Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет60/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Саралап оқыту ауыл мектебінде сабаққа қызығушылықты тәрбиелеу 
құралы. Қашықтықтағы семинар. 14 қаңтар 2011 жыл. 
2. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті 
арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. Алматы. 
3. Құсайынов А.Қ.
 
Әлемдегі және Қазақстандағы білім беру саласы. Алматы 
2013. 125-бет 


4. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
курстарының бағдарламасы «Мұғалімге нұсқаулық» 102-104бет 
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНДЕ ОҚУ МАҚСАТТАРЫНА БАҒЫТТАЛҒАН 
ТАПСЫРМАЛАР МЕН САРАЛАУ ТӘСІЛДЕРІН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ 
АРҚЫЛЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ 
САУАТТЫЛЫҒЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ 
Татибекова Айнҧр Андабекқызы 
Жамбыл облысы, Т.Рысқҧлов ауданы, Абай атындағы шағын орталықты 
орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мҧғалімі 
 
Жалпы орта білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытудың 
мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, 
сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін 
сӛйлесуге және сауатты жазуға үйрету. [1.208] Осы мақсатты жүзеге асыруда 
қазақ тілі пәні бойынша әрбір сабақта жүйелі жоспарлай білуі шарт. Әрбір
педагог нәтижеге бағытталған сабақты жоспарлауда қазақ тілін оқытуда 
бірнеше дидактикалық ұстанымдарын назарға алуы тиіс.Атап айтқанда: 
оқытудың ғылымилық ұстанымы, жүйелілік ұстанымы, кӛрнекілік ұстанымы, 
саналылық және белсенділік ұстанымы, теорияны практикамен байланыстыру 
ұстанымы, түсініктілік ұстанымы, жеңілден ауырға қарай ұстанымы, 
оқушылардың психикалық дара ерекшеліктерін ескеру ұстанымы. Оқытудың
ғылымилық ұстанымы қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан 
оқытуда тілдік дағдыларды: 1)тыңдалым және айтылым; 2) оқылым; 3) 
жазылым; 4) әдеби тіл нормаларын сақтау тізілген. 
Мәулен Балақаев 1989 жылы жарық кӛрген «Тіл мәдениеті және қазақ 
тілін оқыту» еңбегінде оқыту мәселесі туралы былай деген екен: «Мектеп 
оқушылары ой-пікірлерін айқын,әсерлі жеткізу үшін сӛздерді, сӛз тіркестерін, 
сӛйлем құрылыстарын, морфологиялық тұлғаларды олардың айтылуына, 
жазылуына сәйкес дұрыс қолданатын болса, осының ӛзі-ақ оқушының тіл 
мәдениеті дәрежесінен біршама кӛрініс береді». Оқушының тіл мәдениетін, 
қазіргі тілмен айтқанда, функционалдық сауаттылығын дамыту үшін әрбір 
сабақ оқу мақсатына бағытталған болуы керек, сонымен қатар сабақ 
барысынды тиімді әдіс-тәсілдер мен саралау түрлерін де нақтылаудың маңызы 
зор. 
Қазақ тілі пәні бойынша оқу мақсатына бағытталған тапсырмалар 
құрастыруда дидактикалық ұстанымдарды назарда ұстаудың маңызы зор. 
7-сыныпта ҮІ бӛлім: «Ғаламтор және әлеуметтік желілер» бойынша 
«Қазақстанда ғаламтордың пайда болуы» тақырыбындағы 1-тапсырмада: 
Мәтінді оқып, негізгі ақпаратты кластерге түсіріңдер.Қазақстандық 
ғаламтордың болашағы туралы ой бӛлісіңдер» [1.208] деп оқулықта тапсырма 
берілген. «7.3.6.1 – оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, 
іріктеп оқу,зерттеп оқу» оқу мақсатына бағытталған тӛмендегі тапсырманы 
оқушыларға ұсынуға болады: Мәтінді іріктеп оқу арқылы негізгі ақпараттарды 


анықтаңыз. Комментарий жасау арқылы ғаламтордың болашағы туралы ой 
бӛлісіңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет