ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА (ерлер және әйелдер) Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері – белгіленген нормативтерді орындауға және келесі орындарға иеленуге тиісті:
Бағдарламаның командалық және жеке түрлері:
Олимпиадалық ойындарда 1 – 8 орын,
Әлем чемпионатында 1-6 орын;
ҚР СШ нормативін орындау жағдайында және спорт түрінде кемінде 8 спортшының қатысуы, ал эстафеталық жүгіруде кемінде 4 команданың болуы кезде Азия ойындарында 1-3 орын;
ҚР СШ нормативін орындау жағдайында және спорт түрінде кемінде 8 спортшының қатысуы, ал эстафеталық жүгіруде кемінде 4 команданың болуы кезде Азия ойындарында 1 орын;
ҚР СШ нормативін орындау жағдайында және спорт түрінде кемінде 8 спортшының қатысуы, ал эстафеталық жүгіруде кемінде 4 команданың болуы кезде Азия чемпионаттарында 1 орын;
ҚР СШ нормативін орындау жағдайында юниорлар арасындағы Әдем чемпионаттарында 1-3 орын.
Қазақстан Республикасының Спорт шебері – белгіленген нормативтерді орындауға және келесі орындарға иеленуге тиісті:
Бағдарламаның командалық және жеке түрлері:
Юниорлар арасындағы Әлем чемпионатында 4-12 орын;
Жасөспірімдердің арасындағы Әлем чемпионатында 1-8 орын;
ҚР СШҮ нормативін орындау жағдайында және спорт түрінде кемінде 8 спортшының қатысуы, ал эстафеталық жүгіруде кемінде 4 команданың болуы кезде юниорлар арасындағы Азия чемпионатында 1- 3 орын.
Разрядтық нормаларды және талаптарды орындау шарттары 1. «Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағы ИААФ, ААА, ҚР ЖАФ күнтізбелеріне енгізілген халықаралық жарыстарда және Қазақстан Республикасының чемпионаттарында нәтиже көрсеткен спортшыларға беріледі, осы жарыстарың төрешілігіне ЖСҰТ кемінде 3 төрешінің қатысуы кезде.
«Қазақстан Республикасының Спорт шебері» атағы республикалық жарыстарда және облыстардың чемпионаттарында нәтиже көрсеткен спортшыларға беріледі, осы жарыстардың төрешілігіне ұлттық санаттағы кемінде 3 төрешінің қатысуы кезде.
2.Афтохронометражды қолданумен анықтап белгіленген нәтижелер разрядтық нормалар кестесінде «авто» сөзімен көрсетіледі. Қол хронометраж арқылы анықтап белгіленген нәтижелер, белгісіз көрсетіледі.
3.60м.,100м.,400м.,110м.к/мен, 400м.к/мен және 800м. жүгіруде «Қазақстан Республикасының Спорт шебері» атағы автохронометражды қолдану кезде ғана беріледі. Жүгірудің қалған барлық қашықтығында және оралым бойынша 400 м.жолмен стадионда спорттық жүрісте «Қазақстан Республикасының Спорт шебері» атағы «автохронометражды» және қол хронометражды қолданумен анықталған белгіленген нормативтерді көрсеткен спортшыларға беріледі, бұл жағдайда қол хронометражымен анықтап белгіленген нәтижелер осы классификацияда көрсетілген нормативтерден аспау қажет.
4.Жайларда жүгіру және жүріс бойынша атақтар мен разрядтар, разрядтық нормалардың кестесіне кіретін, жүгіру жолдың ұзындығы 200 метрден аспаған кезде ғана беріледі. Жайлардағы жарыстарға арналған разрядтық нормаларының болмау жағдайында стадиондарға арналған нормалар қолданылады.
5.Жастарға сәйкес лақтыру, кедергілі жүгіру және көп сайыста кедергілік қашықтықтың және снаряд салмағының келесі параметрлері қолданылады:
Ерлер