Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы



бет2/45
Дата12.10.2020
өлшемі208,5 Kb.
#64830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
I. Қолданылу саласы
1-бап — Конвенцияның мақсаты
      Осы Конвенцияның мақсаты ЮНЕСКО-ның дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметінің стратегиялары мен бағдарламалары шеңберінде оны жою мүддесінде спортта допинг қолдануды болдырмауға және онымен күресуге жәрдемдесу болып табылады.
2-бап - Айқындаулар
      Төменде келтірілген айқындаулар Дүниежүзілік допингке қарсы кодекстің түп мәтінінде түсіндірілгені жөн. Алайда олар әркелкі түсінілген жағдайда, Конвенцияның ережелері басымдылыққа ие болады.
      Осы Конвенцияның мақсаттары үшін:
      1. "Допинг-бақылаудың аккредиттелген лабораториялары" Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік аккредиттеген лабораторияларды білдіреді.
      2. "Допингке қарсы ұйым" допинг бақылау процесінің кез келген элементін әзірлеуге, жүзеге асыруға немесе оның сақталуын қамтамасыз етуге қатысты ережелерді белгілеуге жауапты заңды тұлғаны білдіреді. Оларға, мысалы, Халықаралық олимпиада комитеті, Халықаралық паралимпиялық комитет, ірі іс-шаралар өткізетін және оларға тестілеуді жүзеге асыратын басқа да ұйымдар, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік, халықаралық федерациялар және ұлттық допингке қарсы ұйымдар жатады.
      3. Спорттағы "допингке қарсы ережені бұзу" бір немесе бірнеше мынадай бұрмалаушылықтарды білдіреді:
      (а) спортшының ағзасынан алынған сынақта тыйым салынған субстанцияның немесе оның метаболитының немесе маркерінің болуы;
      (b) тыйым салынған субстанцияны немесе тыйым салынған әдісті пайдалану немесе пайдалануға талпыну;
      (с) қолданыстағы допингке қарсы ережелерге сәйкес хабарлама алғаннан кейін сынақ алуға келуден бас тарту немесе сынақ алуға себепсіз келмеу немесе сынақ алудан өзге де жолмен жалтару;
      (d) байыпты ережелердің негізінде белгіленетін өзінің орналасқан жері туралы талап етілетін ақпаратты бермеуді және ақылға қонымды тестіден өтуге келмеуді қоса алғанда, спортшының жарыстан тыс тестілеуден өтуіне қатысты қолданыстағы талаптарды бұзу;
      (е) допинг-бақылаудың кез келген кезеңінде оны бұрмалау немесе бұрмалауға ұмтылу;
      (f) тыйым салынған субстанцияларға немесе әдістерге ие болу;
      (g) кез келген тыйым салынған субстанцияны немесе кез келген тыйым салынған әдісті тарату;
      (h) тыйым салынған субстанцияны кез келген спортшыға егу немесе егуге ұмтылу немесе оған қатысты тыйым салынған әдістерді қолдану немесе қолдануға ұмтылу немесе допингке қарсы ережені бұзуға немесе бұзуға ұмтылумен байланысты көмек көрсету, көтермелеу, жәрдемдесу, арандату, жасыру немесе кез келген өзге нысанда бірге қатысу.
      4. Допинг-бақылау мақсаттары үшін "спортшы" әрбір ұлттық допингке қарсы ұйым анықтайтын және қатысушы мемлекеттер танитын халықаралық немесе ұлттық деңгейде спортпен айналысатын кез келген адамды, сондай-ақ қатысушы мемлекеттер мойындайтын спортпен айналысатын немесе төменірек деңгейдегі спорттық іс-шараға қатысатын кез келген басқа адамды білдіреді. Білім және даярлау бағдарламаларының мақсаттары үшін "спортшы" ұғымы қандай да бір спорт ұйымының бастамасымен спортпен айналысатын кез келген тұлғаны білдіреді.
      5. "Спортшының қосалқы персоналы" спортшымен жұмыс істейтін немесе спортшыны емдеумен айналысатын, спорттық жарысқа қатысатын немесе қатысуға даярлайтын кез келген жаттықтырушыны, нұсқаушыны, менеджерді, агентті, команда штатының мүшесін, лауазымды тұлғаны, медициналық немесе парамедициналық персоналды білдіреді.
      6. "Кодекс" Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік 2003 жылғы 5 наурызда Копенгаген қаласында қабылдаған және осы Конвенцияның 1-толықтыруына енгізілген Дүниежүзілік допингке қарсы кодексті білдіреді.
      7. "Жарыс" жекелеген жарысты, матчты, ойынды немесе спорттық тартысты білдіреді.
      8. "Допинг-бақылау" тестілеу жүргізуді жоспарлау, сынамалар алу және оларды ұстау, лабораториялық талдау, тестілеуден кейінгі рәсімдер, тыңдаулар мен аппеляциялар кіретін процесті білдіреді.
      9. "Спорттағы допинг" допингке қарсы ережелерді бұзу жағдайын білдіреді.
      10. "Допинг-бақылаудың тиісті дәрежедегі уәкілетті органдары" халықаралық немесе ұлттық допингке қарсы ұйымдардың басшылығымен әрекет ететін допинг-бақылау топтарын білдіреді.
      11. Егер қандай да бір халықаралық федерация немесе басқа да тиісті допингке қарсы ұйым өзгеше көздемесе, "жарыстық тестілеу" жарыстық және жарыстан тыс тестілеу арасындағы айырмашылықты жүргізу мақсаты үшін спортшының нақты жарысқа қатысуына байланысты тестілеу үшін таңдап алынуындағы тест жүргізуді білдіреді.
      12. "Лабораториялар үшін халықаралық стандарт" осы Конвенцияға 2-толықтыруына енгізілген стандартты білдіреді.
      13. "Тестілеудің халықаралық стандарты" осы Конвенцияға 3-толықтыруына енгізілген стандартты білдіреді.
      14. "Алдын-ала хабарлаусыз" спортшыны алдын-ала хабардар етпей жүргізілетін допинг-бақылауды білдіреді, бұл ретте спортшыға оған хабарлау сәтінен бастап сынама алғанға дейін тұрақты ілесіп жүру белгіленеді.
      15. "Олимпиада қозғалысы" Олимпиада хартиясын басшылыққа алуға келісетіндерді және Халықаралық олимпиада комитетінің өкілеттігін танитындарды, атап айтқанда: Олимпиада ойындарының бағдарламасына енетін спорт түрлерінің халықаралық федерацияларын, ұлттық олимпиада комитеттерін, Олимпиада ойындарын ұйымдастырушы комитеттерін, спортшыларды, төрешілер мен арбитрларды, қауымдастықтар мен клубтарды, сондай-ақ Халықаралық олимпиада комитеті таныған барлық ұйымдар мен мекемелерді білдіреді.
      16. "Жарыстан тыс" допинг-бақылау жарыстан тыс өткізілетін кез келген допинг-бақылауды білдіреді.
      17. "Тыйым салынған тізім" тыйым салынған субстанциялар мен тыйым салынған әдістер көрсетілген, осы Конвенцияға 1-қосымшаға енгізілген тізімді білдіреді.
      18. "Тыйым салынған әдіс" осы Конвенцияға І-қосымшаға енгізілген Тыйым салынған тізімде осындай әдіс ретінде белгіленген кез келген әдісті білдіреді.
      19. "Тыйым салынған субстанция" осы Конвенцияға 1-қосымшаға енгізілген Тыйым салынған тізімде осындай субстанция ретінде белгіленген кез келген субстанцияны білдіреді.
      20. "Спорттық ұйым" спорттың бір немесе бірнеше түрінен спорттық іс-шараны өткізу ережелерін белгілейтін орган ретіндегі кез келген ұйымды білдіреді.
      21. "Терапевтік пайдалануға рұқсат ету стандарттары" осы Конвенцияға ІІ-қосымшаға енгізілген стандарттарды білдіреді.
      22. "Тестілеу" ұғымы тестілеу жүргізуді жоспарлау, сынамалар алу, сынамаларды тұту және сынамаларды лабораторияларға тасымалдау кіретін допинг-бақылау процесінің бөлігін білдіреді.
      23. "Терапевтік пайдалануға рұқсат ету" Терапевтік пайдалануға рұқсат беру стандарттарына сәйкес берілетін рұқсатты білдіреді.
      24. "Пайдалану" кез келген тыйым салынған субстанцияны немесе тыйым салынған әдісті қолдануды, пероралдық енгізуді, инъекцияны немесе кез келген өзге тәсілмен қолдануды білдіреді.
      25. "Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік" (ДДҚА) швейцария заңнамасына сәйкес 1999 жылғы 10 қарашада құрылған осы атаудағы қорды білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет