4-бап - Конвенцияның Кодекспен байланысы 1. Спорттағы допингпен күрес жөніндегі іс-қимылды ұлттық және халықаралық деңгейлерде үйлестіру мақсатында қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияның 5-бабында көзделген шараларды қабылдау үшін негіз ретінде Кодекс принциптерін ұстануға міндеттенеді. Кодекске қосымша басқа да шаралар қабылдауға қатысушы-мемлекеттерге осы Конвенцияда ешнәрсе кедергі болмайды.
2. Кодекс пен 2 және 3-толықтырулардың ең соңғы нұсқалары мәлімет үшін беріледі және осы Конвенцияның ажырамас бөлігі болып табылмайды. Қатысушы мемлекеттер үшін толықтырулар өздігінен қандай да бір халықаралық-құқықтық міндеттемелер белгілемейді.
3. Қосымшалар осы Конвенцияның ажырамас бөлігі болып табылады.