Байланысты: Адам құрылымының биомеханикалық ерекшеліктері
Дененің механикалық қозғалыстарын сипаттау. Адам денесінің биомеханикасын зерттеу, механика заңына бағынатын күш әсері, күш орталығы, тірек ауданы, дененің тұрақтылығы, дененің тепе-теңдігін сақтау дененің қимыл әрекеттерімен қатар дененің ауырлық ценртін және меншікті салмағын анықтаудан басталады.
Адам денесі әр түрлі жағдайларда: дененің белгілі күйде қозғалмайтын (статистикалық) және қозғалатын (динамикалық) күйі болады. Адамның тік тұрған, отырған және жатқан күйі-қозғалмайтын, ал жүру, секіру, жүгіру, жүзу т.б.-қозғалатын күі болып табылады.
Енді дененің қозғалмайтын және қозғалатын күйлерін буындардағы қозғалыстар мен оларға қатынасатын бұлшық еттердің қызметіне қарай талдап көрелік. Дене қозғалмайтын күйге өткенде сыртқы негізгі күштер: ауырлық салмақ күші мен тірек ауданының салмақ күші мен тірек ауданының күші теңеледі. Мұндайда теңдік сақтау шартты дене бөліктерінің бір біріне ықшамдалып орналасуына және тірек сауданының қатынасына байланысты болады. Дене бөліктеріндегі біліктердің бірдей жазықтықта жатуына олардың арасында бұрыштар түзіледі де олар бұлшық еттердің жиырылу күші арқылы сақталып қалады. Адамның алуды алуан түрлері дене күйі былай жинақталады. Адам денесінің оң және сол жақтарының күштің бөлініп түсуіне қарай теңдескен (симметриялық) және теңдеспеген (ассиметриялық) күйлерге бөлінеді. Теңдескен күйге (мысалы, тік түрғанда) күш мөлшері дененің оң және сол жақтарына теңесе әсер етеді, яғни олардың қимыл жүйелі мүшелерінің жұмысы да теңдескен болады. Теңдеспеген күйде (мысалы, жұдырықтасуға тұрғанда найзагерлікте және қылыштасуда) адам денесі оң және сол жақтарының күші мөлшерінің шамасына, яғни олардың қимыл мүшелерінің жұмыстары бойынша теңдесе алмайды.
Дене күйі дененің тірек аудандарының жазықтығына байланысты төменгі тіректі (мысалы, гимнастикалық) жалғыз аяқ мінбесі және жоғары тіректі (мысалы, екі қолмен асылып тұрғанда), сондай-ақ аралас тіректі (мысалы, екі қолмен тіреп-салбырап айналатын қабат мінбесі) болып бөлінеді.
Дененің тепе-теңдігі бойынша алғанда дене күйінің тұрақты теңдігі мен шекті теңдіктерін атауға болады.
Сөйтіп қозғалмайтын (статистикалық) жұмыс кезінде денені белгілі бір күйде теңдік сақтап тұруы үшін бұлшық ет жиырылғанда дененің тартылуы мен кедергі күштері теңесіп тұрады. Бұл кезде бұлшық еттің ұзындығы қысқармай, ұзармай, тек құрысады, буындар бекиді. Сонда қозғалмайтын жұмыстың денені тоқтататын (тұтып қалатын), мекемдейтін және бір күйде қалдыратын үш түрлі әсер етеді.
Денені ұстап тоқтату үшін бұлшық еттер өзінің тарту күші арқылы ауырлық күшіне әсер етеді. Мекемдейтін жұмыста ауырлық күш буынға тікелей әсер етіп буынның ажырап кетуінен сақтайды. Денені бір күйде қалдыруда қарама-қарсы (антогенистер) бұлшық еттер бірдей жиырылатын болғандықтан, буын қозғалмайтын болады. Бұл жағдайларды төменде адамның тік (қақайып тұрғандағы) күйін талдағанда толық байқайтын боламыз.
Адамның қимылдап қозғалуы қозғалпайтын күйден қозғалатын күйге ауысқаннан кейін ғана жүзеге асады. Қимыл құрылысына әсер ететін ішкі күштер негізінен тірек-қимыл жүйелі мүшелерінің қызметіне байланысты. Бұл күштер-бұлшықеттердің тартылу, ұлпаның жай кедергісі және ішкі қимыл күштер.
Бұлшықеттің тарту күші адамның барлық қимылдарына тікелей қатысады. Ол күш бұлшықеттің жиырылып тартуы күшіне қарай артады не кемиді. Бұлшықеттің тарту күші жүйке жүйесі арқылы басқарылады. Бұған аяқты тізе буыннан бүгу және жазу кезіндегі бұлшықеттердің әр түрлі топтарының қызметі мысал.
Көп буынды бұлшықеттердің жұмысында кедергі тарту қызметіне керісінше әсер ететін әрекеттер де бар. Мысалы, адам тік тұрғанда, яғни денеге түсетін салмаққа тірек болып тұрған аяқтағы ұршық (жамбас-сан) буынының аяқты жазатын екі буынды бұлшықеттері жиырылған кезде тізені бүгудің орнына оны жазады. Өйткені мұндай жағдайда балтыр бұлшықеті балтыр сүйегінің сырт жағындағы төменгі бөлігіне емес, жоғарғы бөлігіне бекініп жиырылады.
Екпінді күштің әсерінен ішкі қимыл немесе кері әсер ету күші пайда болады.денеде қимыл тізбегі үздіксіз болып тұрады. Бір тізбектегі қатты қимылдың екпінді күші екінші тізбекке бірінен соң бірі беріледі. Спортшы тегерішті айналып барып лақтырған кезде қолды тежеп тоқтататын бұлшықеттер арқылы қимылды кері бағыттайтын ішкі қимыл күші пайда болып, екпінді күштер туындайды.
Адам бұрыннан белгісіз болағн жаңа еңбек қимылын үйрене бастағанда көп күш жұмсауға тура келетіні мәлім. Мұның негізгі себептерін былай түсіндіруге болады.
Адам жаңа пайда болған күрделі қимылдың үйлесімділігіне бірден жаттыға алмайды. Ондай қимылды алғаш үйрене бастаған кезде өте көптеген бұлшықеттер қатынасады. Қимылды біртіндеп шынықтыру арқылы адам күрделі қимылдарды орындауға қажетті бұлшықеттердің жұмыстарын белгілі тәртіпте қалыптастыра бастайды. Осындай шынығу нәтижесінде үйренуге тиісті жаңа қимыл әрекетке айналады (яғни өз өзінен реттелуге бейімделеді) да адам жаңа қимылдарды ойланбай еркін орындайды. Сонымен бірге жаңа қимылдардың оңай орындалуына сана, яғни ми қыртысы қатысып, қимыл үшін өте қажетті бұлшықеттердің қызметін арттырады. Бұл әрекетті велосипедті алғаш үйрену кезіндегі оны үйренуге жұмсаған күш-жігерімізден айқын пайымдай аламыз.
Демек, спорттағы әр түрлі күрделі жаттығуларды үйрену кезінде жоғарыда айтылған жағдайларды ескерту тиімді. Жаңа қимыл жасау үстінде күнделікті талмай жаттығу жасау қажеттігі ескерілу қажет. Жаттығуды көбірек және үздіксіз жасау арқылы адам ми қыртысындағы жүйке жасушаларының арасындағы жаңа байланыстардың тез пайда болуына жағдай жасайды.
Қозғалу заңдылықтары. Қозғалу әрекеті қайталанатын, қайталанбайтын және тұрақсыз қимылдар деп бөлінеді.
Қайталанатын қимыл дене қозғалған кезде бірінен соң бірі ретті түрде қайталанып тұратын кезеңнен құралады. Адам қозғалған кезде бір кездегідей қимыл екінші кезеңде соған ұқсас қимыл кезеңінен қайталанып, біркелкі жағдайда қимыл оңай алмасып тұрады. Бұған жүру, жүгіру, шаңғы тебу, велосипед тебу, сондай-ақ әр түрлі еңбек қимылдары – аралау, ағаш жону, балға ұру, киіз басу, жүн сабау, күбі пісу және т.б. қимылдарды мысал ете аламыз.
Қайталанбайтын қимыл белгілі бір жұмыс орындалған кезде біріне-бірі ұқсамаса да бірінен соң бірі қайталайтын бір қимыл жасайды: мәселен, дене шынықтыру кезінде тас лақтыру, секіру, ал еңбек қимылында жүк көтеру әректтерін бұған мысал етуге болады.
Тұрақсыз қимыл қайталанатын және қайталанбайтын қимылдардың алмасуы нәтижесінде пайда болады. Адам ұзындықтан секіру үшін жүгіру және секіру қимылдарын алмастыра орындайды.
Адамның тірек-қимыл жүйелі мүшелеріндегі тәнтанулық-физиологиялық ерекшеліктері биомеханикалық заңдылықтар тұрғысында талдау адам денесінің бөліктерінің бір-біріне қатысты қалыптасуының сарамандық маңызын ашып көрсетеді.
Енді дене биомеханикасын жүзеге асыратын, яғни буындар мен байламдардан және бұлшықеттердің жәрдемінен болатын әр түрлі қозғалыстарға пысықтау ретінде жалпы шолу жасайық.
Омыртқа жотасының тұлға бөлігіндегі омыртқааралық жазық буындар жәрдемімен денеге еңкею, артқа шалқаю, оңға, солға қисаю және бел арқылы бүкіл тұлғаны айналдыру қозғалысын жасайды. Бұл қозғалыстарды буындар мен бұлшықеттер жүзеге асырады.
Тұлға бас пен мойынның ұзын бұлшықеттері, сатылы бұлшықеттер, құрсақтың тік бұлшықеті, құрсақтың екі бүйір тобының бұлшықеттері, мықын-бел бұлшықеттері жиырылғанда еңкейеді.
Ал тұлғаны трапеция тәрізді бұлшықет және омыртқа жотасының бұлшықеттері жазып, шалқайтады.
Тыныс қозғалысы да көптеген бұлшықеттердің әрекетінен жүзеге асады. Көкет, сыртқы қабыртқа аралық бұлшықет, тіс тәрізді артқы жоғарғы бұлшықет және саты бұлшықеттер дем алуға қатысады, ал құрсақтың тік және сыртқы, ішкі қиғаш бұлшықеттері, құрсақтың көлденең бұлшықеті, көкет және ішкі қабыртқа аралық бұлшықеттер дем шығару қызметін жүзеге асырады.
Құрылысы күрделі элиппс тәрізді қарақұс (атлант-шүйде) буындары басты қозғалтады. Бастың ұзын және тік бұлшықеттері басты алға еңкейтсе, трапеция тәрізді, төс-бұғана-емізік, белбеу тәрізді және мойын омыртқаның бұлшықеттері басты шалқайтуға жәрдемдеседі. Жоғарыда айтылып кеткен басты иетін және жазатын бұлшықеттермен бірге белбеу тәрізді және төс бұғана-емізік бұлшықеттерінің біржақты жырылуы салдарынан басты оңға солға кезек қисайтуға болады.