9-бап - Спортшының қосалқы персоналына қатысты шаралар Қатысушы мемлекеттер спортшының допингке қарсы күрес ережесін бұзған немесе спорттағы допингпен байланысты басқа да бұзушылыққа барған қосалқы персоналына қатысты шараларды өздері қабылдайды немесе спорттық ұйымдар мен допингке қарсы күрес ұйымдардың, оның ішінде санкция қолдануына немесе айыппұлдар салуына жәрдемдеседі.
10-бап - Тағамдық қоспалар Қатысушы мемлекеттер, орынды болған жағдайда, тағамдық қоспалардың химиялық құрамы мен сапа кепілдігі туралы ақпарат ұсынуды қоса алғанда, оларды өткізу мен тарату саласында өндірушілер мен таратушылардың алдыңғы қатарлы практиканың тағамдық қоспаларын енгізуіне жәрдемдеседі.