Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігінің (ДДКА) құжатынан үзінді; 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады 4.0 Терапевтік пайдалануға рұқсат беру өлшемдері Спортшыға Тыйым салынған тізімге енгізілген тыйым салынған субстанцияларды немесе тыйым салынған әдістерді терапевтік пайдалануға (ТП) рұқсат берілуі мүмкін. ТП-ға рұқсат беру өтінімін Терапевтік пайдалануға рұқсат беру жөніндегі комитет (ТПК) қарайды. ТПК-ні допингке қарсы күрес ұйымы тағайындайды. Осындай рұқсаттар қатаң түрде мынадай өлшемдерге сәйкес беріледі:
Ескерту: Осы стандарт Кодексте жазылғандай барлық спортшыларға, мысалы, толық дене шынықтыру мүмкіндіктері бар спортшыларға және дене шынықтыру мүмкіндіктері шектеулі спортшыларға қатысты. Осы стандарт жекелеген жағдайларға сәйкес қолданылады. Мысалы, дене шынықтыру мүмкіндіктері шектеулі спортшыға берілген рұқсат басқаларға берілмеуі мүмкін. 4.1. ТП-ға рұқсат беру өтінімін спортшы спорттық іс-шараға қатысқанға дейін 21 күннен кешіктірмей береді.
4.2. Егер қандай да бір ауыр немесе созылмалы науқасты емдеу процесінде спортшы денсаулық жағдайының айтарлықтай төмендегенін сезінсе, ол тыйым салынған субстанцияны немесе әдісті пайдалана алмайды.
4.3. Тыйым салынған субстанцияны немесе әдісті терапевтік пайдалану, осы субстанцияны қолданудың терапевтік салдарының әсерінен болған қалыпты денсаулық жағдайының қалпына келуімен байланысты күткен жақсарудан басқа спорттық нәтижелердің қосымша жақсаруына әкелмейді. Эндогендік гормондардың "төменгі" деңгейін арттыру үшін кез келген тыйым салынған субстанцияны немесе әдісті пайдалану қолайлы терапевтік араласу болып саналмайды.
4.4. Тыйым салынған субстанцияны немесе әдісті пайдаланудың ақылға сыйымды терапевтік баламасының болмауы.
4.5. Тыйым салынған субстанцияны немесе әдісті пайдалану қажеттілігі Тыйым салынған тізімнен бұған дейінгі терапевтік емес субстанцияны пайдаланудың салдары бола алмайды.
4.6. ТП-ға рұқсат берген орган мынадай жағдайларда оның күшін жояды, егер:
(а) спортшы ТП-ға рұқсат берген допингке қарсы күрес ұйымының кез келген талаптарына бірден бағынбаса;
(b) ТП-ға рұқсаттың қолданыс мерзімі өтіп кетсе;
(с) спортшы допингке қарсы күрес ұйымының ТП-ға рұқсат берудің күшін жойғанынан хабардар болса.
Ескерту: ТП-ға берілген әрбір нақты рұқсаттың тиісті ТПК бекіткен нақты көрсетілген қолданыс мерзімі болады. ТП-ға берілген рұқсаттың қолданыс мерзімі өтіп кетсе де немесе рұқсат қайтарылып алынса да, ал ТП мақсатында пайдалануға рұқсат берілген тыйым салынған субстанция бұрынғыша спортшының ағзасында болатын жағдайлар да кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайларда теріс талдау нәтижесін бастапқы зерделеуді жүзеге асыратын допингке қарсы күрес ұйымы осындай нәтиже рұқсаттың қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін немесе ТП-ға рұқсат беруді қайтарып алумен келісетіні, келіспейтіні туралы мәселені қарайды. 4.7 ТП-ға рұқсат беру өтінімі мынадай жағдайларды қоспағанда, оның ретроактивті мақұлдау мәніне қарамайды:
(а) жедел медициналық көмек көрсету немесе денсаулық жағдайының шұғыл төмендеуі кезінде емдеу қажеттілігі;
(b) өтінім берушінің өтінім беруге, ал ТПК-ның допинг-бақылау өткізгенге дейін өтінімді қарауға жеткілікті уақыты немесе мүмкіндіктері болмауының айрықша жағдайлары.
Ескерту: ТП-ға рұқсат алғанға дейін тыйым салынған субстанцияларды немесе әдістерді пайдаланумен жедел медициналық көмек көрсету қажеттілігі не денсаулық жағдайының шұғыл төмендеуі кезінде емдеу қажеттілігі сирек туындайды. ТП-ға рұқсат беруге өтінім берудің оңайлатылған рәсімін талап ететін жағдайлар да жиі туындамайды. Сонымен бірге ТП-ға рұқсат беруге жауапты допингке қарсы күрес ұйымы осындай жағдайларда әрекет етуді айқындайтын ішкірәсімдер әзірлеуі тиіс. 5.0 Ақпараттың құпиялылығы 5.1 Өтінім беруші ТПК мүшелерінің өтінішіне және егер қажет болса басқа да тәуелсіз медициналық немесе ғылыми сарапшыларға, сондай-ақ ТП-ға рұқсат беруге, қарауға немесе апелляцияға өтінім білдіруге қатысы бар барлық қызметкерлерге барлық қажетті ақпаратты беруге жазбаша келісім беруі тиіс.
Егер басқа жақтан тәуелсіз сарапшыны тарту талап етілсе, өтінімнің барлық детальдары спортшының тегі мен аты және оның емдейтін дәрігері жазылмай жіберіледі. Бұдан басқа, өтінім беруші Кодекстің ережелеріне сәйкес басқа тиісті допингке қарсы күрес ұйымдары оның өтінімі бойынша қабылдаған шешімін тапсыруға жазбаша келісім беруі тиіс.
5.2. ТПК мүшелері және допингке қарсы күрес ұйымының ісін жүргізетін әкімшілік өзінің барлық қызметінде құпиялылық принциптерін қатаң сақтайтын болады. ТПК-ның барлық мүшелері, осыған қатысы бар барлық қызметкерлер құпиялылықты сақтау туралы келісімге қол қояды. Атап айтқанда, олар мынадай ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауы тиіс:
(а) спортшы мен оның дәрігері/дәрігерлері ұсынатын кез келген ақпарат және медициналық сипаттағы деректер;
(b) осы процеске тартылған дәрігердің/дәрігерлердің тегі мен атын қоса алғанда өтінімнің кез келген детальдары.
Егер спортшы ТПК-ге немесе ДДКА ТПК-ге өзінен денсаулық жағдайы туралы кез келген ақпарат беру құқығынан бас тартқысы келсе, онда ол бұл туралы өзінің дәрігеріне жазбаша хабарлауға тиіс. Осындай шешім болғандықтан спортшы ТП-ға рұқсат алмайды немесе ТП-ға қолданыстағы рұқсатты жаңарта алмайды.