бар?
«Даналық ағашы» әдісі.
Оқушылар тақырып бойынша ашық сұрақтар
құрастырады. Сұрақтар сандықшаға салынады. Әр оқушы кезекпен сұрақтарды
алып, дауыстап оқиды. Ұтымды, дұрыс жауап берген оқушылар бағаланады.
«DEAL» әдісі
D – Describe –
баяндау, суреттеу (оқығанды, кӛргенді сипаттау, сынау, ӛлшеу)
E – Explain –
түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін,
түсінгендерін суреттеу)
A – Anallyse –
талдау
( ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау).
L – Libks – байланыс
(болжамдар немесе қорытынды жасау, ӛзінде бар
біліммен байланыстыру).
«Еркін пікір» әдісі.
Пікірталас ұйымдастыру, баяндамалар жасау, шағын
ғылыми жұмыстарды қорғау арқылы оқушылардың ізденісін, сӛйлеу және
ойлау қабілеттерін дамыту, қарым-қатынас мәдениеттілігін қалыптастыру.
«Ертегі қҧрастыру»
әдісі. Бастаушы ертегінің бірінші сӛйлемін айтады.
Қалған оқушылар бір-бір сӛйлемнен ӛздері қалауынша ертегінің сюжетін
құрастырады. Қатысушылардың қиял жүйріктігі, тіл байлығына қарай түрлі
ертегі құрастырылып шығады.
«Кейіпкерлер әлемі» әдісі.
Оқушылар топқа бӛлінеді. Әр топ әңгіме мазмұны
бойынша сұрақтар қояды. Сұрақтардың мазмұны шығарма кейіпкерлерімен,
орын алған оқиғалармен байланысты болады. Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап
бағаланады.
Бұл аталған әдіс-тәсілдер оқыту процесінде ӛзінің ұтымды жақтарын беріп,
оң нәтижелер кӛрсетуде. Заманауи мұғалім ӛз сабағында түрлі әдіс-тәсілдерді
жиі қолданып, жаңартып отырғаны дұрыс. Сонда ғана, білім кӛгжиегінің ӛрісі
кеңие бермек.
Достарыңызбен бөлісу: