Дене жаттығуларының ағзаға әсері, адамның қозғалыс-қимылдарын басқару. Қимыл дағдылары дамуының физиологиялық механизмдері. Дене жаттығуларының ағзаға әсері, адамның қозғалыс-қимылдарын басқару. Қимыл дағдылары дамуының физиологиялық механизмдері. 1. Дене жаттығуларының адам ағзасының физиологиялық жүйелеріне әсері. Физикалық жаттығулар бірқатар белгілері бойынша мынадай топтарға бөлінеді. 1. Бұлшық
ет массасы көлемінің белсенділігіне байланысты:
І\ бұлшық еттің 1\3 бөлігінен азырақ қатысуымен орындалатын жергілікті жаттығулар
\
садақпен ату\; 2\ аймақты жаттығуларда бұлшық еттер массасының 1\2 бөлігіне шейін
қатысады. \қолдың көмегімен жасалынатын гимнастикалық жаттығулар\; 3\ бұлшық еттердің
1\
2 бөлігінен көбірек бөлімі қатысатын кең аймақты жаттығулар.
ІІ. Бұлшық ет қызметінің тәртібіне байланысты: 1\ изометриялық тәртіпте бұлшық ет
қызметінің басым болуы жөніндегі статикалық жаттығулар \жүкті ұстап тұру\; 2\
ауксотониялық тәртіпте бұлшық ет қызметі басым болатын – динамикалық жаттығулар.
ІІІ. Физиологиялық сапаның қайсібірі басым болуына байланысты: 1\ жылдам күш
жаттығулары, бұл кезде бұл кезде бұлшық еттер бір уақытта үлкен күш пен жиырылу
жылдамдығын көрсетеді \секіру,\лақтыру; 2\ бұлшық еттер аз ғана күш пен жылдамдықта
ұзақ уақыт жұмыс қабілеттілігін сақтайтын төзімділікке жаттығулар \ұзақ қашықтыққа жүгіру,
шаңғы тебу\.
ІҮ. Уақыт бірлігінде орындалатын жаттығуларда жұмсалатын энергия мөлшеріне
байланысты: І\ жеңіл; 2\ орта; 3\ сылбыр; 4\ ауыр; 5\ өте ауыр жаттығулар.
4
Ү\ Энергияны қамтамасыз ету механизмінің басымдылығына байланысты: І\ анаэробты;
2\
аралас; 3\ аэробты.