Справочник по применению удобрений /под ред. Пономаревой А. Т./. Алма- ата: Кайнар, 1981. 60-74 б



бет4/4
Дата18.08.2020
өлшемі60 Kb.
#76274
түріСправочник
1   2   3   4
Байланысты:
1-тақырып. Азот тыңайтқыштары(1)

Аммиак суы – NH3 + NH4OH + H2O, құрамында 20,5 (I сорт) – 16,4 (II сорт) % азот бар. Түссіз, кейде сарғылт түсті сұйықтық.

Аммиак селитрасы (аммоний нитраты, азот қышқылды аммоний) NH4NO3, құрамында 34,6 % азот бар. Ақ түсті, түйіршікті, суда өте жақсы еритін, гигроскопиялығы өте жоғары, ауада нығыздалатын, физиологиялық әлсіз қышқылды тұз.

Мочевина (карбамид) – CO(NH2)2, құрамында 46 % азот бар. Ақ немесе сарғылт түсті, кристалды немесе түйіршікті, суда жақсы еритін тұз.

Кальций цианамиді – CаСN2, құрамында 20-22 % азот бар. Жеңіл, майда, қара немесе күңгірт-сұр түсті ұнтақ, суда өте нашар еритін зат.

Аммиакаттар – аммиак суында қатты азот тыңайтқыштарының (аммиак селитрасының, мочевинаның т.б.) ерітінділері. Ашық сары түсті сұйықтықтар, құрамында 30-50 % азот болады.

Дақылдардың азот тыңайтқыштарына қажеттілігін анықтау әдістемесі.

Азот тыңайтқыштарының мөлшері төмендегі формула бойынша есептелінеді:


ДN ә.з. кг = (Nопт - Nфакт)*К*ТКылғ,
мұнда: ДN - азот тыңайтқышының енгізу мөлшері, кг/га ә.е.з.;

Nопт – дақылға қажетті топырақтың 0-40 см қабатындағы N-NO3-тің оңтайлы мөлшері, мг/кг;

Nфакт - топырақтың 0-40 см қабатындағы N-NO3-тің нақты мөлшері, мг/кг;

К - 7,5 кг-ға тең топырақтың 1 мг N-NO3 тыңайтқыш эквиваленті, атап айтқанда, бұл 1 кг топырақтағы N-NO3 мөлшерін 1 мг-ға арттыру үшін енгізілуге тиісті азот тыңайтқышының кг көлемі;

ТКылғ - ылғалдандыруға байланысты түзету коэффициенті.

ТКылғ төмендегі формуламен есептелінеді:


ТКылғ = ЖШ ф,

ЖШ н
мұнда: ЖШ ф - ауыл шаруашылығы жылы ішіндегі нақты (болжамдалған)

жауын-шашын, мм;

ЖШ н - нормативтік жауын-шашын = 275 мм (тұрақты көрсеткіш).
Ауыспалы егіс дақылдары үшін азот тыңайтқыштарының мөлшерлерін анықтағанда, алдыңғы дақылға енгізілген тыңайтқыштар мөлшерінің соңынан әсер етуін ескеру керек. Солтүстік Қазақстан топырағының шайылмайтын су құбылымы (режімі) жағдайында азот тыңайтқыштары 2 жыл ішінде өнімге оң әсерін тигізеді (әсер ету және соңынан әсер ету жылы). Сонымен бірге, енгізілген тыңайтқыштардың ықпалы арқасында топырақта "экстра" азоттың пайда болуына байланысты олардың әсер етуі тепе-тең (Черненок В.Г, 1997).

Осыған байланысты, мысалы, сүрі жерден кейін III-дақыл үшін есептелген тыңайтқыш мөлшерін алдыңғы дақылға (II-дақыл) енгізілген мөлшерден 1/2 (50 %) азайту керек. Соңғы дақыл үшін есептелген азот тыңайтқыштарының мөлшерін де 50 % азайтқан орынды, егер одан кейін танап сүрі жерге кетсе.

Сүрі жерсіз ауыспалы егістерде мұндайды істемеу керек, атап айтқанда соңғы танапта да соңынан әсер етуі бойынша ғана түзетілген азот мөлшерін енгізу керек.

Егер топырақтағы Р2О5 мөлшері фосфор тыңайтқыштарын енгізгеннен кейін де оңтайлыдан төмен болса, онда азот тыңайтқыштарының мөлшерін топырақтың фосформен қамтамасыз етілуін ескере отырып не диагностикалық кесте, не мына формула бойынша анықтау керек:


ДN = (1/3 Рфакт - Nфакт)*К*ТКылғ,
мұнда: 1/3 Рфакт - N-NO3-тің оңтайлы деңгейінің көрсеткіші, Р2О5-тің нақты жеткен деңгейі үшін, мг/кг.

Бұл фосфордың жетіспеуі кезінде де өсімдіктер үшін 2,5-3 аралығындағы фосфор мен азот арасындағы оңтайлы арақатынасты сақтап қалуға мүмкіндік береді. Оның маңыздылығы көлемінен кем емес.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет