Натрий селитрасы (натрий нитраты, азот қышқылды натрий) – NaNO3, құрамында 15-16 % азот және 26 % натрий бар. Ақ немесе сұрғылт түсті, майда кристалды, суда жақсы еритін, едәуір ылғал сіңіргіш, физиологиялық сілтілі тұз.
Кальций селитрасы (кальций нитраты, азот қышқылды кальций) – Сa(NO3)2, құрамында 13-15 % азот бар. Ақшыл-сары түсті, ірі кристалды немесе түйіршікті, суда жақсы еритін, гигроскопиялығы өте жоғары, физиологиялық сілтілі тұз.
Аммоний сульфаты (күкірт қышқылды аммоний) – (NH4)2SO4, құрамында 20,5-21 % азот және 23-24 % күкірт бар. Әр түрлі (ақ, сұр немесе көкшіл) түсті, майда кристалды, суда жақсы еритін, ылғалды аз сіңіретін, физиологиялық қышқылды тұз.
Хлорлы аммоний (аммоний хлориді) – NH4Cl, құрамында 24-25 % азот және 66,6 % хлор бар. Ақ немесе сарғылт түсті, майда кристалды, суда жақсы еритін, гигроскопиялығы төмен, сақтағанда нығыздалмайтын, физиологиялық қышқылды тұз.
Сусыз аммиак – NH3, ең жоғары концентрациялы тыңайтқыш, құрамында 82,3 % азот бар. Түссіз сұйықтық.
Достарыңызбен бөлісу: |