Оқушылар:
- бөлшектерді пайыз арқылы және керісінше өрнектеу алгоритмін түсіндіре алады;
Пәнге тән лексика мен терминология: - пайыз;
- пайыздық қатынас;
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - санның жүзден бір бөлігі ... деп аталады;
- пайызды ондық бөлшекпен өрнектеу үшін … керек;
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды жағдайды талдау, жаңа жағдайларға икемделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, жеке, жұпта және топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу. Өз жұмысын дұрыс жауапен тексеруде азаматтық жауапкершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Осы бөлімнен алған білімдері мен біліктері оқушыларға практикалық сипаттағы, сонымен қатар, экономика элементтерімен байланысты есептерді шешуге мүмкіндік береді. Жоғары сыныптарда оқушылар алған білімдерін химияда заттардың концентрациясына берілген есептер шешуде, физикада пайдалы әсер коэффициентін табуға және басқа да көптеген салаларда қолданады.
Бастапқы білім
Жай бөлшектерге, ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану; санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табу ережелерін білу және қолдану; белгісіз компонеттерін табу ережелері негізінде теңдеулерді шешу біліктілігі.