Дірілдетпе механизімінің тербелу жиілігі тұрақтысында (көбінесе дірілдетпе алаптарыніке 3000 тер/мин) тербелу жылдамдығын өзгерту үшін амплитудасын өзгертуге тура келеді. Іс жүзінде жылжымалы бетон араласпасы тербеліс амплитудасы 0,3÷0,35 мм, ал қаттысы – 0,5÷0,7 мм тиімді тығыздалынатыны белгілі.

Дірілдете тығыздау сапасына тек қана дірілдетпе параметрі (жиілігі және амплитудасы) ғана емес, онымен бірге дірілдету ұзақтығы да әсерін тигізеді. Әрбір бетон араласпасы үшін оның жылжымалылығына байланысты өзіне тиісті оптималдық дірілдете тығыздау ұзақтығы бар, осы уақыт ішінде аралас тиімді нығыздалынады; бұл ұзақтықтан артық уақытга энергия шығыны пайдасыз өсу үрдісі жоғарылай түседі, бетон нығыздануы онша өзгермейді. Бұдан былайғы тығыздау бетон тығыздығын мүлде өзгертпейді. Оның үстіне шектен тыс ұзақ дірілдету аралас жіктелуіне, жеке құрамаларына (цемент, ерітіндісіне және ірі толтырғыштарға) даралануына әкеліп тірейді. Осының салдарынан жасалынған бұйым тығыздығы әр жерінде әрқалай болып, тиісінше мықтылығы да төмендеп, әртүрлі болып шығады. Ұзақ дірілдететығыздау экономика жағынан да пайдасыз: электрэнергия шығыны және еңбексыйымдылығы ұлғая түседі, цех өнімділігі төмендеп кетуін туғызады.
Дірілдетпештамп бірден екі қызмет атқарады бетонды қоспаны форманың ішіне орналастырады, бұйымға өз келбетін береді.