Шаршап-шалдығу қалпы-уақытшп жұмыс қабілетінің кемуінен физиогогиялық қызметтерде болатын қалыптан тыс өзгерістерден және жедел әрі ұзақ мерзімді іс-әрекет салдары ізімен туындайтын шаршау сезімдері тобындағы субектив түйсінулерден пайда болатын ағза қалпы.
Психикалық күштену (напряжение) қалпы-іс-әрекеттің күрделенген жағдайлардағы интеллектуалды және эмоциялы-еріктік құблыстар.
Тұлғаның дағдарысты қалпы-адамның психикалықұ бұзылысқа келтіруші жағдайларға жауап қатысы, әрекеті. Бейімшіл тұлға, әдетте, өз ұстанымдарын қорғаныс бағытында қайта жасап, өзгерістерге келтіре алады. Психикалық жарақаттан болатын жандүниелік күйзеліс, жөнсіздік қайта-түзетуге келген рет-тәртіптілікпен оң бағытқа түседі, ал адамның ішкі жан әлеміндегі кейде орын алатын жалған тәртіптілік (псевдоупорядоченность) тұлғаның әлеуметтік ортадан алыстатылып, мұңды қиялға батуыына, ал кейде ішімдікке, нашақорлыққа берілуіне себепші болады.
Достарыңызбен бөлісу: |