Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет37/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Қолданылған әдебиеттер: 
1.Қ.Ӛстеміров, А.Айтбаева «Қазіргі білім беру технологиялары». Алматы, 
2006жыл. 
2.М.Байжанов «Педагогикалық инновация және оқытудың қазіргі 
технологиялары». Қызылорда, 2006 жыл 
3. «Қазақстан мектебі» журналы. №9, 2007 жыл 

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖОСПАРЛАУ МЕН ОҚЫТУДА 
САРАЛАУ ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ 
 
Сарсенбаева Гульзира Ергебекқызы 
Жамбыл облысы, Талас ауданы, мектеп-лицейінің 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі 
gulzira.sarsenbaeva.87@mail.ru 
Оқытудағы «Саралау тәсілі» ұғымының негізін салушыларды Карл 
Роджерс, Абрахам Маслоу т.б гуманистік психология ӛкілдері деп есептелінеді. 
Гуманистік тәрбие үшін басты құндылық – барша жақсы, жаман 
тараптарымен, 
артықшылығы 
және 
олқылықтарымен, 
тұлғалық 
ерекшеліктерімен танылған оқушының ӛзі. Гуманист педагог ӛзініңтәрбиелік 
істерін баланың жеке қызығушылықтарын ескере отырып атқарады. 


Әлемдік педагогика оқуды саралау туралы ХХ ғасырдың 20-шыжылдары 
ойлана бастаған. Бұл кезеңде кеңестік және шетелдік педагогикада 
оқуды жеке даралау және саралау саласында белсенді жұмыстар жүргізген. 
Ӛткен ғасырдың басында оқыту үдерісіндегі даралау әдістерін іздеу АҚШ-да 
кең етек алған. 
Кеңес, Батыс Еуропа және Америкада білім саласындағы жеке 
даралаусаралау бағытындағы зерттеулер бір уақытта басталғанымен, қазіргі 
таңда батыстық педагогиканың бұл бағытта үлкен практикалық және теориялық 
тәжірибесі басым. С.Бабаев «Бастауыш сынып педагогикасы» атты оқу 
құралында: Даралық бағыт әр оқушының танымдық күштерін, белсенділігін 
бейімділігін және дарынын дамытуға аса қолайлы мүмкіндіктер түзуге жәрдем 
береді. Мұндай тәрбиелік бағыт «қиын» шәкірттер, қабілеті тӛмен оқушылар 
үшін қажет – деп кӛрсеткен. 
Саралап оқыту - бұл білім алуға бағытталған әрекет. Ол ӛз бетінше, әр 
мұғалімнің жетекшілігімен жүргізіледі. Біз қарастырып отырған саралап 
оқытудың теориялық негізін Л.Выготский, А.Леонтьев, Б.Ананьев, 
С.Рубинштейн т.б ғалымдар жасаған. Ал, бастауыш мектеп кезеңіндегі 
саралауға байланысты мұғалім әрекеттерін В.Давыдов, Л.Занков, 
Ш.Амонашвили т.б зерттеулерінде қарастырылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет