Спортшының іс-әрекет негізінде тұлға болып қалыптасуы. Спортшының жеке психологиялық тұлға ерекшелігі


Жалпы психологиялық және арнаулы психологиялық дайындық



бет3/20
Дата05.04.2022
өлшемі40,41 Kb.
#138051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
БАЯНДАМА
Документ Microsoft Office Word (3), Дәптердің сырты, 10сабак Жаксыгул, СӨЖ Аруна.Х токс.оценка Фа17-001-01, !4-ОШ БЖБ Биология 8-сын қаз, treatise206008
3.Жалпы психологиялық және арнаулы психологиялық дайындық.
Бұл процестің негізгі мақсаты-спортшының психологиялық дайындығын
Жасау болып табылады: 1) Ұзаққа созылатын жаттығу процесіне; 2) жалпы жарыстарға және 3) нақты жарысқа спортшының психикалық дайындығын жасау, қалыптастыру, болып табылады. Ұзаққа созылатын жаттығулар мен жарыстарға психологиялық дайындық алдын-ала жүргізілетін және жалпы пстхологиялық дайындық деп аталады, ал нақты бір жарысқа тікелей дайындық арнайы психологиялық дайындық деп аталады.
Осы жалпы және арнайы психологиялық дайындықтар арасында дайындықтың соңғы кезеңіндегі спортшының психикалық жағдайын түзету мақсаты көзделген арнаулы іс-шаралар өткізілуі мүмкін. Мұндай іс-шараларға деген қажеттілік жалпы психологиялық дайындықты бір жүйенің жоғтығынан туындайды және де олар өткізілген жұмыстарды нақтылайды. Психикалық жай-күйлер корекциялық бағдарламасы алдын-ала және нақты психологиялық дайындықтың біріктірілген іс-шараларының қысқартылған нұсқаларын білдіреді.
Бірақ, жеке тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру мен жетілдіру-бұл дайыедықтың түпкі мақсаты болып табылады. Күнделікті іс-шаралардың мақсаты нақты қойылады. Ол-спортшы бойында жаттығу немесе жарыстың табысты болуын қамтамасыз ететін жағымды психикалық жай-күй жасау болып табылады. Актуальды психологиялық жай-күй жаттығудың жемістілігі мен сапасын анықтайды, бірақ, ол келесі дәріс-сабақта болмауы мүмкін. Ол іс-әрекет уақытша іске асатын фонды айқындайды. Енді осы жай-күй созылмалы, бір қалыпты болуы үшін оның негізіне спортшының іс-әрекет процесіне, осы процесс шарттарына, өз-өзіне, жүктемелерге және т.б. деген қарым-қатынасы жатқызылуы тиіс.
Қалыпты жағдайға түсе отырып, актуальды жай-күй негізге айналады және іс-әрекеттің едәуір ұзақ мерзімге созылатын өзіне тән нақтылықпен ерекшеленетін психикалық білімділік сияқты жеке тұлға қасиеттерін анықтайды. Мысалы, бір спортшы жаттықтырушы тапсырмасын үнемі сапалы әрі жемісті орындайды, ал екінші мұнй анда-санда істейді. Біріншісінің жұмысқа қабілеттілігі жаттығу процесіне деген шын көңілмен қарым-қатынасынан көрінеді, ал екіншісі-бүгінгі көңіл-күймен байланысты болады. Сондықтан осындай психикалық жай-күй сайын әрбір жаттығу, сабақ барысында психологиялық-педагогикалық әсер етулерін жиынтығын қолдана отырып, қалыртастыру қөажет. Сөйтіп, психологиялық дайындық-бұл психикалық жай-күй негізге айналғанша, одан кейін жеке тұлға қасиеті болғанша реттелетін күрделі процесс. Осы аталған процестің орталық мақсаты-психологтар, ата-аналар, жаттықтырушылардың әсерінен, яғни тәрбиелеу ьарысында және өзін-өзі іштей ұйымдастыру мен жұмылдыру, яғни спортшының өзін-өзі тәрбилеу процесінде болатын спорттық мінез-құлық негізін құрайтын тиісті қарым-қатынастарды қалыптастыру мен пысықтау болып табылады.
Спортшының психологиялық дайындығында негізгі психологиялық құбылыстардың үш тобын: процестер, жай-күйлермен қасиеттерді жетілдіру негізінде психика дамуының классикалық жалпы кестесі айқын көрініс табады. Тәрбиелену мен өзін-өзі тәрбиелеу барысында психикалық жай-күйлер мен процестердің өзгерулері болып тұрады. Осы айтылғандардың бәрі спортшының психологиялық дайындығының мақсаты-спорттық жарыс пен жаттығудың табыстылығын білдіреді. Жеке тұлғак қасиеттерін қалыптастыру мен жетілдіру болып табылатындығы дәлелдейді.
Дамудың осындай күрделі процесі спорттық іс-әрекеттің әртүрлі жағдайларында спортшының мінез-құлқы мен жай-күйін басқару арқылы іске асады. Психологиялық жай-күйді басқару мен жеке тұлға қасиеттерін тәрбиелеу іс-әрекет пен оның нәтижесі ретінде бір-бірімен тығыз байланысты. Жақсы ұйымдастырылған және жеткілікті ұзақ психологиялық дайындық, спортшыны басқару қажеттілігінің одан әрі азаюына әкелуде. Өзін-өзі басқаруды, өзін-өзі реттеуді жетілдіру жүйесі спортшының жеке тұлғасының маңызды мінездемесі ретінде оған жаттығу кезінде де, жарыстар кезінде де көп байқала бермейтін резервті мүмкіндік.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет