Спортшылар үшін төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге біліктілік талаптарын бекіту туралы



бет1/53
Дата08.06.2018
өлшемі2,7 Mb.
#41707
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Спортшылар үшін төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 23 тамыздағы № 303 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 18 қыркүйекте № 8717 тіркелді


      «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының бірінші бөлігінің 22-1-бабының 1-тармағын БҰЙЫРАМЫН:
      1. Спортшылар үшін төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге біліктілік талаптарын бекітілсін:
      2. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү.Қамзебаева):
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Баспасөз хатшысы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК (П.Н. Қырықбаев) Қазақстан Республиканың спортшылар үшін төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге біліктілік таранын 1000 дана етіп басып шығарсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Төраға                                     Е. Қожағапанов
Мазмұны
I-ТАРАУ. ҚҰРМЕТТІ АТАҚ ІІ-ТАРАУ. БӨЛІМ.ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ
БАДМИНТОН

БАСКЕТБОЛ



БОКС
ГРЕК-РИМ, ЕРКІН ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІ
ВЕЛОСИПЕД СПОРТЫ (ТАС ЖОЛДАҒЫ ЖАРЫС)
ВЕЛОСИПЕД СПОРТЫ (ТРЕКТЕГІ)
ВЕЛОСИПЕД СПОРТЫ (МАУНТИНБАЙК)
СУ ДОБЫ
ВОЛЕЙБОЛ
ЖАҒАЖАЙ ВОЛЕЙБОЛЫ
ҚОЛ ДОБЫ
ГОЛЬФ
РЕГБИ
СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКА
КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА
БАТУТТА ЖӘНЕ АКРОБАТИКАЛЫҚ ЖОЛДА СЕКІРУ
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУ
БАЙДАРКА МЕН КАНОЭДЕ ЕСУ
СЛАЛОМ ЖӘНЕ БАЙДАРКА МЕН КАНОЭДЕ ЕСУ
ДЗЮДО
АТ СПОРТЫ
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
ЖЕЛКЕНДІ ҚАЙЫҚ СПОРТЫ
СУҒА СЕКІРУ
ЖҮЗУ
ҮЙЛЕСІМДІ ЖҮЗУ
ҚАЗІРГІ БЕССАЙЫС
САДАҚ АТУ
ОҚПЕН АТУ
ТАЕКВОНДО
ТЕННИС
ҮСТЕЛ ТЕННИСІ
ТРИАТЛОН
АКВАТЛОН ДУАТЛОН ҚЫСҚЫ ТРИАТЛОН
СТЕНД АТУ
АУЫР АТЛЕТИКА
СЕМСЕРЛЕСУ
ФУТБОЛ
ШАҒЫН ФУТБОЛ
ЖАСЫЛ АЛАҢДАҒЫ ХОККЕЙ ЖӘНЕ ИНДОР-ХОККЕЙ
ІІІ-ТАРАУ. БӨЛІМ.ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ
БИАТЛОН
ТАУ ШАҢҒЫСЫ СПОРТЫ
КЕРЛИНГ
КОНЬКИ СПОРТЫ
ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ
ШАҢҒЫДАН ҚОС САЙЫС
ШАҢҒЫМЕН ТҰҒЫРДАН СЕКІРУ
СНОУБОРД
МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУ
ФРИСТАЙЛ
ДОПТЫ ХОККЕЙ (РИНГ-БОЛ, РИНГ-БЕНДИ)
ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ
ШОРТ-ТРЕК
IV - ТАРАУ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ
ҚАЗАҚША КҮРЕС
ЖЕКПЕ-ЖЕК
ТОҒЫЗ ҚҰМАЛАҚ
АУДАРЫСПАҚ
ТЕҢГЕ ІЛУ
ҚЫЗ ҚУУ
БҮРКІТШІ – Саят бөлімі
БӘЙГЕ (ҚҰНАН БӘЙГЕ, БӘЙГЕ, ЖОРҒА ЖАРЫС, АЛАМАН БӘЙГЕ)
КӨКПАР
V - ТАРАУ. ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЕМЕС СПОРТ ТҮРЛЕРІ
СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА
ҚОЛ КҮРЕСІ
ҚҰЗҒА ӨРМЕЛЕУ
БИЛЬЯРД СПОРТЫ
БОУЛИНГ
БОДИБИЛДИНГ, ФИТНЕС, БОДИФИТНЕС
БЕЛБЕУ КҮРЕСІ
ГІР СПОРТЫ
ДАЙДО ДЖУКУ КУДО
ДЖИУ-ДЖИТСУ
ДАРТС
КАРАТЭ-ДО
КАРАТЭ-ДО ШОТОКАН
КАРАТЭ ШИНКИОКУШИНКАЙ
КИОКУШИНКАЙ-КАН КАРАТЭ
«БҮКІЛҚАЗАҚСТАНДЫҚ КҢКУШИНКАЙ КАРАТЭ ҰЙЫМЫ» «КАРАТЭ-ДО КҢКУШИНКАЙ»
«КАРАТЭ-ДО КҢКУШИНКАЙ Федерациясы»
СПОРТТЫҚ КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
КИКБОКСИНГ
МУАЙТАЙ (ТАЙБОКС)
ПАУЭРЛИФТИНГ, ЖАТЫП СЫҒЫМДАУ
ПРЕЗИДЕНТТІК КӨПСАЙЫС (ПОЛИАТЛОН)
ЖАҒАЖАЙ ФУТБОЛЫ
ПАНКРАТИОН, ГРЕППЛИНГ және ММА, БРАЗИЛИЯЛЫҚ ДЖИУ ДЖИТСУ
ҚОЯН ҚОЛТЫҚ ҰРЫС
БАЛЫҚ АУЛУ СПОРТЫ
САМБО
СПОРТТЫҚ ШЫҢҒА ӨРЛЕУ
СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАУ
СПОРТТЫҚ БИ
ШАХМАТ
ДОЙБЫ («100» – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ; «64» БРАЗИЛИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ОРЫС НҰСҚАЛАРЫ)
УШУ - ТАОЛУ
УШУ-САНЬДА
ӘМБЕБАП ҰРЫС ЖӘНЕ ПЫШАҚ ЛАҚТЫРУ
ТАЭКВОН-ДО ITF
ЧЕРЛИДИНГ
VI – ТАРАУ. ТЕХНИКАЛЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ
АВТОСПОРТ ЖӘНЕ КАРТИНГ
МОТОСПОРТ
КАРТИНГ
АВИАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ СПОРТЫ
РАКЕТОМОДЕЛДI СПОРТЫ БОЙЫНША СПОРТТЫҚ ТОПТАСТЫРУ
ПАРАПЛАНЕРЛІК СПОРТ.
ПАРАШЮТ СПОРТЫ
ПЛАНЕРЛІК СПОРТЫ
ДЕЛЬТАПЛАНЕРЛЫҚ СПОРТ
СУ АСТЫНДАҒЫ СПОРТ
ЕСКЕК АЯҚТАРДА ЖҮЗУ
СУДОМОДЕЛЬ СПОРТЫ
ЕСПЕЛІ ЖЕЛКЕНДІ КӨП САЙЫС
ЯЛАМЕН ЕСУ
ӨРТ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ
ӘСКЕРИ ҚОЛДАНБАЛЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАТТЫҒУЛАР
ӘСКЕРИ – СПОРТТЫҚ КӨПСАЙЫСТАР
ТАБЕЛЬДІК ҚАРУДАН ОҚ АТУ
ӘСКЕРИ-ҚОЛДАНБАЛЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН
РАДИОСПОРТ
VII – ТАРАУ. СПОРТТА МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ ТҰЛҒАЛАР
КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН МҮГЕДЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ СПОРТ
ГОЛБОЛ
ШАҢҒЫ ЖАРЫСТАРЫ
ДЗЮДО
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
ЖҮЗУ
ПАРАЛИМПИЯЛЫҚ ЕМЕС СПОРТ ТҮРЛЕРІ
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ
ШАХМАТ
«64» ДОЙБЫСЫ
«100» ДОЙБЫСЫ
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ БСЖ
(бірыңғай спорттық жіктеме)
АРМСПОРТ
БАДМИНТОН
БАСКЕТБОЛ
ЕРКІН ЖӘНЕ ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ
ВЕЛОСИПЕД СПОРТЫ – ТАС ЖОЛ
ВОЛЕЙБОЛ ЖӘНЕ ЖАҒАЖАЙ ВОЛЕЙБОЛЫ
ҚОЛ ДОБЫ
ДЗЮДО, ТАЭКВОНДО, КАРАТЭ
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
ШАҢҒЫ СПОРТЫ – ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ
ЖҮЗУ
ОҚ АТУ
СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАУ
ТЕННИС ЖӘНЕ ҮСТЕЛ ТЕННИСІ
ФУТБОЛ
ШАҒЫН ФУТБОЛ, ФУТЗАЛ
ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ
ШАХМАТ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДОЙБЫСЫ
ТҚАЗ (ТІРЕК-ҚОЗҒАЛЫС АППАРАТТАРЫ ЗАҚЫМДАНҒАН) МҮГЕДЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ СПОРТ
СПОРТТЫҢ ПАРАЛИМПИЯЛЫҚ ТҮРЛЕРІ
ОТЫРЫП ВОЛЕЙБОЛ ОЙНАУ
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
ПАУЭРЛИФТИНГ
(ЖАТЫП СЫҒЫМДАУ)
ЖҮЗУ
САДАҚ АТУ
ОҚ АТУ
ҮСТЕЛ ТЕННИСІ
ШАҢҒЫ ЖАРЫСТАРЫ, БИАТЛОН
ПАРАЛИМПИЯЛЫҚ ЕМЕС СПОРТ ТҮРЛЕРІ
ҚОЛ КҮРЕС СПОРТЫ
ДАРТС
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ
ШАХМАТ
СПОРТТЫҚ БИ
ТҰРЫП ОЙНАЙТЫН ВОЛЕЙБОЛ, ЖАҒАЖАЙ ВОЛЕЙБОЛЫ
I-ТАРАУ. ҚҰРМЕТТІ АТАҚ
«Қазақстан Республикасының спортқа еңбегі сіңген шебері» құрмет
атағы
      1. «Қазақстан Республикасының спортқа еңбегі сіңген шебері» құрмет атағымен Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында жоғары спорттық нәтижеге көрсеткен және келесі талаптарды орындаған спортшылар марапатталады:
      - Олимпиада ойындарында ересектер арасында 1-3 орынды иеленсе;
      - Ересектер арасында Әлем чемпионаттарында 1-2 орынды немесе екі мәрте 3 орынды иеленсе;
      - Олимпиада ойындарында және әлем чемпинаттарында (ойын спорт түрлерінен) ақтық сынға немесе УЕФА және Еуропа лигасының ересектер арасындағы топтық турниріне шықса.
      2. Олимпиадалық емес спорт түрлерінен «Қазақстан Республикасының спортқа еңбегі сіңген шебері» құрмет атағымен келесі талаптарды орындаған спортшылар марапатталады:
      - Әлем чемпионатында ересектер арасында 1 орынды үш рет иеленсе;
      - Паралимпиадалық немесе Сурдолимпиадалық ойындарда 1-3 орын. Аталған құрметті атақпен спортшыны  марапаттау рәсімі қайта жүргізілмейді.
«Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері»
құрмет атағы
      1. «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» құрмет атағымен (кемінде 20 мемлекет өкілдері қатысқан) Олимпиадалық спорт түрлерінен келесі талаптарды орындаған спортшылар марапатталады:
      - Ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында 1-2 орын;
      - Ардагерлер арасындағы Азия чемпионатында 1 орын.
      2. «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» құрмет атағымен кемінде 20 мемлекет өкілдері қатысқан)Олимпиадалық емес спорт түрлерінен келесі талаптарды орындаған спортшылар марапатталады:
      - Ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында 1 орын;
      - Ардагерлер арасындағы Азия чемпионатында екі мәрте 1орын.
ІІ-ТАРАУ. БӨЛІМ.ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ БАДМИНТОН
      Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері
      Келесі орындарды иеленген Қазақстан Республикасының ұлттық команда құрамына кіру:
      Олимпияда ойындарында ересектер арасында 1-6 орын,
      Әлем чемпионатында ересектер арасында 1-5 орын,
      Азия ойындары мен  Азия чемпионатында ересектер арасында 1-3 орын.
      Әлемдік жастар арасындағы  біріншілігінде 1-3 орын.
      Азия жастар біріншілігінде 1 орын.
      Дүниежүзілік Универсиадада 1-2 орын.
      Орын алу:
      Ересектер арасындағы Әлем және Азия чемпионаттарында  жеке категория бойынша жарыста 1-6 орындар;
      Ересектер арасындағы Әлем және Азия чемпионатттарында жұптық категория бойынша  жарыста 1-4 орындар;
      Азия ойындарында ересектер арасындағы жұптық және жеке категория бойынша 1-4 орындар;
      Әлемдік универсиадада жеке және жұптық категория бойынша 1-3 орындар;
      Жастар олимпияда ойындарында 1-2 орындар;
      «International Series», «International challenge», «Grand Prix» сериялары бойынша халықаралық турнирлердегі 1 орын.
      Қазақстан Республикасының спорт шебері
      Ересектер арасындағы Қазақстан Спартакиадасы немесе Қазақстан Республикасының Кубогында командалық жарыста 1 орынды иеленген команданың құрамына кіру.
      Орын алу:
      ҚР Чемпионаты мен ҚР Спартакиядасында 1 - 3 орын жеке және 1 - 2 орын жұптық және жеке-командалық жарыста (ерлер, әйелдер, аралас);
      Қазақстан Республикасының Жастар чемпионатында  жеке категория бойынша 1-2 орындар және  жұп категориясы бойынша 1 орын;
      Қазақстан Республикасының жасөспірімдер Біріншілігінде жеке категория жарыстарында 1 орын.
      Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер
      Қатысу: Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаттарында, ҚР Кубогында (соның ішінде ашық), Қазақстан Республикасы Спартакиадасында 2-5 орындарды иеленген команда құрамында;
      Қазақстан Республикасының Жастар біріншілігінде 2-4 орындар, Жасөспірімдер Біріншілігінде 1 орын, Қазақстан Республикасы оқушылар Спартакиадасында 1-2 орындар.
      Орын алу:
      ҚР Чемпионаты мен ҚР Кубогында 4 - 12 орын жеке және 3-4 орын  жұптық жарыста (ерлер, әйелдер, аралас).
      Жыл бойында СШҮ-ді 12 рет жеңсе және  СШҮ-ді 8 жеңсе, 1-ші спорттық дәрежедегі спортшыны 8 рет жеңсе.
      I разряд
      Жеңу: Жыл бойында 1дәрежедегі спортшыны 12 рет жеңсе  және 1-2 дәрежедегі спортшыларды 16 рет жеңсе ( 8 жеңістен).
      II разряд
      Жыл бойында II дәрежедегі спортшыны 12 рет жеңсе
      Жыл бойында II дәрежедегі спортшыны 8 рет жеңсе, III дәрежедегі спортшыны   8 рет жеңсе
      III разряд
      Жыл бойында III дәрежедегі спортшыны 12 рет жеңсе
      Жыл бойында 3 дәрежедегі спортшыны 8 рет жеңсе, және I жасөспірім дәрежесіндегі спортшыны 8 рет жеңсе
      I жасөспірім разряды
      Жыл бойында I жасөспірім дәрежесіндегі спортшыны 12 рет жеңсе
      Жыл бойында 1 жасөспірім дәрежесіндегі спортшыны 8 рет жеңсе және II жасөспірім дәрежесіндегі спортшыны 8 рет жеңсе
      II жасөспірім разряды
      Жыл бойында мектеп деңгейінен төмен емес турнирлерде спортшылардың біліктілігіне қарамастан 15 рет жеңсе немесе 10 жаңа спортшылардың қатысуымен турнирде 1 орынды иелену
БАСКЕТБОЛ
      Қазақстан  Республикасының халықаралық  дәрежедегі  спорт шебері
      Қазақстан Республикасы  құрама командасының сапында төмендегі жарыстарға қатысу:
      Олимпиада ойындарында ересектер арасында 1-10 орын;
      Әлем чемпионатында ересектер арасында 1-8 орын;
      Дүниежүзілік Универсиадада 1-4 орын;
      Ересектер арасындағы Азия  ойындары мен Азия чемпионатында   1-4 орын;
      Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 1-3 орын (16-22 жас аралығы);
      Жасөспірімдер командалары арасындағы Азия чемпионатында 1 орын (16-22 жас аралығы);
      Қазақстан Республикасының клубтық  команда құрамында  төмендегі жарыстарға қатысу:
      (Азия  чемпиондарының кубогы):
      Клубтық командалар арасындағы  Азия  чемпионатында  (Азия  чемпиондарының кубогында)1-2 орын;
      Қазақстан Республикасының спорт шебері
      Қазақстан Республикасы  құрама командасының сапында төмендегі жарыстарға қатысу:
      Ересектер арасындағы Азия чемпионаттары мен Азия  ойындарында  5-8 орын;
      Жасөспірімдер командалары  арасындағы Азия  чемпионатында 2-4 орын (16-22 жас аралығы);
      Қарулы  Күштер арасындағы  әлем  чемпионатында (CISM) 1-6 орын;
      Теміржолшылардың  халықаралық спорттық одағының әлем  чемпионатында (USIC) 1-3 орын;
      Келесі орындарды иеленген команда құрамында қатысу:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Лига чемпионатында 1-3 орын;
      Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының Спартакиадасында 1-3 орын;
      Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогында 1 орын;
      Клубтық командалар арасындағы  Азия  чемпионатында  3-4 орын;
      Жоғарғы Лига Қазақстан чемпионаттарының үздік он  екі ойыншының  тізіміне  ену:
      Жоғарғы Лиганың  чемпиондары  командасынан – алты адам;
      Жоғарғы Лиганың  күміс жүлдегерлері командасынан – төрт адам;
      Жоғарғы Лиганың  қола жүлдегерлері командасынан – екі адам.
      Қазақстан Республикасы  спорт шеберлігінен үміткер
      Келесі орындарды иеленген команда құрамында қатысу:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Лига чемпионатында 4-6 орын;
      Жоғарғы Лиганың Қазақстан Республикасы  чемпионатында 1-3 орын;
      Қазақстан Республикасының Жастар чемпионатында 1-2 орын;
      Қазақстан Республикасының  Оқушылар спартакиадасында, ҚР Жастар ойындарында 1-2 орын;
      Қазақстан Республикасының жасөспірімдер мен қыздар арасындағы чемпионатында 1орын (14 жастан бастап, балалар мен жасөспірімдердің баскетбол лигасы), кемінде алты команда қатысуымен;
      Республикалық Универсиадада  немесе Қазақстанның студенттік ойындарында  1 орын;
      балалар үйлері  мен  интернаттар арасындағы ҚР чемпионатында 1 орын;
      І  спорттық разряд
      келесі орындарды иеленген команда құрамында қатысу:
      Қазақстан Республикасының жасөспірімдер мен қыздар арасындағы  чемпионатында (14 жастан бастап, балалар мен жасөспірімдердің  баскетбол лигасы) 2-3 орындар, кемінде алты команда қатысуымен;
      балалар үйлері  мен  интернаттар арасындағы ҚР  чемпионатында 2-3 орын;
      жасөспірімдер мен қыздар арасындағы  Қазақстан Республикасы  облыстарының, Астана мен Алматы қ.қ. біріншіліктерінде  1 орын, қатысушылардың жасы  14 жастан төмен емес  және  кемінде 6 команда қатысуымен;
      ІІ спорттық разряд
      жасөспірімдер мен қыздар арасындағы  Қазақстан Республикасы облыстарының, Астана мен Алматы қ.қ. біріншіліктерінде 2 орын, қатысушылардың жасы  14 жастан төмен емес және  кемінде 6 команда қатысуымен;
      ІІІ спорттық  разряд
      жасөспірімдер мен қыздар арасындағы  Қазақстан Республикасы облыстарының, Астана мен Алматы қ.қ. біріншіліктерінде 3 орын, қатысушылардың жасы  14 жастан төмен емес және  кемінде 6 команда қатысуымен;
      І жасөспірімдік спорттық разряд
      ұлдар мен қыздар арасындағы   кемінде 6 команда қатысуымен өткізілген Қазақстан Республикасы  облыстарының, Астана мен Алматы қ.қ. біріншіліктерінде 1 орынды иеленген команда құрамында қатысу;
      ІІ жасөспірімдік  спорттық разряд
      ұлдар мен қыздар арасындағы кемінде 6 команда қатысуымен өткізілген Қазақстан Республикасы  облыстарының, Астана мен Алматы қ.қ. біріншіліктерінде  2 орынды иеленген команда құрамында қатысу;
      ІІІ жасөспірімдік  спорттық разряд
      ұлдар мен қыздар арасындағы  кемінде 6 команда қатысуымен Қазақстан Республикасы  облыстарының, Астана мен Алматы қ.қ. біріншіліктерінде   3 орынды иелеген команда құрамында қатысу.
БОКС
      Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері
      (ерлер)
      Орын алу:
      Ересектер арасындағы Олимпиада ойындарында 1-6 орын;
      Әлем чемпионатында 1-3-ші орын және Әлем кубогының жеке және командалық есебінде 1-3-ші орын;
      Юниорлар арасындағы әлем чемпионатында 1-2-ші орын;
      Ересектер арасындағы Азия ойындарында 1-3-ші орын;
      Ересектер арасындағы Азия чемпионатында 1-ші орын;
      Бүкіләлемдік әскери спорттық ойындарда 1-2-ші орын;
      «А» дәрежесіндегі халықаралық турнирлерде жыл бойы 2 рет 1-ші орын;
      Жастар арасындағы Азия чемпионатында 1-ші орын және Юниорлар арасындағы әлем чемпионатында 3-ші орын;
      Әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионатында 1-ші орын;
      ӘБС нұсқасы бойынша Кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионатында 1-ші орын, кемінде 4 сайыс өткізуі шарт;
      ӘБС нұсқасы бойынша Кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионатында 1-2-ші орын, кемінде 4 сайыс өткізуі шарт.
      (әйелдер)
      Орын алу:
      Ересектер арасындағы Олимпиада ойындарында 1-8 орын;
      Әлем мемпионатында 1-6-шы орын және Әлем кубогының жеке және командалық есебінде 1-3 орын;
      Жастар арасындағы әлем чемпионатында 1 орын;
      Ересектер арасындағы Азия ойындарында 1-3 орын;
      Ересектер арасындағы Азия чемпионатында 1-ші орын;
      «А» дәрежесіндегі 2 халықаралық турнирлерде 1 (3 сайыс өткізу шартымен) алу.
      Қазақстан Республикасының спорт шебері
      (ерлер)
      Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатында 1 орын, кемінде 3 сайыс өткізу шартымен;
      Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатында -1,2,3 орындар, кемінде 3 сайыс өткізу шартымен;
      Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы спартакиадасында  1,2,3 орын.
      «А» дәрежесіндегі халықаралық турнирлерде 1-2 орын (3 сайыс өткізу шартымен)
      ӘБС нұсқасы бойынша Кәсіпқойлар арасындағы командалық әлем чемпионатында 2-ші орын, кемінде 4 сайыс өткізу шартымен;
      Қазақстан Республикасының аумағында ересектер арасындағы мынандай Халықаралық турнирлерде 1-ші орын (кемінде 3 сайыс өткізу және кемінде 5 мемлекеттің қатысуы шартымен):
      1. С.Қ.Нұрмағамбетовтың жүлдесіне           Алматы қ.
      2. Е.Н.Хасановты еске алу                   Алматы қ.
      3. Қ.Абдалиевты еске алу                    Шымкент қ.
      4. С.К.Қонақбаевтың жүлдесіне               Павлодар қ.
      5. Шохр-Бөлтекұлын еске алу                 Ақтау қ.
      6. И.Махамбетті еске алу                    Атырау қ.
      7. Б.Ақшолақовты еске алу                   Ақтөбе қ.
      8. Ғ.Жарылғаповты еске алу                  Қарағанды қ.
      9. А.А.Құлыбаевты еске алу                  Орал қ.
      Олимпиада чемпионы Б.Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы Халықаралық турнирде 5 мемлекеттің қатысуымен кемінде 3 сайыс өткізу  шартымен (ОҚО) 1-ші орын;
      Орал мен Қорған Әйтеновтерді еске алуға арналған жастар арасындағы Халықаралық турнирде 5 мемлекеттің қатысуымен кемінде 3 сайыс өткізу  шартында (Қостанай) 1-ші орын;
      Юниорлар арасындағы кемінде 3 сайысты өткізу шартымен Азия чемпионатында 1-ші орын алу.
      (әйелдер)
      Кемінде 3 сайыс өткізу шартымен ҚР Чемпионатында 1-2-ші орын;
      ҚР Чемпионатында 2 жыл қатарынан 3-орын;
      кемінде 3 сайыс өткізу шартымен ҚР спартакиадасында  1-2-ші орын;
      ҚР аумағында әйелдер арасындағы Халықаралық турнирлерде 1-ші орын:
      1. С.Қ.Нұрмағамбетоватың жүлдесіне           Алматы қ.
      2. Е.Н.Хасановаты еске алу                   Алматы қ.
      3. Қ.Абдалиевты еске алу                     Шымкент қ.
      4. С.К.Қонақбаевтың жүлдесіне                Павлодар қ.
      5. Шохр-Бөлтекұлын еске алу                  Ақтау қ.
      6. И.Махамбетті еске алу                     Атырау қ.
      7. Б.Ақшолақовты еске алу                    Ақтөбе қ.
      8. Ғ.Жарылғапов                              Қарағанды қ.
      9. А.А.Құлыбаевтың жүлдесіне                 Орал қ.
      Жастар арасындағы әлем чемпионатында 2-3-ші орын;
      Ересектер арасындағы Азия чемпионатында 3-ші орын;
      Жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 1-ші орын;
      Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында 1-3-ші орын алу.
      ҚР спорт шеберіне үміткер
      (ерлер, әйелдер)
      Ересектер арасындағы ҚР Чемпионатында 3-4-ші орын;
      Жастар мен жасөспірімдер арасындағы ҚР Чемпионатында 2-3-ші орын;
      Дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті органның бұқаралық-спорттық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына енгізілген республикалық турнирлерде 1-3-ші орын алу.
      (әйелдер)
      Әйелдер арасындағы ҚР Чемпионатында 3-ші орын;
      кемінде 3 сайыс өткізу шартымен Жастар арасындағы ҚР Чемпионатында 1-ші орын алу.
      І разряд
      Бұл салмақ категориясында кемінде 1-разрядтағы 4 боксшының қатысу шартымен, облыстық, қалалық чемпионаттарда 1-3-ші орын;
      қала ауқымынан төмен емес жарыстарда жыл бойы ІІ разрядты спортшыларды 10 рет жеңу.
      ІІ разряд
      Кез келген ауқымдағы жарыстарда жыл бойы ІІІ разрядтағы спортшыларды 8 рет жеңу;
      ІІІ разряд
      Кез келген ауқымдағы жарыстарда жыл бойы жаңа спортшыларды 4 рет жеңу.
      І жасөспірімдер разряды (14-17 жас)
      Бұл салмақ категориясында кемінде І жасөспірімдер разрядындағы 4 спортшының қатысу шартымен қалалық, облыстық біріншілікте 1-ші орын иелену
      Кез келген ауқымдағы жарыстарда 1 жыл бойы ІІ жасөспірімдер разрядындағы спортшыларды 10 рет жеңу;
      ІІ жасөспірімдер разряды.
      Кез келген ауқымдағы жарыстарда 1 жыл бойы ІІІ жасөспірімдер разрядындағы спортшыларды 6 рет жеңіске жеңу.
      ІІ жасөспірімдер разряды (14-15 жас)
      Жүйелі түрде 1,5 жыл шұғылдану және  кез келген ауқымдағы жарыстарда 1 жыл бойы ІІІ жасөспірімдер разрядындағы спортшылардан 4 рет жеңіске жету
      ІІІ жасөспірімдер разряды (14-15 жас)
      Жүйелі түрде 1 жыл шұғылдану, техникалық әдістерді игеру және кемінде 5 сайысқа қатысу.
      ІІІ жасөспірімдер разряды (12-13 жас)
      Жүйелі түрде 1 жыл спортпен шұғылдану, техникалық әдістерді игеру және кемінде 3 сайысқа қатысу.
ГРЕК-РИМ, ЕРКІН  ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІ
      Қазақстан  Республикасы  Халықаралық  дәрежедегі  спорт  шебері
      Ересектер арасындағы Олимпиада ойындарында1-6 орын;
      Ересектер арасындағы әлем  чемпионатында 1-5 орын;
      Ересектер арасындағы Азия ойындарында 1-3 орын;
      Ересектер арасындағы Азия  чемпионатында 1-2 орын;
      Ересектер арасындағы Әлем Кубогында  командалық және жеке жарыста 1 орын;
      Жастар  арасындағы  әлем чемпионатында 1-3 орын;
      Жастар  арасындағы  Азия  чемпионатында 1 орын;
      Бүкіләлемдік студенттік ойындарында 1-2 орын;
      Халықаралық күрес  федерациясы (FILA)  бекіткен біріккен қүрес түрлері бойынша «Гран-При» халықаралық  турнирлерінде 1 орын;
      Жасөспірімдер  арасында  Олимпиада ойындарында 1-3 орын .
      Қазақстан  Республикасы спорт  шебері
      Ересектер арасындағы Қазақстан  Республикасы Спартакиадасында 1-3 орын;
      Ересектер арасындағы Қазақстан  Республикасы  Чемпионатында 1-2 орын ;
      Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы Кубогында 1-2 орын;
      Кадеттер арасындағы Азия чемпионатында 1-2 орын;
      Қазақстан  Республикасы жастар ойындарында1-2 орын;
      Жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында 1 орын;
      Кеңес одағына еңбегі сіңген жаттықтырушы Мардан  Сапарбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен ересектер арасында Республикалық турнирде 1 орын;
      Кеңес одағының  батыры Нүркен Әбдіровті еске алуға арналған еркін күрестен ересектер арасында Республикалық турнирде 1 орын;
      Кеңес одағының Социалистік еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваны еске алуға арналған еркін күресінен  ересектер арасында Республикалық турнирде 1 орын;
      Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесі үшін грек-рим  күресінен жастар арасында Республикалық турнирде 1 орын;
      «Азия балалары» халықаралық спорт ойындарында 1 орын;
      Кеңес одағының батыры генерал Сабыр Рахымовты еске алуға арналған еркін күресінен жастар арасында Республикалық турнирде 1 орын;
      Қазақстан Республикасы спорт шеберлігіне үміткер
      Ересектер арасындағы Қазақстан  Республикасы Спартакиадасында 4-6 орын;
      Ересектер арасындағы Қазақстан  Республикасы  Чемпионатында 3-5 орын;
      Қазақстан Республикасы жастар  ойындарында 3-5 орын;
      Жастар  арасындағы Қазақстан  Республикасы  чемпионатында 2-3 орын;
      I разряд
      1 жыл ішінде 1-ші  разрядтағы 8 спортшыны жеңу (соның  ішінде 3  кездесуді таза жеңу) немесе II разрядтағы 16  спортшыны жеңу (соның ішінде 6 кездесуді таза жеңу)қалалық деңгейден төмен емес жарыстарда.
      II разряд
      1 жыл ішінде II-ші разрядтағы 6 спортшыны жеңу (соның  ішінде  2 сайыста таза жеңу) деңгейі ауылдық округке аудандық жарыстардан төмен  болмау.
      III разряд
      1 жыл ішінде III-ші разрядтағы 4 спортшыны жеңу немесе қалалық жарыста жаңадан қатысатын 8 спортшыдан басым түсу.
      I  жасөспірімдер разряды (14-17 жас)
      Облыстар және қала біріншілігінде 1-ші орын алу, жарысқа 1 жасөспірімдік разрядтағы 4 спортшы қатысу керек немесе 1 жыл ішінде II жасөсіпірімдік разрядтағы 10 спортшыдан басым түсу, кез-келген деңгейдегі жарыста.
      II  жасөспірімдер разряды (14-15 жас)
      1,5 жыл күреске қатысу және 1 жыл ішінде III жасөспірімдік разрядтағы 4 спортшыдан басым түсу, кез-келген деңгейдегі жарыста.
      III  жасөспірімдер разряды (14-15 жас)
      жыл бойы жүйелі түрде спортпен шұғылдану, жарыстарда 5 реттен кем емес сайыс өткізу.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет