Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет49/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Ермекова Т.Н, А.А.Қасымбек, Н.О.Абдижаппапрова, А.Б.Бипажанова «Қазақ 
тілі мұғалім кітабы» «Арман ПВ», 2016 
2.Жұмабаев М.. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992.
3.Сыздықова Р., Б. Шалабаев, Кӛркем тексті лингвистикалық талдау, А., 
«Мектеп», Исабекова А.К. «Деңгейлік курстарда қолданылатын психологиялық 
тренингтер жинағы» Кӛкшетау,2014 
4.Кәрішалова К. Кітапхана жаңа ғасыр мәденитетінде (балалар әдебиеті 
проблемалары)// Саясат. - №3. - 2006. - 28-29б. 
5.Мектептегі кітапхана «Кітап-білім бұлағы» 2011ж.№5.10-11б 
ТІЛДІ МЕҢГЕРТУДЕГІ ТӚРТ ДАҒДЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Ермаханова Кулархан Кенжебайқызы 
№83 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі. 
 Шымкент қаласы 
Мектеп қабырғасында отырған ӛскелең жас ұрпақтың озық ойлы, 
функционалды сауаттылығы жоғары, рухани тәрбиесі биік, саналы жеке тұлға 
болу жолындағы ізденістер мен ғылыми еңбектер қатары кӛбеюде. Осы тұста 
педагог қызметкерлер шәкірттерінің алғыр да ӛмір сүруге қабілеттілігін, жалпы 
ӛзіндік кӛзқарасын, ұстанымы мен сенімін қалыптастыруда үнемі еңбектеніп 
келеді. Жаңартылған білім мазмұны негізінде біліктілігімді арттырып, кӛптеген 
әдіс-тәсілдерді ӛз тәжірибемізге енгізіп оң нәтижелерді байқап, мемлекеттік 
тілді оқушыларыма меңгертуде кӛп кӛмегін беріп келеді. 
Тілді меңгерту барысында соңғы уақыттарда жиі айтылатын тӛрт 
дағдыға ерекше тоқталғанды жӛн санадым. Олар: тыңдалым, айтылым, 
оқылым, жазылым. Ең алдымен, бұл тӛрт дағды бір-бірімен тығыз байланыста 
болады. Сабақ барысында осы аталмыш дағдылармен жүйелі түрде жұмыс 
жүргізілсе, 
оқушылардың 
тілді 
меңгерулеріне, 
функционалды 
сауаттылықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. Қазіргі таңда оқушылардың 
функционалды сауаттылығын қалыптастыруларына ықпал етудің арқасында, 
сабақ барысында белсенділік пен кӛшбасшылық қабілеттерін байқатып, еркін 
білім алуға қадам басып келеді. 


Қазақ халқының «Тыңдаусыз қалған сӛз жетім» деп айтылуында да үлкен 
мән жатқан секілді. Тыңдалым білім алу барысында үлкен рӛл атқарады. 
Сабақтың кіріспе, негізгі немесе қорытынды бӛлімдерінде оқушы тыңдаған 
мәліметтері мен үнемі байланыс жасап отырады. Бейне баянды үнтаспадан 
немесе ӛз аузымнан оқылған мәліметті оқушы тыңдап, мазмұнын түсініп, нақты 
ақпаратты алып, детальдарына мұқият үңіліп, кӛңіл-күйін анықтап, 
сӛйлеушінің қарым-қатысына, сӛйлеу барысында сӛйлемдердің грамматикалық 
құрылымына назар аударып отырады. 
Оқушылар тыңдалымнан кейін алған мәліметтерін қайта еске түсіріп, 
жаңа сӛздерді, жалпы мазмұнын, нақты мәліметтерді айтып, талқылауға 
арналған сұрақтарға жауап беріп, ӛз ӛмірлерімен байланыстырып отырады. 
Міне осыдан бастап тілді қабылдап үйренеді. Ал сол тілді қолданып сӛйлеу 
барысында кӛрініс табатын дағдының бірі - айтылым. Оқушылар осы тұста 
сұрақтарға жауап беріп, сыныптастарының сӛзін байқап, түзетулер енгізіп, 
сӛздерін жоспарлап, орнымен дұрыс қолдана білуді, кезек алып сӛйлеуді, жест, 
мимиканы қолдану тағы да басқа бірнеше әрекеттерді орындайды. 
Айтылым дағдысында жиі қолданыс табатын бұл әрекеттер оқушының 
тілді еркін меңгеруіне, ӛзін-ӛзі реттеуіне септігін тигізді. Орыс бӛліміндегі 
оқушылардың қазақ тілінде таза әрі сауатты сӛйлеуін дамытуда жаттығулар 
орындатып, берілген бір сӛзге бірнеше сӛз тіркесін жасап, сӛйлем 
құрастыруына түрткі болып, бірнеше рет қайталату арқылы есте сақтауын 
басты назарда ұстаймын. Үй тапсырмасынан тыс оқушылар кӛрген ертегілерін 
немесе тарихи деректерді баяндату арқылы айтатын сӛзін дайындап, ойын 
жинақтап, алдын ала дайындық жүргізуіне мүмкіндік беріп, қолдау кӛрсетемін. 
Себебі айтылым, сӛйлесім дағдысы тілді меңгерушілерге ең басты құралдың 
бірі.
А.Байтұрсынұлы былай деген: «Жаза біліп, оқи білмейтін де адам бола 
ма? - Жоқ. Жаза білетін демек, оқи да біледі деген сӛз». Ӛз тәжірибемдегі жиі 
қолданатын әдістерімді оқылым дағдысына негіздеп мақсатқа сай әрекет етуге 
талыпынамын. Оқылым дағдысын қарапайым тілмен түсіндірсек, жазба тілдегі 
мәтінді түсіну. Оқылым да, жазылым да тілдің графикалық жүйелері арқылы 
берілетіндіктен, оқылым жазылыммен тығыз байланысты. Сондықтан тілді 
меңгертудің алғашқы бастауларында оқылым мен жазылымды ӛзара 
байланыстыра қолдану әлде қайда ұтымдырақ бола түседі. 
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру 
жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын 
енгізу,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық 
желілерге шығу» деп атап кӛрсеткен. 
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технология арқылы берілетін білім оқу 
материалын жүйелі беруге, ақпаратты кӛруге, есте сақтауға, қатысымдық 
тұрғыдан меңгеруге, қазақша тілдік қатынасты игеруге мүмкіндік береді. 
Ақпараттық технологияны қолдануда, әдетте шынайы ӛмірлік жағдайлар 
келтіріліп, бірігіп шешу мәселелері ұсынылады, рольдік ойындар 
пайдаланылады, білгірлігінің қалыптасуы барысында жеке белсенді 
позициясын қалыптастыруға жағдай тудырады, қарым-қатынас дағдыларын 
орнықтырады, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. 


Демек, ақпаратты технологияны оқу үрдісіне енгізу тіл үйретуде 
тиімді.Тыңдап - түсіну, кӛріп - байқау құралдарының концепциясында оқыту 
былайша орналасады: тыңдау - сӛйлеу - оқу - жазу. Оның ішінде ауызша 
қабылдау (тыңдау мен сӛйлеу) әрдайым ілгері шығып отырады. 
Тыңдап - түсіну, кӛріп - байқау құралдарының ішінде сабақ берудің 
барлық сатысында қолдануға болатын түрі - аудио құралдар, радио мен 
теледидардың хабарлары, сұхбаттар жазылған үнтаспа, т.б. 
Мәтінді оқу барысында белгілі бір нақты ақпаратты табу, детальды түрде 
оқу, мәтіннің түріне қарай ажырату, бейтаныс мәтінге болжам айту сияқты тағы 
да бірнеше ішкі дағдыларына сай білімдерін толықтырып жұмыс жүргізеді. 
Демек оқушы бір мәтіннің аясында бірнеше жұмыс жүргізіп, мәтінге немесе 
суретке, үнсіз бейне таспаға қарап ӛз болжамын айтып, мәтіннен белгілі бір 
детальды тауып оқып, бейтаныс сӛздердің мағынасын біліп, стилін анықтайды, 
бір-біріне топтық жұмыста түсіндіріп, топтасып жұмыс жасайды. Ӛзіміз сабақ 
беретін сыныптарға қазақ тілі пәнінен белгілі бір мәтінді бірнеше бӛлікке бӛліп, 
тыңдалымнан кейін бӛлінген мәтінді дұрыс құрастыру немесе бӛлімге бӛліп 
мәтінді басынан соңына дейін дұрыс орналастыру, сұрақты оқушы 
шатастыратындай етіп қоя отырып, мәтінге мұқият үңіліп оқуына түрткі 
боламын. Оқушылардың мәтінді жан-жақты оқып, талқылауы арқылы тілді 
меңгерулеріне болатыны тәжірибеде айқын байқалуда. 
Тілді қолданып сӛйлеу немесе жазу продуктивті дағдылар қатарына 
жатады. Жоғарыда айтылғандай, оқылым мен жазылым қатар жүреді. Тіл 
үйренушіге әріптер мен сӛздерді пайдалана отырып сӛйлем құрай алуы 
маңызды қадам. Сӛздерді орынды пайдаланып, сӛйлемдер құрап ӛзінің ойын, 
түсінгенін қағаз бетіне түсіре алу жақсы нәтижеге қол жеткізудің баспалдағы. 
Жазылым барысында оқушы орфографиялық қатесіз жазуға, әріптерді дұрыс 
жаза білуге, пунктуацияны дұрыс қолдануға, абзацты дұрыс ұйымдастыра 
білуге, стилді дұрыс таңдай алуға, сауатты жазуға біртіндеп үйрене бастайды. 
Әрине, күнделікті сабақ барысында осы дағдыларды үнемі тиімді қолданар 
болса, ӛзінің тиімділігін уақыт ӛте келе кӛрсетеді.Оқушы бойында шапшаңдық, 
алғырлық, ӛзіне қажет мәліметтерді тыңдап, ойын жеткізе алу, қатесіз оқуға 
және сауатты жазуға деген бірнеше ӛзгерістерімен қоса дағдылары да дами 
түседі. 
Мәтінмен жұмыс барысында аталмыш тӛрт дағдыны қатар тиімді әрі 
оқушылардың деңгейіне сай жүргізуге болатынын байқадым. Бір мәтін аясында 
бірнеше тапсырманы орындап, оқушының тілді меңгеруіне айтарлықтай оң 
ықпалын тигізеді. 
Тұла бойы ұлттық тәрбиеге тұнып тұрған ұлт жанашырын тәрбиелеуде 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің атқарар ерен еңбектері кӛп. Ӛз 
ана тіліңнің бүге-шігесіне дейін баланың бойына дарытып, кӛкейіне құйып, 
санасына сіңдіру - үлкен жауапкершілікті жүктейді. Бұл жауапкершілікті қалт 
жібермей мүлтіксіз орындау маған сын. Осы сынға сыни қарап, алға ұмтылу 
мені үнемі мақсатқа жетелейді. Ғасырлардан жылжып, тарихтан сүрінбей келе 
жатқан ана тіліміздің кемеліне жетіп толысуына үлес қосқан алаш зиялылары, 
ақын-жазушылар, ғұламалар әрбір баланың санасына жетіп, есінде сақталуы 
қажет. Олардан қалған ғұмырлық қазынаны тіл арқылы аманаттаймыз. 


Бұл, әрине, тіл жанашырларының және қазақ әдебиеті мұғалімдерінің 
тынымсыз еңбегінің нәтижесінде келер ұрпаққа жетіп отыр емес пе? Тӛл 
тіліміздің қыр-сырына үңіле қарап, дыбыстың ерекшелігіне дейін меңгерту 
нәтижесінде сауатты ұрпақ тәрбиелейтініміз жасырын емес. Бұл тағы да тіл 
мамандарына міндеттелген. Сондықтан қызын арға, ұлын нарға балаған қазақ 
арасында ӛз ойын сауатты жаза да, сӛйлей де білетін, сӛйлеу мәдениетін жетік 
меңгерген текті ұрпақ тәрбиелеуде, қымбатты біздің әріптестеріміз, сіздердің де 
қосып жатқан үлестеріңіз ұшан теңіз деген сенімді пікірдеміз! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет