Спорт пен саясаттың арасы неше елі?



бет2/2
Дата28.01.2018
өлшемі1,89 Mb.
#34662
1   2


Мен осыны ойлай келе қаламыздағы спорт мамандарымен кеңесіп едім олардан жарытымды ауыз толтырып айтарлық жауап ала алмадым, тек ғаламтор арқылы «СПОРТ ШЕБЕРІ» деген төсбелгіні ғана таптым. Осы белгінің өзі де маған әлі де біздің өз ұлтымызға тән емес, сол кеңес дәуіріндегі : Суворов, Кутузов ордендеріне тән немесе пионер значогінің формасына тән белгілерді елестетіп тұратындай.



1,2,3 дәрежелі спорттық төсбелгілер

көрші Ресей мемлекетінде қабылданып қолданысқа еніп жүр. Демек олар бұл мәселеге үлкен мән беріп отыр, ал біз болсақ ылғи екінші орында жүретініміз қынжылтады.



Ұлы жазушы М. О. Әуезов ағамыздың «Ел боламын десең, бесігіңді түзе деген» асыл сөзі бар. Бұл арада мені дұрыс түсінулеріңізді сұраймын, менің ойымша төсбелгі бір қарағаннан – ақ өзінің қай елден екенін көрсетіп тұруы керек деп ойлаймын. Өйткені қай дүбірлі жарыс болмасын жеңімпазды мадақтаған кезде сол елдің байрағы көтеріледі ғой, елдің байрағына мемлекеттің атын жазбайды, ал төсбелгі сол елдің байрағының әр спортшының кеудесіндегі кішкене бір бөлшегі ғой. Ол әрі қарапайым және ұлттық нақышта көмкеріліп, Қазақстан деген атауды өзінің жасалу ерекшелігімен-ақ білдіріп тұрса. Өйткені спорт дегеніміз бар халыққа тән ортақ дүние ғой. Осының бәрін ойлай келе мен өзім жасаған жобаларымды спорт министрлігіне ұсынып едім, жауап жоқ.

Спорттың да елдің дамуына өзінің қомақты үлесін қосатынын ешкім де жоққа шығара алмас, өйткені дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтары көп елдің болашағы да зор. «Мәңгілік ел» боламыз деп жатырмыз, отыз дамыған елдің қатарына кіруге ұмтылып отырмыз. Демек саналы, шыныққан ұрпақ қана сол деңгейден көріне алады, сонда ғана біз мәңгілік ел бола аламыз. Біле білсек, спорттың өзі үлкен саясат. Осы айтқаныммен келісесіздер ме, құрметті алаш жұрты?!



Ерлан Әмірбеков,

Семей қаласы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет