Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы


II. Ұлттық деңгейдегі допингпен күрес жөніндегі қызмет



бет6/45
Дата12.10.2020
өлшемі208,5 Kb.
#64830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
II. Ұлттық деңгейдегі допингпен күрес жөніндегі қызмет
7-бап - Ел ішіндегі үйлестіру
      Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияның қолданылуын, атап айтқанда, ел ішіндегі іс-қимылдарды үйлестіру жолымен қамтамасыз етеді. Осы Конвенцияға сәйкес өздерінің міндеттемелерін орындау үшін қатысушы мемлекеттер допингке қарсы ұйымдарды, сондай-ақ спорттық мекемелер мен ұйымдарды пайдалануы мүмкін.
8-бап - Тыйым салынған субстанциялар мен әдістердің қол
жетімділігін және олардың спортта пайдаланылуын
шектеу
      1. Қатысушы мемлекеттер пайдаланылуы терапевтік пайдалануға арналған рұқсаттарға негізделген жағдайларды қоспағанда, спортшылардың тыйым салынған субстанциялар мен әдістерді, спортта пайдалануын шектеу мақсатында, орынды жағдайларда, олардың қол жетімділігін шектеу жөнінде шаралар қабылдайды. Олардың қатарына тыйым салынған субстанциялар мен әдістерді спортшылар арасында таратумен күрес жөніндегі шаралар және тиісінше, оларды өндірісін, жылжуын, әкелуін, бөлуді және сатуды бақылау жөніндегі шаралар енеді.
      2. Қатысушы мемлекеттер спортшылардың спортта тыйым салынған субстанциялар мен әдістерді пайдалануына терапевтік пайдалануға рұқсат негізінде пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, оларды пайдалануы мен иеленуін болдырмау және шектеу жөнінде шаралар қабылдайды немесе орындылығына қарай өздерінің заңды құзырындағы тиісті заңды тұлғалардың мұндай шаралар қабылдауын көтермелейді.
      3. Осы Конвенцияға сәйкес қабылданатын шаралар өзге жағдайларда спортта тыйым салынған немесе бақыланатын субстанциялар мен әдістердің заңды мақсаттарда қол жетімділігін қамтамасыз етуге ешбір кедергі болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет