Центрифугалау үшін жылжымалығы конус шөгінуі бойынша 7÷10 см, цемент шығыны 350 - 450 кг/м3; С/Ц 0,30; 0,45; 0,6 тең болуы мүмкін бетон араласпасын қолданады. Бетон араласпасын қалыптық ашық жағынан 1,5÷2мин бойы беріледі. Осы уақытта арнаулы станокта орналасқан қалып бетон араласы құбыр - қалыптың ішкі бетіне біркелкі төселуіне қажетті жылдамдықпен (80 - 150 мин-1) айнала береді. Сосын айналма жылдамдығын асыра беріп оны 800 -1000 мин-1 дейін жеткізеді. Осылайша тығыздау процесі 8-10 мин. созылады. Осыдан кейін станокты бәсендете тоқтатады да, сұйықтанған цемент жуындысын төгеді. Бұдан әрі кубырды қалпымен кран көмегімен қатаю камерасына әкеліп тиейді. Қатайып болған соң құбырды қалыптан босатып қоймаға немесе одан әрі өндеуге бағыттайды.

Центрифугалап тығыздарда бетондағы ең жеңіл құрамасы ретіндегі судың біраз бөлігі сығыла бөлініп шығады. Сондықтан қалдық С/Ц бастапқы шамасынан төмендеп, шамамен 0,26; 0,34; 0,36 тең болып қалады да қатайған бетон мықтылығы жоғары (40 - 60 МПа) болып шығалы, сусіңірімділігі 3 % аспайтын мәңгілігі жетерліктей қысымды құбыр жасалынады.