3-бап - Конвенцияның мақсаттарына қол жеткізу құралдары Қатысушы мемлекеттер Конвенцияның мақсаттарына қол жеткізу үшін:
(а) Кодекс принциптеріне сәйкес ұлттық және халықаралық деңгейлерде тиісті шараларды қабылдауға;
(b) спортшыларды қорғауды қамтамасыз етуге, спортта этикалық принциптерді сақтауға және зерттеулер нәтижелерін бірлесіп пайдалануға бағытталған халықаралық ынтымақтастықтың барлық нысандарын көтермелеуге;
(с) қатысушы мемлекеттер мен спорттағы допингпен күрес саласындағы жетекші ұйымдар арасындағы, атап айтқанда Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікпен халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесуге міндеттенеді.