2
Спорт физиологиясы - ғылыми және оқулық ілім ретінде ХХ – ғасырдың 30-шы жылдарында
қалыптасты. Физиологияның бұл арнаулы бөлімі
бойынша алғашқы оқулық пен
момнографияны В.Ф. Лесгафт атындағы дене тәрбиелеу мәдениеті институттың \Санк-
Петербург\ физиология кафедрасының оқытушысы А.Н. Крестовников жазды. Бұл
институттың ең алғашқы кафедрасы еді. Л.А. Орбели оны ұйымдастырып, 1919
жылдың
1927 жылға дейінгі аралықта меңгерді. Ал А.Н. Крестников болса, оны әрі қарай дамытып,
1955 жылға дейінгі жоғарыда айтылған кафедраны басқарды.
Бұл ғылымның дамуына және жетілуіне Е.К. Жуков, Н.В. Зимкин, В.В. Васильева, В.С.
Фарфель, Я.Л. Коц т.б. ғалымдар өз үлестерін қосты.
Спорт физиологиясының жалпы физиологиядан айырмашылығы – ол
тек адамдарға ғана
жүргізілетін зерттеулерге негізделеді. Физиологияның классикалық әдістерін адамдарды
зерттеуде қолдану мүмкін емес. Сондай-ақ зерттеулер белсенді қозғалыс кезінде жүргізілуі
қажет, өйткені оның өзі де жұмысты қиындата түседі. Алынатын
мағлұматтар көбірек
қызығушылық тудырса да, жарыс кезінде зерттеулерді жүргізу іс жүзінде аса қиын.
Спорт физиологиясының мақсаты мүшелердің, мүшелер жүйесінің және адам ағзасының
қимылға дейін, қимыл кезінде және белсенді қимылдан кейінгі функциональды күйін зерттеу
болғандықтан, ағзадағы бұлшық ет белсенділігін анықтап, соған сәйкес өзгерістерін тіркеуге
мүмкіндік беретін арнаулы әдістер жасалынуда. Қазіргі
кезде осы мақсаттармен эрго
өлшеудің 4 түрі пайдаланылады. Олар: электрлік және механикалық велоэргометрлер,
тредбан \жүгіретін жол\ степэргометрия.
Сондай-ақ қан айналымның, тыныс алу және
ағзадағы функциялық ауытқуларды анықтауға мүмкіншілік
беретін электрокардиограмма
\
ЭКГ\, электроэнцофалограмма \ЭЭГ\, электромиография \ЭМГ\ және т.б. әртүрлі жабдықтар
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: