Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы



бет44/45
Дата12.10.2020
өлшемі208,5 Kb.
#64830
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
6.0 Терапевтік пайдалануға рұқсат беру жөніндегі комитеттер (ТПК) ТА-ға рұқсат беру жөніндегі комитеттер белгіленеді және мынадай принциптерге сәйкес іс-әрекет етеді:
6.1 ТПК-ның құрамында спортта және спортшыларды емдеуде жұмыс тәжірибесі бар, сондай-ақ клиникалық, спорттық медицина және жаттығу жүктемелерін медициналық бақылау саласында терең білімі бар кем дегенде үш дәрігер болуға тиіс. Шешім қабылдау кезінде тәуелсіздіктің белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету үшін ТПК-ның мүшелері допингке қарсы күрес ұйымының шеңберінде қандай да бір ресми міндеттермен байланысты болмауға тиіс. ТПК-ның барлық мүшелері мүдделердің қақтығысын болдырмау туралы келісімге қол қояды. Дене шынықтыру мүмкіндіктері шектеулі спортшылардың өтінімдерін қарау үшін ТПК-ның кем дегенде бір мүшесінде дене шынықтыру мүмкіндіктері шектеулі спортшыларды емдеу және медициналық күту тәжірибесі болуы тиіс.
6.2 ТПК ТП-ға рұқсат беруге әрбір нақты өтінімге қатысты жағдайларды қарау үшін қажет деп тапқан сыртқы көздерден кез келген медициналық немесе ғылыми сараптамаға сұрау сала алады.
6.3 ДДКА ТПК мүшелерінің құрамы 6.1-бабында жазылған өлшемдерге сәйкес айкындалады. Допингке қарсы күрес ұйымдарының ТП-ға рұқсат беруіне қатысты өз жеке бастамасы бойынша шешімдерді қабылдау үшін ДДКА ТПК белгіленеді. ДДКА ТПК Кодексінің 4.4-бабына сәйкес допингке қарсы күрес ұйымы терапевтік пайдалануға рұқсат беруден бас тартқан   кез келген спортшының сұрау салуы бойынша олардың қайта қарауына өкілеттіктерді иелене отырып, осындай шешімдерді қарай алады.
7.0 Терапевтік пайдалануға (ТП) рұқсат беруге өтінімдер беру рәсімі
7.1 ТП-ға рұқсат беру өтінімі барлық тиісті құжаттар қоса берілуге тиіс өтінімнің толтырылған формулярын алғаннан кейін ғана қаралады (1-қосымшаны қараңыз - ТП-ға рұқсат беруге өтінімдердің формуляры). Өтінімді қарау рәсімі қатаң медициналық құпиялылық принциптеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
7.2 1-қосымшада келтірілген ТП-ға рұқсат беру өтінімдерінің формуляр(лар)ына допингке қарсы күрес ұйымдары ақпарат алу мақсатында қосымша сұрау салуларды қамтитын өзгерістерді енгізе алады, алайда олардан ешбір бөлімдер мен тармақтар алынып тастала алмайды.
7.3 ТП-ға рұқсат беру өтінімдерінің формуляр(лар)ын допингке қарсы күрес ұйымы басқа тілдерге аудара алады, алайда ағылшын және француз мәтіндері өтінімдердің формуляр(лар)ында қалуы тиіс.
7.4 Спортшы кемінде бір допингке қарсы күрес ұйымына Ш-ға рұқсат алу жөнінде өтінім білдіре алады. Өтінімде спорт түрі, тиісті жағдайларда спорттық пән және нақты позициясы немесе спортшының рөлі көрсетілуі тиіс.
7.5 Өтінімде кез келген бұған дейінгі және/немесе қолданыста бар тыйым салынған субстанцияны немесе тыйым салынған әдісті пайдалануға рұқсат беру өтінімдері аталуға тиіс, олар берілген орган және олар бойынша осы органның шешімі жазылады.
7.6 Өтінімде спортшының толық медициналық картасы (ауру тарихы) және барлық зерттеулердің нәтижелері, зертханалық талдаулар және осы өтінімге қатысы бар медициналық бейнелеулерді зерделеулер болуы тиіс.
7.7 Допингке қарсы күрес ұйымының ТПК сұрататын кез келген тиісті қосымша зерттеулер, талдаулар немесе медициналық бейнелеулерді зерделеулер өтінім берген адамның немесе ұлттық спорт ұйымының басшысы есебінен жүргізіледі.
7.8 Өтінімде спортшыны емдеу үшін тыйым салынған субстанцияны немесе тыйым салынған әдісті пайдалану қажеттілігін растайтын тиісті біліктілігі бар дәрігердің қорытындысы болуы тиіс; онда сол сияқты спортшыны емдеу үшін неліктен балама, тыйым салынбаған медициналық дәрі-дәрмектердің пайдаланыла алатыны немесе пайдаланыла алмайтыны көрсетілуі тиіс.
7.9 Өтінімде сұратқан тыйым салынған субстанцияны немесе әдісті пайдалану мөлшері, жиілігі, тәсілі және ұзақтығы көрсетілуі тиіс.
7.10 ТПК-ның шешімдері тиісті ақпарат алған күннен бастап 30 күн ішінде қабылданады және тиісті допингке қарсы күрес ұйымы арқылы спортшыға жазбаша түрде жеткізіледі. Егер ТП-ға рұқсат спортшыға допингке қарсы ұйымның тіркелген тестілеу пулы арқылы берілсе, онда өтінімді бекіту туралы спортшыға және ДДКА-ға ТП-ға рұқсат берумен байланысты осы рұқсаттың қолданыс мерзімі мен барлық жағдайларға қатысты ақпаратты бір уақытта ұсына отырып, дереу хабарлайды.
7.11 (а) ДДКА ТПК-ның қабылдаған шешімін қайта қарау туралы спортшыдан алынған сынақ жөніндегі Кодекстің 4.4-бабына сәйкес қандай да бір допингке қарсы күрес ұйымы қабылдаған ТП-ға рұқсат беру туралы шешімді қайта қарау мүмкіндігі болады. Спортшы ДДКА ТПК-ге бастапқыда допингке қарсы күрес ұйымы ұсынған ТП-ға рұқсат беруге қатысты барлық ақпаратты өтінімді қарау жөніндегі қызмет көрсетулердің төлемақысымен бірге береді. Қарау процесі аяқталғанға дейін бастапқы қабылданған шешім күшінде қалады. Аталған өтінішті қарау процесінің ұзақтығы ДДКА-дан тиісті ақпаратты алған күннен бастап 30 күннен аспауы тиіс.
b) ДДКА қарауды кез келген уақытта жүргізе алады. ДДКА ТПК өз қарауын 30 күн ішінде аяқтайды.
7.12 Егер ТП-ға рұқсат беру туралы шешім аталған өтініштің қарау нәтижелері бойынша қайта қарауға жатса, онда қайта қарау туралы мұндай шешімнің кері күші болмайды және ТП-ға рұқсаттың қолданысы кезеңінде спортшы көрсеткен нәтижелер жойылуға жатпайды, ал мұндай қайта қарау туралы шешім спортшыны ол туралы хабардар еткен сәттен бастап 14 күннен кешіктірілмей күшіне енеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет