Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ


КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ-ӘДІЛ БАҒА КӚРСЕТКІШІ



Pdf көрінісі
бет101/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ-ӘДІЛ БАҒА КӚРСЕТКІШІ


 
Иманбердиева Райхан Аманжоловна 
№72 С.Нҧрмағамбетов атындағы ЖОББМ 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі 
Шымкент қаласы 
 
Бүгінгі таңда баршаңызға аян білім берудің деңгейі мен сапасына 
қойылған жаңа талаптар нәтиже беруді күтіп отыр. Елімізде соңғы жылдары
білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру 
сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы 
әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге
қабілетті білім беру болып табылады. Сапалы білім беру - оқыту мен 
тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты 
білімді, ӛмір сүруге бейім ӛзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, 
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұрын оқытуда оқушылар тек қана 
тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы ӛздігінен білім іздейтін 
жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Бүгінгі білім беруде оқушыны 
білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре 
отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды.
Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. 
Соның бірі - критериалды бағалау жолдары. 
«Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) 
қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген 
және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік 
беретін үдерісті сипаттайды.
Критериалды бағалау - оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары 
мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, 
мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала 
таныс, ұжым талқысынан ӛткен, нақты анықталған ӛлшемдер арқылы 
оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша 
немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген 
нысананың артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті 
емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы 
және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар ӛзін ӛзі бағалау, қабілеттілік және 
күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатыр. (Александер, 2001)
Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес 
келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші 
болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық 
қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу 
жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. 
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған 
үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге кӛмектеспейді; бұл ретте 
егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және 
бағалау ӛлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға ӛзінің 


нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік 
береді. [МАН, 107 бет] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет