Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы



бет8/45
Дата12.10.2020
өлшемі208,5 Kb.
#64830
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45
11-бап - Қаржылық шаралар
      Қатысушы мемлекеттер, орынды болған жағдайда:
      (а) өздерінің тиісті бюджеттері шеңберінде спорттың барлық түрлерінен ұлттық тестілеу бағдарламасын қаржыландыру үшін қаражат бөледі немесе спорттық ұйымдар мен допингке қарсы ұйымдарға допинг-бақылауды қаржыландыруға тікелей субсидиялар немесе дотациялар түрінде не осы ұйымдарға берілетін субсидиялар немесе дотациялардың жалпы сомасын белгілеу кезінде мұндай бақылау жөніндегі шығыстардың есебі нысанында көмек көрсетеді;
      (b) допингке қарсы ережені бұзу салдарынан шеттетілген жекелеген спортшыларға немесе олардың қосалқы персоналына шеттетілудің барлық кезеңінде спорттық қызметке байланысты қаржылық қолдау көрсетуді тоқтату жөнінде шаралар қабылдайды;
      (с) Кодексті немесе Кодекске сәйкес белгіленген қолданыстағы допингке қарсы ережелерді ұстанбайтын кез келген спорттық ұйымды  немесе допингке қарсы ұйымды спорттық қызметпен байланысты қаржылық немесе басқа да қолдауды ішінара немесе толығымен тоқтатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет