1.2 Мұнайды біріншілік айдау процесінің өнімдері
Мұнайдың құрамына, оны өңдеу нұсқасына және отынды мен майлы фракцияларға қойылатын ерекшелі талаптарға сай мұнайды біріншілік айдау қондырғыларының өнім құрамдары әр түрлі келеді.
Мұнайды бірінілік өңдеу кезінде түзілетін негізгі өнімдер:
Бензинді қ.б. — 140 (180) °С;
керосинді 140 (180)—240 °С;
дизельді 240—350 °С;
вакуум дистилляты (газойль) 350—490 °С (500 °С);
вакуумдық майлы фракциялар 350-400, 400-450 и 450-500 °С;
Отынды және майлды фракциялардың шығымы бірінші кезеңде мұнай құрамынан, яғни мұнайдағы мақсатты фракциялардың потенциалды мөлшерінен тәуелді.Көмірсутекті газ негізінен пропан мен бутаннан тұрады. Пропан-бутанды фракция жекеленген көмірсутектерді бөліп алу үшін газ фракциялаушы қондырғыларда шикізат ретінде және тұрмыстық отын алу үшін қолданады. Технологиялық режимге және аппаратураға байланысты пропан-бутанды фракция сұытылған немесе газ күйінде алынады.Бензин фракция б.қ. - 180 °С бензиндерді екіншілік айдау (екіншілік ректификация) қондырғыларында шикізат ретінде қолданылады.Керосинді фракция 120-240 °С тазарту және асылданыдрудан кейін реактивті отын ретніде , ал 150-300 °С фракциясы - жарықтандыру керосині немесе дизельді отын компоненті ретінде қолданады.Дизельді отын фракциясы180-350 °С тазарту дан кейін дизельді отын ретінде қолданылады; 180-240 жеңіл (қысқы) және 240-350 ауыр (жазғы) дизельді отындардың компоненттерін алу мүмкін.Парафинді мұнайлардың 200-220 °С фракциясы – синтетикалық жуғыш заттарды алу негізін құрайтын - сұйық парафиндер өндірісінде қолданылады.Атмосфералық газойль 330-360 °С – отынды нұсқа бойынша жұмыс істейтін АВҚ қондырғыларында алынатын қарайған өнім; вакуум газойлімен бірге каталитикалық крекинг қондырғысының шикізаты ретінде қолданылады.Мазут — мұнайды біріншілік айдау қондырғысының қалдығы; жеңілденген мазут (> 330 °С) қазандық отын ретінде қолданылуы мүмкін, ауырлаған мазут (> 360 °С) – майлы фракцияларға дейін әрі қарай өңдеу процесінің шикізаты. Қазіргі кезде мазут каталитикалық крекинг пен гидрокрекинг процесінің шикізаты ретінде қолданады.Кең майлы фракция (вакуумды газойль) 350-500° немесе 350- 550 °С каталитикалық крекинг пен гидрокрекинг процесінің шикізаты ретінде қолданады.Тар майлы фракциялар 350—400, 400—450 және 450—500 °С күкіртті қосылыстардан, полициклды ароматты және нормальды парафинді көмірсутектерден тазартылғаннан кейін жағар майлар өнідірісінде қолданылады.Гудрон — мазутты вакуумдық айдау қалдығы — қалдықты майлар, кокс, битум, сонымен қатар висбрекинг қондырғыларында тұтқырлығын азайту жолымен қазандық отындарды алу мақсатында әрі қарай өңдеуге ұшыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |