Сӛйлемде ғана үстеулерді басқа сӛз табынан сұрақ қою арқылы ажыратуға
болады. Топқа бӛлінген оқушылар бір-біріне сұрақтар дайындайды. Мысалы
тӛмендегідей нақты болуы тиіс.
1. Қималардың әр түрлері белгісін, мекенін, мезгілін, мақсатын т.б. сипаттарын
білдіретін сӛз табы?
2. Үстеу мағанасына қарай неше түрге бӛлінеді?
3. Мезгіл үстеуінің сұрақтары?
Қашан? Қашаннан?
Сабақта тапсырмаларды саралап беру және дұрыс пайдалану оқушылардың
логикалық ойлау және сӛйлеу қабілетін дамытуға кӛмектеседі.
Сонымен, қазақ тілін мектептерде оқытудың тиімді тәсілдерінің бірі –
тапсырмаларды оқушылардың деңгейіне қарай саралап беру мен жаңа
технологияларды қолданудың бала жадын жаттықтыруға тигізер септігі мол
екендігін кӛруге болады.
Қорытындылай келе, сыныптағы саралап тапсырма беру әдістері оқушылардың
нені үйренгендігін анықтауға және оны бағалауға үлкен мүмкіндік
беретініндігіне кӛз жеткізуге болады. Мұғалімдер оқушылардың нәтижелі
түрде білім алуын қамтамасыз етумен қатар, оқушының жеке түрде дамуын
анықтау арқылы нені жақсарту, неге кӛңіл бӛлу керектігін түсінуге мүмкіндік
беретін икемді үдеріс.
Оқушылар үнемі бағаланып отыратындықтан, олардың оқу-үлгерімінде
нәтижелер мен ӛсудің байқалуы тиіс. Осылайша педагогикалық қызмет пен
саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай әрдайым
түзетіліп отыруы мүмкін. Сонда біз пәнді оқытудағ оқушыны оқытуға қарай
ілгерілей аламыз.
Сабақтың барлық сатыларында саралап оқыту тәсілдерін енгізу қажет. Мысалы,
үй тапсырмасының орындалу барысында да бұл маңызды. Оқушылар тестілеуді
ұнатпай кететіндей, пәнге деген қызығушылығын жоғалтып алатындай
жағдайға жеткізбеу біздің қолымызда. Ол үшін түрлі әдістемелерді пайдалануға
болады. Оқушыларға саралап оқыту әдісін қолдану оқушылардың білім
сапасын, олардың біліктілік деңгейі мен қабілеттерін жақсартуға мүмкіндік
береді. Сан түрлі тәжірибелерден ӛтіп, сенімді түрде алға жылжу оқушыларды
шабыттандырып, оларды белсенді түрде әрекет етуге ынталандырады. Мен
үнемі тапсырмаларды саралау әдісін қолдану арқылы түрлі деңгейге бӛліп
бергендіктен, оқушылардың деңгейі біршама ӛсіп жатқандығын байқаймын.
Деңгейлік тапсырма болуы оқушының күш-жігеріне деген сенімін нығайтады,
оларды табысқа жетелеп, танымдық қызығушылын әлдеқайда арттырады және
тілді үйретудің соңғы дамыған әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, сабақты
тартымды да қызықты ӛткізуге күш салып, оқушыларға мемлекеттік тілді
тереңінен біліп шығуына ӛз үлесімді қосып жүрмін деп айта аламын.
Достарыңызбен бөлісу: