Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан



бет1/6
Дата06.02.2022
өлшемі1,68 Mb.
#81400
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Абай оленедери

  • Күз
  • Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
  • Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
  • Білмеймін тойғаны ма тоңғаны ма,
  • Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
  • Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
  • Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
  • Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
  • Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
  • Біреу малма сапсиды, салып иін,
  • Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
  • Енесіне иіртіп шуда жібін,
  • Жас қатындар жыртылған жамайды үшін.
  • Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
  • Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
  • От жақпаған үйінің сұры қашып,
  • Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.
  • Мазмұны:
  • 1.Ғылым таппай мақтанба.
  • 2.Күз
  • 3.Қыс
  • 4.Шегіртке мен құмырсқа
  • 5.Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы
  • 6.Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
  • 7.Он үшінші қара сөз
  • 8.Он төртінші қара сөз
  • 9.Он бесінші қара сөз
  • 10.Он жетінші қара сөз
  • Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
  • Өлсем , орным қара жер сыз болмай ма?
  • Өткір тіл бір ұяшық қыз болмай ма?
  • Махаббат, ғадауат пен майдандасқан
  • Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?
  • Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?
  • Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?
  • Асау жүрек аяғын шалыс басқан
  • Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?
  • Сонда жауап бере алман мен бишара,
  • Сіздерге еркін тиер, байқап қара.
  • Екі күймек бір жанға әділет пе?
  • Қаны қара бір жанмын, жаны жара.
  • Жүрегіңнің түбіне терең бола,
  • Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
  • Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсітім,
  • Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет