3. Қимыл бірліктері және дағдылары – спорт техникасының негізі. Қимылдарды басқарудың рефлекторлық механизмдері. Қозғалыстардың орындалуына байланысты стандартты \стеротипті\ және стандартсыз
\
ситуациялы\ болып екіге бөлінеді.
Стандартты жаттығулар шартты қимыл рефлекстерін жүзеге асыруда белгілі реттілікпен
пайда болып, қимыл динамикалық стеротипті түрде қалыптасады. Стандартсыз жаттығулар
қарсыласы мен серігінің әрекеті арқылы сипатталады.
Стандартты циклді қозғалыстарды қуатына байланысты барынша жоғарғы, соған тете үлкен
және сылбыр деп бөледі.
Жоғарғы қуат аймағында – жұмыс қарқыны 5-тен 30 сек-ке дейін созылады. 60,100,200,400
м жүгіру. 25,50 м жүзу. Қозғалыстар жоғарғы жиілікпен сипатталып, жүгіру жылдамдығы
10м\с болады да, олар АТф, КФ және 3% глюкоза көмегінің қатысуы мен анаэробтың
жағдайларда атқарылады. Сүт қышқылы қанға шығып үлгермей, бұлшық еттерде
шоғырланады. Оттегінің қарызы 100м жүгіру кезінде 7-8 л, тыныс жиілігі аз өзгереді де,
жүректің соғу жиілігі сөреге жақындағанда 180-190 соғ\мин-ке жетіп, артериялық қысым
көтеріледі. Систолалық қысым 180-200 мм сынап бағанасына жетсе, диастолалық қысым
өзгермейді.
Субмаксимальды қуат аймағында – жұмыс қарқыны 40 с-тен 3 мин-ке дейін созылады.
400,800,1500 м жүгіру, 100,200,400 м жүзу, 1,2,3 км велосипед тебу. Жүгіру жылдамдығы 7-
9 м\с-ке жетіп, жұмыс ағзаның шеткі мүмкіншілігінде анаэробты жағдайда атқарылады.
Энергия көбінесе АТФ, КФ және гликолиз арқылы анаэробтық жолмен пайда
болады. Түзілген сүт қышқылы қанға өтіп мөлшері 200-200мг\%-ке көтеріліп, сілтілі қышқыл
ph 7,0-
ге жетеді де, оттегінің қарызы 20-22 л-ге жетеді. Жұмыс кезінде анаэробты
процестерден басқа 1,0-1,5 мин аэробты процесстерде қосылады. Тыныс алу және жүрек-
тамыр жүйелерінің қызметі күшейеді. Жүректің соғу жиілігі 180-200 соғ\мин, систолалық
қысым артады, қан айналысының минөттік көлемі 25-30 л болады. Қандағы қышқыл
өнімдерінің шоғырлануы несепке өтеді. Ішкі ортадағы ығысулар шаршауды дамыта түседі.
Жасушалардағы және ұлпалардағы, әсіресе орталық жүйке жүйесінде алмасу процестерінің
бұзылуына сілтілі қышқылдың ph арқылы күшейеді.