Спортшылар үшін төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге біліктілік талаптарын бекіту туралы



бет31/53
Дата08.06.2018
өлшемі2,7 Mb.
#41707
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53

ТАЭКВОН-ДО ITF
      Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
      Ересектер арасында (ерлер,әйелдер) әлем чемпионатында 1-3 орын;
      Ересектер арасында (ерлер,әйелдер) әлем кубогінде 1-орын
      Ардагерлер арасында (ерлер,әйелдер) әлем чемпионатында 1-орын;
      Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарында 1-3 орын.
      Қазақстан Республикасының спорт шебері:
      Ересектер арасында (ерлер,әйелдер) Қазақстан Республикасының чемпионатында 1-2 орын;
      Жастар арасында (ерлер,әйелдер) Қазақстан Республикасының чемпионатында 1 орын;
      Ересектер арасында (ерлер,әйелдер) Қазақстан Республикасының кубогінде 1 орын;
      Жастар арасында (ерлер,әйелдер) Қазақстан Республикасының чемпионатында 1 орын.
      Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер
      Ересектер арасында (ерлер,әйелдер) Қазақстан Республикасының чемпионатында 3-6 орын;
      Жастар арасында (ерлер,әйелдер) Қазақстан Республикасының чемпионатында 2-4 орын;
      Ересектер, жастар арасында (ерлер,әйелдер) Қазақстан Республикасының кубогінде 2-3 орын;
      Жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында 1 орын;
      Облыстық және Алматы мен Астана қалаларының чемпионаттарында, турнирлерінде 1 орын.
      Ескертулер: СШҮ атағы республикалық ITF Таэквондо федерациясынан атестатталған 2 гып (қызыл белбеу) сертификаты алынған жағдайда ғана беріледі.
      I спорттық разряд:
      Салмақ дәрежесінде 8 спортшыдан кем қатыспаған облыстық, Алматы мен Астана қалаларының біріншіліктері мен турнирлерінде 1-2 орын.
      Ескертулер: I спорттық разряд атағы республикалық ITF Таэквондо федерациясынан атестатталған 4 гып (көк белбеу) сертификаты алынған жағдайда ғана беріледі.
      II спорттық разряд:
      Жыл бойында кез келген масштабтағы жарыстарда 3-разрядты кем дегенде 10 спортшыны жеңуі керек.
      Ескертулер:
      II спорттық разряд атағы республикалық ITF Таэквондо федерациясынан атестатталған 6 гып (жасыл белбеу) сертификаты алынған жағдайда ғана беріледі.
      III спорттық разряд:
      Жыл бойында кез келген масштабтағы жарыстарда жаңа келген споршыларды 6 рет жеңу.
      Ескертулер:
      III спорттық разряд атағы республикалық ITF Таэквондо федерациясынан атестатталған 8 гып (сары белбеу) сертификаты алынған жағдайда ғана беріледі.
      I жасөспірім спорттық разряд (11-16 жас):
      Салмақ дәрежесінде жасөспірім разрядты 4 спортшыдан кем болмаған облыс, қала біріншіліктерінде 1-орын иеленген.
      II жасөспірім спорттық разряд (11-16 жас):
      Жыл бойында кез келген масштабтағы жарыстарда 3-ші жасөспірім разрядты 6 спортшыны жеңу керек.
      III жасөспірім спорттық разряд (11-16 жас):
      Кез келген масштабтағы жарыстарда 3 реттен кем қатыспаған,жүйелі түрде айналысатын және Таэквон-до ITF базалық техникаларын меңгерген спортшыға беріледі
ЧЕРЛИДИНГ
      Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі  спорт шебері
      Черлидингтің жекелеген номинацияларында әлем чемпионаттарында 1-3 орын;
      Черлидингтің жекелеген номинацияларында Азия ойындарында 1-2 орын;
      Черлидингтің жекелеген номинацияларында Дүниежүзілік Универсиадада, әлем кубогында 1 орын;
      Черлидингтің жекелеген номинацияларында  Азия чемпионаттарында 1 орын;
      «А» дивизионының «В» тобы, «А» тобы
      Тиісті дивизионның және топтардың жалпы  командалық балл саны Қазақстан Республикасының чемпионатында  кемінде 100 балл;
      Черлидингтің міндетті элементтерінен  жеке біліктілік емтиханын тапсыру тиісті күрделілік 80 б.
      Қазақстан Республикасының спорт шебері
      Черлидингтің жекелеген аталымдарында Қазақстан Республикасының чемпионатында  және Қазақстан Республикасының ұлттық чемпионатында 1-2 орын;
      Черлидингтің жекелеген аталымдарында кемінде 6 облыс қатысса, Қазақстан Республикасының Кубогында 1 орын;
      «В» дивизионының «А» тобы
      Тиісті дивизионның және топтардың жалпы  командалық балл саны Қазақстан Республикасының чемпионатында  кемінде 100 балл;
      Черлидингтің міндетті элементтерінен жеке біліктілік емтиханын тапсыру тиісті күрделілік 80 б.
      Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер
      Черлидингтің жекелеген аталымдарында Қазақстан Республикасының чемпионатында және Қазақстан Республикасының ұлттық чемпионатында 3-5 орын;
      Черлидингтің жекелеген аталымдарында кемінде 6 облыс қатысса, Қазақстан Республикасының Кубогында 2-3 орын;
      Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер атағы 13 жасқа толғанда беріледі.
      «В» дивизионының «А» тобы
      Тиісті дивизионның және топтардың жалпы командалық балл саны Қазақстан Республикасының чемпионатында кемінде 90 балл;
      Черлидингтің міндетті элементтерінен жеке біліктілік емтиханын тапсыру тиісті күрделілік 80 б.
      І разряд
      Черлидингтің жекелеген аталымдарында өңірлік және облыстық біріншіліктерде, черлидинг чемпионаттары мен кубоктарында  1-4 орын;
      Ересектердің І разряды 11 жасқа толғаннан бастап беріледі.
      «В» дивизионының  «В» және «А» топтары
      Тиісті дивизионның және топтардың жалпы командалық балл саны Қазақстан Республикасының чемпионатында кемінде 90 балл;
      Черлидингтің міндетті элементтерінен жеке біліктілік емтиханын тапсыру тиісті күрделілік 80 б.
      ІІ разряд
      Черлидингтің жекелеген  аталымдарында өңірлік және облыстық біріншіліктерде, черлидинг чемпионаттары мен кубоктарында 1-5 орын;
      Ересектердің ІІ разряды 11 жасқа толғаннан бастап беріледі.
      «В» дивизионының  «В» және «А» топтары
      Тиісті дивизионның және топтардың жалпы командалық балл саны Қазақстан Республикасының чемпионатында кемінде 90 балл;
      Черлидингтің міндетті элементтерінен жеке біліктілік емтиханын тапсыру тиісті күрделілік 65 б.
      ІІІ разряд
      Черлидингтің жекелеген аталымдарында өңірлік, облыстық және қалалық біріншіліктерде, черлидинг чемпионаттары мен кубоктарында 1-5 орын;
      Ересектердің ІІІ разряды 11 жасқа толғаннан бастап беріледі.
      «В» дивизионының  «В» және «А» топтары
      Тиісті дивизионның және топтардың жалпы командалық балл саны Қазақстан Республикасының чемпионатында кемінде 90 балл;
      Черлидингтің міндетті элементтерінен жеке біліктілік емтиханын тапсыру тиісті күрделіллік 50 б.
      І, ІІ, ІІІ жасөспірімдер разряды
      Черлидингтің жекелеген номинацияларында өңірлік, облыстық және қалалық біріншіліктерде, черлидинг чемпионаттары мен кубоктарында 4-8 орын;
      Разрядтар 6 жасқа толғаннан бастап беріледі.
      «В» дивизионының «В»  тобы
      Тиісті дивизионның және топтардың жалпы командалық балл саны өңірлік және қалалық деңгейдегі чемпионатта кемінде 60 балл;
      Черлидингтің міндетті элементтерінен жеке біліктілік емтиханын тапсыру тиісті күрделілік 50 б.
Жарыстарды топтарға бөлу
      «А» дивизионының «А» тобы Халықаралық ірі жарыстар: Олимпиадалық және Азия ойындары, әлем, Азия, Еуропа  чемпионаттары, Әлем кубогы кезеңдері мен Кубогы.
      «А» дивизионының «В» тобы Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктері, Ұлттық чемпионаттар  мен кубоктар, өңірлік жарыстар мен біріншіліктер
      «В» дивизионының «А» тобы облыстық және қалалық деңгейдегі  біріншіліктер мен жарыстар;
      «В» дивизионының «В» тобы қалалық және аудандық деңгейдегі   біріншіліктер мен жарыстар;
      Топтардан және дивизиондардан ауысу тиісті топтарда және дивизиондағы жарыстарда қатысу кезінде 100-160 балл жинаса жүзеге асырылады.
Разрядтық талаптарды орындау шарттары
      Жасөспірімдер разряды:





Жасөспірімдер разряды:

Спортшының жасы :

Қыздар

3 разряд

6 жастан

2 разряд

с 7 жастан лет

1 разряд

с 8 жастан лет

Ұлдар

3 разряд

7-8 жастан лет

2 разряд

8-9 жастан лет

1 разряд

9-10 жастан лет

      Ересектер разряды:







Ересектер разряды:

Спортшының жасы:

Қыздар

III раз.

8 жастан

II раз.

9 жастан

I раз.

10 жастан

СШҮ

13 жастан

СШ

14 жастан

Жасөспірімдер

III раз.

8 жастан

II раз.

10 жастан

I раз.

  11 жастан

СШҮ

13 жастан

СШ

14 жастан

      Ерсесектер жарыстарына 15 жастағы  жасөспірімдер, 14 жастағы қыздар жіберіледі.


      Ескертпе: Қазақстан Республикасы Черлидинг федерациясының президиумы шешімімен дарынды спортшылар үшін айрықша жағдайда жас саны төмендетілуі мүмкін.
      Жасы толмаған дарынды спортшыларға жаттықтырушылар кеңесі шешімімен және дәрігердің рұқсатымен айрықша жағдайда жасөспірімдер разряды берілуі мүмкін.
      Разрядтарды бекіту: жоғары разрядтағы бағдарламалар бойынша өнер көрсететін черлидерлер және жалпы сомасы ның кемінде 80% жинағандарға төменгі разрядтарын бекіту есептеледі. Спортшылар әр 12 сайын тиісті емтихан тапсыру арқылы өзінің тиісті деңгейдегі біліктілігін растауы (бекітуі) тиіс.
VI – ТАРАУ. ТЕХНИКАЛЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ
АВТОСПОРТ ЖӘНЕ КАРТИНГ
      Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері
      Автокөлік спорт түрлері бойынша әлем чемпионатында 1-3-орын;
      Автокөлік спорт түрлері бойынша әлем кубогында 1-2-орын;
      Автокөлік спорт түрлері бойынша Еуропа чемпионатында 1-2-орын;
      ФИА күнтізбесіне енгізілген төмендегі спорт түрлері бойынша: ралли-рейд ( Дакар сериясы), автокөлік баха, автокөлік раллиі, автокөлік кросы және картингтан кемінде 5 мемлекет қатысқан халықаралық жарыстарда  1-3-орын.
      Қазақстан Республикасының спорт шебері
      Қазақстан Республикасы чемпионатындағы жыл қорытындысы бойынша 1-2 орын (кемінде 3 кезең өткізілген, кемінде 2 әртүрлі аумақта өткен есептік топта кемінде 10 автокөлік қатысқан жағдайда, бұрынғы атағы берілгеннен кейін);
      Автокөлік кросы, автокөлік раллиі, картинг, қысқы трек автокөлік бәйгесі, ралли рейд, трофи-рейд (ТР -2, ТР-3, ATV кластарында  ) бойынша (кемінде 3 кезең өткізілген, 2 әртүрлі аумақта өткен есептік топта кемінде 10 автокөлік қатысқан жағдайда, бұрынғы атағы берілгеннен кейін) 1-орын.
      Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер
      Қазақстан Республикасы чемпионатындағы жыл қорытындысы бойынша (кемінде 3 кезең өткізілген, кемінде 2 әртүрлі аумақта өткен есептік топта кемінде 10 автокөлік қатысқан жағдайда, бұрынғы атағы берілгеннен кейін) 1-3-орын;
      Қазақстан Республикасы Кубогындағы жыл қорытындысы бойынша (кемінде 3 кезең өткізілген, кемінде 2 әртүрлі аумақта өткен есептік топта кемінде 10 автокөлік қатысқан жағдайда, бұрынғы атағы берілгеннен кейін) 1-2-орын.
      I спорттық разряд:
      Қазақстан Республикасы чемпионатындағы жыл қорытындысы бойынша (кемінде 3 кезең өткізілген, кемінде 2 әртүрлі әртүрлі аумақта өткен есептік топта кемінде 10 автокөлік қатысқан жағдайда, бұрынғы атағы берілгеннен кейін) 1-7-орын.
      Қазақстан Республикасы кубогындағы  жыл қорытындысы бойынша (кемінде 3 кезең өткізілген, кемінде 2 әртүрлі аумақта өткен есептік топта қатысқан жағдайда, бұрынғы атағы берілгеннен кейін) 1-5-орын.
      Біріншілікте, облыстық немесе қалалық жарыстардағы жыл қорытындысы бойынша (кемінде 3 кезең өткізілген, кемінде 10 автокөлік есептік топта қатысқан жағдайда, бұрынғы атағы берілгеннен кейін) 1-2-орын.
      II спорттық разряд:
      Чемпионатта, кубокта, біріншілікте, ресми облыстық немесе қалалық жарыста 3 мәре бар жағдайда орындалды деп есептеледі (кемінде 10 автокөлік есептік топта қатысқан жағдайда, бұрынғы атағы берілгеннен кейін).
      IІI спорттық разряд:
      Чемпионатта, кубокта, біріншілікте, ресми облыстық немесе қалалық жарыста 2 мәре бар жағдайда орындалды деп есептеледі (кемінде 7 автокөлік есептік топта қатысқан жағдайда).
ЖАСӨСПІРІМДЕР РАЗРЯДТАРЫ 6 – 14 жас
      І жасөспірімдер разряды:
      Қазақстан Республикасы чемпионатындағы жыл қорытындысы бойынша (кемінде 3 кезең өткізілген, кемінде 2 әртүрлі аумақта өткен, кемінде 10 автокөлік есептік топта қатысқан жағдайда, бұрынғы атағы берілгеннен кейін) 1-7-орын.
      Қазақстан Республикасы кубогындағы жыл қорытындысы бойынша (кемінде 3 кезең өткізілген, кемінде 2 әртүрлі аумақта өткен, кемінде 10 автокөлік есептік топта қатысқан жағдайда, бұрынғы атағы берілгеннен кейін) 1-5-орын.
      Біріншіліктегі, облыстық немесе қалалық жарыстардағы жыл қорытындысы бойынша (кемінде 3 кезең өткізілген, кемінде 10 автокөлік есептік топта қатысқан жағдайда, бұрынғы атағы берілгеннен кейін) 1-2-орын.
      ІІ жасөспірімдер разряды:
      Чемпионатта, кубокта, біріншілікте, ресми облыстық немесе қалалық жарыста (кемінде 10 автокөлік есептік топта қатысқан жағдайда) 3 мәре бар жағдайда орындалды деп есептеледі (бұрынғы атағы берілгеннен кейін)
      ІІІ  жасөспірімдер разряды:
      Чемпионатта, кубокта, біріншілікте, ресми облыстық немесе қалалық жарыста (кемінде 7 автокөлік есептік топта қатысқан жағдайда) 2 мәре бар жағдайда орындалды деп есептеледі (бұрынғы атағы берілгеннен кейін)
МОТОСПОРТ
      Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері
      Мотокросс, суперкросс, айналма-тас жол бәйгелер, триал, қарда жүргіштер
      Жеке әлем чемпионатының қорытындысы бойынша 1-3-орын;
      Жеке Еуропа чемпионатының қорытындысы бойынша 1-орын;
      Әлем және Еуропа чемпионаты эндуро бойынша алты және екі күндік жарыстар
      Ересектер арасында ұлттық құрама немесе клуб командасының құрамында 1-орын немесе жеке есепте ФИМ-нің алтыкүндік жарыстарында 1-3-орын;
      Жеке әлем чемпионатының қорытындысы бойынша 1-3-орын;
      Екі күндік жарыстардағы жеке Еуропа чемпионатының қорытындысы бойынша 1-орын;
      Мұз жолындағы бәйгелер
      "Гран При" сериясында (немесе финалдың) жеке әлем чемпионатының қорытындысы бойынша 1-3-орын;
      Челлендждағы "Гран  При" 1-2-орын;
      Еуропа чемпионатында 1-орын;
      Қазақстан Республикасының спорт шебері
      Қазақстан Республикасы чемпионатындағы жыл қорытындысы бойынша, 65см3, 85см3 кластарынан басқа (кемінде 3 кезең өткізілген, 3 әртүрлі аумақта өткен, кемінде 10 спортшы есептік топта қатысқан жағдайда, бұрынғы атағы берілгеннен кейін) 1-2-орын.
      ҚР Кубогындағы жыл қорытындысы бойынша, 65см3, 85см3 кластарынан басқа (кемінде 3 кезең өткізілген, 3 әртүрлі аумақта өткен, кемінде 10 спортшы есептік топта қатысқан жағдайда, бұрынғы атағы берілгеннен кейін) 1-орын.
      Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер
      Қазақстан Республикасы чемпионатындағы жыл қорытындысы бойынша, 65см3, 85см3 кластарынан басқа (кемінде 3 кезең өткізілген, кемінде 10 спортшы есептік топта қатысқан жағдайда, бұрынғы атағы берілгеннен кейін) 1-4-орын.
      ҚР чемпионатындағы жыл қорытындысы бойынша, 85см3 класында (кемінде 3 кезең өткізілген, кемінде 10 спортшы есептік топта қатысқан жағдайда, бұрынғы атағы берілгеннен кейін) 1-орын.
      I спорттық разряд:
      Қазақстан Республикасы чемпионатындағы жыл қорытындысы бойынша (кемінде 3 кезең өткізілген, 3 әртүрлі аумақта өткен, кемінде 10 спортшы есептік топта қатысқан жағдайда, бұрынғы атағы берілгеннен кейін, 65 см 3 класынан басқа) 1-7-орын
      Қазақстан Республикасы кубогындағы жыл қорытындысы бойынша (кемінде 3 кезең өткізілген, 3 әртүрлі аумақта өткен, кемінде 10 спортшы есептік топта қатысқан жағдайда, бұрынғы атағы берілгеннен кейін, 65 см 3 класынан басқа) 1-5-орын
      Біріншілікте, ресми облыстық немесе қалалық жарыста (кемінде 3 кезең өткізілген, кемінде 10 спортшы есептік топта қатысқан жағдайда, бұрынғы атағы берілгеннен кейін, 65 см 3 класынан басқа) 1-2-орын
      II спорттық разряд:
      Чемпионатта, кубокта, біріншілікте, ресми облыстық немесе қалалық жарыста 3 мәре бар жағдайда, 65 см 3 класынан басқа барлық класта, кемінде 6 спортшы есептік топта қатысқан жағдайда, бұрынғы атағы берілгеннен кейін орындалды деп есептеледі
      IІI спорттық разряд:
      Чемпионатта, кубокта немесе біріншілікте, ресми облыстық немесе қалалық жарыста 2 мәре бар жағдайда, 65 см 3 класынан басқа барлық класта, кемінде 6 спортшы есептік топта қатысқан жағдайда орындалды деп есептеледі
      І- жасөспірімдер разряды:
      Мотокросс
      Мотокросс бойынша 65 см3 класында жеке-командалық чемпионаттың, Қазақстан Республикасы кубогының қорытындылары бойынша (кемінде 6 спортшы есептік топта қатысқан жағдайда, бұрынғы атағы берілгеннен кейін) 1-4-орын
      Мотокросс бойынша 65 см3 класында Қазақстан Республикасы жеке-командалық біріншілігінің, облыстық, қалалық қорытындылары бойынша (кемінде 6 спортшы есептік топта қатысқан жағдайда, бұрынғы атағы берілгеннен кейін) 1-3-орын -
      ІІ жасөспірімдер разряды:
      Чемпионатта, кубокта немесе біріншілікте, ресми облыстық немесе қалалық жарыста 3 мәре бар жағдайда, 65 см 3 класында, кемінде 6 спортшы есептік топта қатысқан жағдайда, бұрынғы атағы берілгеннен кейін орындалды деп есептеледі
      ІІІ жасөспірімдер разряды:
      Чемпионатта, кубокта немесе біріншілікте, ресми облыстық немесе қалалық жарыста 2 мәре бар жағдайда, 65 см 3 класында, кемінде 6 спортшы есептік топта қатысқан жағдайда, орындалды деп есептеледі
КАРТИНГ
      Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері
      Әлем чемпионатында 1–3 орын (ересектер);
      Еуропа чемпионатында, Әлем Кубогында 1 орын (ересектер).
      Қазақстан Республикасының спорт шебері
      ҚР көп кезеңдік Чемпионатында 1-2 орын (Чемпионат кем дегенде 3 кезеңнен құрылуы тиіс), ҚР Чемпионатында кем дегенде, жыл қорытындысы бойынша үш жыл аралығында 2 спорт шебері қатысуға тиіс.
      Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер
      ҚР көп кезеңдік Кубогында немесе Чемпионатында 1-2 орын алғандар. (сонымен бірге, Кубок немесе Чемпионат кем дегенде 3 кезеңнен тұруға тиіс).
      I спорттық разряд:
      Жылдық қорытынды бойынша ҚР көп кезеңдік Чемпионатында, Біріншілігінде, Кубогында 1-ден 6-ға дейін орын алған спортшы иеленеді (сонымен бірге, Кубок, Біріншілік немесе Чемпионат кем дегенде 3 кезеңнен тұруға тиіс). Сынақ тобында 10-нан кем, бірақ 6-дан кем емес спортшы қатысқан жағдайда, 1-ші спорт разряды жыл қорытындысы бойынша үш жыл бойы 1-ден 6-ға дейін орын алған спортшыларға беріледі.
      II спорттық разряд:
      Кубокта немесе Бірінішілікте 2 финиш болған жағдайда (алдыңғы атаққа иеленгеннен кейін), яғни жарыс сынағында қорытынды орын алғанда орындалды деп танылады.
      IІI спорттық разряд:
      Кубокта немесе Бірінішілікте 3 финиш болған жағдайда (сынақ тобында кем дегенде 6 спортшы қатысқан жағдайда), яғни жарыс сынағында қорытынды орын алғанда орындалды деп танылады.
      І жасөспірімдер разряды:
      9-дан 12-ге дейінгі жас аралығында ҚР көп кезеңдік Чемпионатында, Біріншілігінде, Кубогында (сонымен бірге, Кубок, Біріншілік немесе Чемпионат кем дегенде 3 кезеңнен тұруға тиіс) жыл қорытындысы бойынша 1-ден 6-ға дейінгі орын алған спортшылар иеленеді. Сынақ тобында қатысушылардың саны 10 спортшыдан кем, бірақ 6 спортшыдан кем емес болған жағдайда, 1 жасөспірімдік дәрежеге үш жыл бойы жыл қорытындысы бойынша 1-ден 6-ға дейінгі орын алған спортшылар иеленеді.
      II жасөспірімдер разряды
      9-дан 12-ге дейінгі жас аралығындағы спортшылардың Кубокта немесе Біріншілікте 2 финиші бар болған жағдайда (алдыңғы атақты дәрежені бергеннен кейін), яғни жарыс сынағында қорытынды орын алғанда иеленеді.
      III жасөспірімдер разряды
      9-дан 12-ге дейінгі жас аралығындағы спортшылар иеленеді, және Кубокта немесе Біріншілікте 3 финиші бар болған жағдайда (сынақ тобында кем дегенде 6 спортшы қатысқан жағдайда), яғни жарыс сынағында қорытынды орын алғанда орындалды деп танылады.
      Ескерту:
      ХКСШ (халықаралық классты спорт шебері) атағы 18 жастан бастап беріледі, СШ (спорт шебері) атағы 17 жастан, СШК (спорт шеберінің кандидаты) дәрежесі – 14 жастан, І – ІІІ дәрежелер – 10 жастан, жасөспірімдік дәрежелер – 9 жастан бастап беріледі.
      Қазақстанда өткізілетін жарыстардағы қазылар алқасының құрамына келесі біліктіліктегі төрешілер кірген жағдайда спорттық атақтар мен дәрежелер беріледі: ҚР СШ – жоғарғы ұлттық 1 төреші немесе ұлттық санаттағы 2 төреші және 1 санаттағы 3 төреші; ҚР СШК – ұлттық санаттағы 2 төреші және 1 санаттағы 2 төреші; І дәреже – 1 санаттағы 3 төреші; ІІ және ІІІ дәреже – 1 санаттағы 1 төреші.
      Жасөспірімдік дәрежедегі спортшылар ересектер тобына ауысқан кезде ересектер дәрежесіне бір дәрежеге төмен болып теңестіріледі.
      Спорттық разрядтар мен атақтарды иелену үшін қойылатын разрядтық талаптарды орындау шарттары.
      1. Спорттық разрядтар (атақтар) сынақ тобында кем дегенде 10 спортшы қатысқан жағдайда, сынақ тобында (класста) алған орындар үшін рет-ретімен беріледі, сонымен бірге сынақ тобы ҚР көп кезеңдік Чемпионатында, Біріншілігінде, Кубогында өткізілген көпшілік кезеңдерінде жиналуға тиіс, бірақ үш жыл бойы жыл қорытындысы бойынша екі рет жеңімпаз болған спортшыларға СШК және СШ 6-дан кем емес спорттық дәрежелері  беріледі.
      2. Автоспорттың жаппай түрлеріне: картинг, дрифт, драгрэйсинг бойынша 3 жыл бойы екі спорттық маусымда дәрежелік талаптарды орындаған жағдайда СШК жоғары емес дәрежелер беріледі.
      3. Жасөспірімдік жарыстарға рұқсат беру құқығына ата-анасының (қамқоршысының) заңды түрде куәландырылған жазбаша келісімі қажет. СШК спорттық дәрежесі бар, 12 жасқа толған бозбалалар мен қыздар жабық трассаларда өткізілетін ересектер жарыстарында ата-анасының (қамқоршысының) заңды түрде куәландырылған жазбаша келісімі болған жағдайда қатыса алады. Бұндай спортшының кіру рұқсаты әр жағдайда Спорттық Комиссарлар Алқасымен әр нақты жарыста жеке қаралады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет