3. Әртүрлі салыстырмалы тізбекті қозғалыстардың сипаттамасы механизмдері және
жұмыс қабілеттілігін шектеу факторлары
Барынша еркін күштің көлемі бұлшық еттердің шеткі және жүйке факторларына байланысты.
Шеткі факторларға бұлшық еттің физиологиялық көлденең ені, оған жылдам және баяу
бұлшық ет талшықтарының қатынасы, бұлшық еттің алғашқы ұзындығы мен әрекет рычагы
жатады. Жүйке факторлары ішкі бұлшық ет үйлестілігін және бұлшық еттердің өзара
үйлестілігін анықтайды. Одан басқа барынша еркін күш зерттелуінің көңіл-күйіне және жеке
ерекшеліктеріне байланысты. Барынша қуатты күш пен барынша еркін күштің арасында
өзгешелік бар, оны күштің жетіспеуі деп атайды. Күш жетіспеуінің көлемі бұлшық еттермен
еркінше басқару, сыналушының психологиялық күйі және бір мезгілде бұлшық еттер
жиырылуы сандарының жетілуіне байланысты. Өлі нүкте және екінші тыныс алу күйі өткен
ғасырдың 90 жылдарда ұзақ қашықтыққа жүгіретін спортшыларда байқалады.
Өлі нүкте – спортшының бұлшық ет аппараты қызметі мен бұлшық етте өттегін және қоректік
заттарды жеткіліксіз қамтамасыз етуінің арасындағы сәйкес келмеуі кезінде спортшы көңіл-
күйінің нашарлауы нәтижесінде пайда болады. Бұлшық ет ауырып, бас айналып, өкпе қуысы
тарылады да, спортшы субъективті қалыпта жүреді. Объективті көзқарастан демікпе, не
болмаса көмір қышқыл газының бөлінуі және оттегіні пайдалану артады да, сілтілі қышқыл
ph төмендейді. Лажсыз зорығудың жұмыс жалғаса берсе, өлі нүкте күйі тыныс алудың
жеңілдеуімен алмасады, сондықтан оны екінші тыныс алу деп атайды. Тамырдың соғуы
кеңейіп, тыныс жиілігі бәсеңдейді. Сілтілі қышқылдың деңгейі көтеріліп, жүректің соғу жиілігі
төмендейді.