4. Дене жаттығуларының энергетикалық сипаттамасы аэробты және анаэробты өнімділік. Дене жаттығуларының физиологиялық жіктелуі және сипаттамасы. 1. Дене жаттығуларының энергетикалық сипаттамасы. АҮФ-ның қайта түзілуінің анаэробты және аэробты жолдары. Анаэробты және аэробты өнімділік. Дене жаттығуларының энергетикалық сипаттамасында оттегіге деген қажеттіліктің артуы –
аэробты, ал оттегіге қажеттіліктің төмендеуі анаэробты жаттығулар деп екіге бөлінеді.
Тұрақты күй үлкен және сылбыр қуат аймағында жұмыс атқару кезінде бабына ену процесі
аяқталған соң пайда болады. Жұмыс басталар алдындағы күш-қуаттың анаэробтық
кездерінің басымдылығы; 3. Функциялар күшеюінің тепе-теңсіздігі; 4. Бұлшық еттердің әр
түрлі жұмыс кезіндегі бабына ену бағамының өзіне тәндігі; 5. Бабына енудің шапшаңдығы
жұмыстың қарқындылығы мен оның машықтанған дәрежесіне байланысты болады. Ол
оттегін пайдалану деңгейін бірқалыпты ұстаумен сипатталады. Сөйтіп, ол нақтылы тұрақты
және тұрақсыз болып екі түрге бөлінеді. Нақтылы күй оттегінің сұранысы мен оның
пайдаланылуы тепе-тең болуымен сипатталады. Жұмысты тотығу процестерімен
қамтамасыз ету үшін оттегін пайдалану қажет. Бұл күйде қимыл және вегетативтік жүйелер
қызметінің үйлесімі байқалады. Сүт қышқылы шамалы мөлшерде шоғырланады. Сілтілі
қышқыл күйінің реакциясы өзгермейді.
Нақтылы тұрақты болып көрінетін күй оттегін пайдалану тұрақтылығымен сипатталады.
Алайда, оттегінің сұранысы оттегіні пайдалануға қарағанда анағұрлым жоғары болады да
оттегінің қажеттілігі артады.
Оттегінің қарызы бұлшық ет қызметіндегі пайда болған алмасу өнімдерінің тотығу үшін қажет
оттегі мөлшерімен өлшенеді. Жүректің соғу жиілігі 180-200 соғ\мин, қан айналымының
минөттік көлемі 25-35л, тыныс алудың минөттік көлемі 120-140л-ге жетіп, вегетативтік жүйе
қызметі шегінде болады. Бұларға қарамастан ағзада сүт қышқылы жиналып, сілтілі қышқылы
ph төмендейді де, энергия өнімдерінің анағұрлым бөлігі анаэробты жолмен өтеді.
Бұл кезде тер бөлінуі күшейе түседі. Екінші тыныс алудың пайда болуына жұмыс
қарқындылығының төмендеуі мен өкпе желдеткішінің еріксіз кеңеюі ықпал жасайды.
Дегенмен, бұлардың ешөайсысын, не жаттығуға, не жарысқа ұсынуға болмайды. Спортшы
қанша машықтанған болса, өлі нүктенің пайда болу мүмкіндігі соншалықты аз болады.