Теориялық мәнділігі ағылшын және қазақ тілдеріндегі мұнай шығару, қайта өңдеу саласындағы мәселелерді шешу үшін зерттеуде ғылыми субконтинуумдарды бекіту, оларды қайта таныстыру, экстралингвистикалық, лингвистикалық әсер ету қортындысы бойынша олардың семантикалық, функционалдық ерекшеліктерін атап көрсету.
Жұмыс нәтижелерінің практикалық қолданысы зерттеудің нәтижелерін терминтану мен лексикологиядан дәріс оқығанда мәдениетаралық қарым-қатынас курстарында, терминологиялық сөздіктер жасағанда қолдануға болады.
Диссертацияның бірінші бөлімінде «Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мұнай-газ терминдерінің қалыптасуы және құрылымдық ұйымы» салыстырып отырған тілдердегі мұнай-газ саласындағы термин ұғымын түсіну үшін әртүрлі әдіс-амалдарды жинақтап, қорытып, теориялық зерттеу негізін баяндап айту қамтылған. Терминдерді салыстырмалы талдау әртүрлі тілдік деңгейде жүзеге асады.
Салыстырмалы талдау терминтануда көптеген теориялық мәселелерді шешуге, зерттеліп отырған деңгейлердегі мәселелерді көтеруге,сонымен қатар қолданбалы міндет, мақсаттарды сұрыптау, терминдерді унификациялауға болатындығын көрсетеді.
Қарастырылып отырған ағылшын және қазақ тілдеріндегі термин жүйесіндегі терминдердің құрылымдық, логикалық, семантикалық қасиеттерін және ортақ лексико-тематикалық топтамасын көруге болады.
Термин жүйесінің біртұтас ұстанымының қалыптасуы көрсетілген тілдердегі халықаралық терминдердің арқасында жүзеге асады.
Зерттеу барысында төмендегідей терминдік жүйелер анықталды «мұнай шығару», «мұнайхимия», «мұнай өңдеу өндірісі», «газ шығару», «жобалау».
Екінші бөлімде «Мұнай газ саласындағы терминдердің пайда болу әдістері» терминдердің пайда болу әдістері қарастырылған: синтаксистік (терминологиялық сөз тіркестер), лексикалық (ағылшын тілінен кірме терминдер, калькалардың пайда болуы), морфологиялық (терминдер аффикстер арқылы пайда болуы), семантикалық (қазақ тіліндегі бар сөздің ағылшын тіліндегі когнитивті түбірі).
Қортындыда типологиялық және генетикалық жағынан әртүрлі ағылшын және қазақ материалдарындағы мұнай-газ терминдерін терең зерттеу арқасындағы қортындыны көруімізге болады. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі терминдер біртекті емес, олардың мағынасы екітүрлі категорияға бөлінеді: әруақытта белгілі бір мағынадағы ғылыми терминология; номеклатуралы мағынаға ие кәсіби терминдер.
Достарыңызбен бөлісу: |