Жылжымайтын қалыптарда бұйымдар қалыптарда бетон араласпасын тығыздау үшін үстілік және тереңдік дірілдетпелерді, сондай-ақ, қалыптарға бекітілген аспалы дірілдетпелерді қолданады
Жылжымайтын қалыптарда бұйымдар қалыптарда бетон араласпасын тығыздау үшін үстілік және тереңдік дірілдетпелерді, сондай-ақ, қалыптарға бекітілген аспалы дірілдетпелерді қолданады.
Бетон араласпасының жылжымалылығын қалыптар конструкциясына және бұйымдардың арматуралану сипатына байланысты тандайды. Темірбетон бұйымдарын көлденең қалыптарда жасарда қатты және жылжымалылығын шамалы бетон араласпасын пайдаланады. Ал, тік қалыптарда бұймдар - қабырға панельдерін және қалқаларын жасарда жылжымалығы 8 ÷ 10 см болатын бетон араласын пайдаланады, себебі терең және тар қалыпты азжылжымалы бетон араласымен толтырып тығыздау қиынырақ болады.