К-1 қысым (0,15—0,20 МПа) К-2-ден жоғары (0,4—0,5 МПа) келеді. Бұл жағдай конденсациядан кейін фракцияларды 30-35°С сұйық күйде сақтап қалу қажеттілігімен анықталады. Бірақ жеңілдеу фракцияларының конденсациясы қыйындайды. Оларды толық конденсациялау үшін ауамен суытқаннан кейін қосымша сумен суыту қажет. Бұл кезде жеңіл бензин фракцияларын толық конденсациялауға қол жеткізуге болады.Бұл физикалық зандылықтар бензинді тұрақтандыру мұнараларында және газды фракциялауыш қондырғыларда сақталады.Мұнайды біріншілік өңдеу дегеніміз, мұнайды табиғи құрамын өзгертпей фракцияларға дистилляциямен бөлуді айтады. Біріншілік өңдеу мұнайдың құрамындағы қосылыстардың құрылысымен химиялық табиғатына әсер етпейтін физикалық процестер болып табылады. Біріншілік процестердің ішінде маңыздысы мұнайды тура айдау. Айдау,мұнайды фракцияларға бөлудің ең алғашқы әдісінің бірі. Айдау — қоспаларды қыздырып бөлу процесі мен әдісі; ол сұйықтық құрамының одан түзілетін бу құрамынан айырмашылығына негізделген сұйық; сұйықтықты ауа қатыстырмай қыздырып, буға айналдырып, буды салқындатып қайтадан сұйылту; қоспадағы сұйықтықтарды бір-бірінен бөлу үшін қолданылады.

Атмосфералық айдау-атмосфералық қысымда айдау;

Бөлектейайдау-дистиллятты бөлеотырып, жайайдау;

Бөлшектепайдау-дистиллятты бөліпжайайдау;

Вакуумдықайдау-төмен қысымда айдау;

Жайайдау-бірретөткізілетінайдау;

Мұнайды жай айдау- оны бір немесе көпдәрежеде буландыра отырып,бу фазалы конденсация түзілуімен жүретін процесс.Мұнайды біріншілік өңдеу қондырғылары трубалық деп аталады. Егер қондырғы ашық түсті дистиляттарды алуға негізделген болса(бензин,керосин,дизель т.б), оны атмосферлі трубалық қондырғы(АТ) д.а. егер қондырғы тек мазутты вакуумде айдауға негізделсе, оны вакуумды трубалық(ВТ) қондырғысы д.а. жалпы жағдайда қоедырғы толық, терең айдауға негізделген болса, оны атмосферлі вакуумды трубалы (АВТ) қонд.д.а. бұл қондырғыны мұнайды терең тұзсыздандыру блогымен комбинирленгендегі қондырғыны ЭЛОУ АВТ деп атайды.Мұнайды біріншілік өңдеу, жылулық процесс, сондықтан ол энергоресурстардың жұмсалуымен байланысты болады (отын, су, суытатын ауа,электр энергия,су буы).Энергия жұмсалу АВТ үшін(6млн т /жыл қуатты). Қазіргі АВТ қонд.қуаттылығы 0.5 тен 10 млн т/ж болады. Мұнайдың азаюына байл.қуаттылығы төмендеу қонд.АВТ қайта іске қосылмақ. Егер барлық энергия тасымалдағыштарды отынның эквивалентіне алмастырсақ, бір тонна мұнайды біріншілік өңдеу үшін 50-60 кг отын, мұнайдың жану жылуына жақын жану жылуы бар,отын жұмсалады.

Қазіргі кезде МӨЗ да АВТ қондырғысы техникалық тізбектің негізі б.т. Ол зауыттың қуаттылығын анықтайды. АВТ дан бөлінетін мұнай дистилляттарының жалпы саны жетіден он аралығы. Біріншілік айдау қондырғылары шығынды,температураны, қысымды және аппараттар мен құбырлар желісіндегі өнімдер деңгейін өлшеуге және автоматты реттеуге арналған жабдықтармен көп мөлшерде жабдықталған. Біріншілік айдау қондырғ.қалыпты пайд.көп жағдайларда пештер жұмысына байланысты болады. Құбырлы пештің негізгі реттелетін параметрі пештен шыға берістегі қыздырылатын өнім температурасы. Бұл температураны тұрақты ұстап тұру қажет. МӨЗ да құбырлы пештердің температуралық режиміне байл.реттеу схемалары қолданылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет