кӛбірек сӛйлетуге әрекет жасадық. Бүгінгі сабақта Атмосфера құрамын
сипаттады. Сабақты еркін емес, ойланып, аздап кекештеніп жеткізді. Дегенмен
зерттеу жұмысында ӛз ойымен бӛлісті. Қазіргі кездегі Даниялдағы ӛзгеріс:
бұрынғыдай сабаққа кӛбірек қатысуға талаптануда. Тақтаға фамилиясын
атағанда ғана шығып қоймай, ӛзі қол кӛтеріп шығуға ұмтылып жүр. Бірақ
номенклатурасы аздап ақсап тұр. Сондықтан мұғалім картадан кӛбірек
тапсырма беруді қолға алды.
Келесі зерттеу қазақ әдебиеті сабағында болды.Қазақ әдебиетінен ӛткен
сабақтың тақырыбы: «Шортанбай Қанайұлының ӛмірі мен шығармашылығы».
Сынып оқушылары пазлдар арқылы топқа бӛлдім. Қызығушылықты ояту
мақсатында пазлдарда берілген сӛздерден сӛйлем құрастыру тапсырдым. Әр
топ ӛз алдарындағы пазлдардан сӛйлем құрастыра бастады. Осы тапсырмада-ақ
«А», «В» деңгейлі оқушылар жылдамдық танытып, сӛйлемді құрастыруға
атсалысты. Келесі Шортанбайдың ӛмірі мен шығармашылығы бойынша әр
топқа тапсырма бердім. Оқушылар постер қорғау керек.1-топқа
Шортанбайдың
ӛмірі,
2-топқа
Шортанбайдың
ақындығы,
3-топқа
Шортанбайдың айтыскерлігі, 4-топқа Шортанбайдың толғаулары берілді. Топта
оқушылар ұйымшылдықпен ӛз тапсырмалары бойынша постерлерін жасауға
кірісті. «А», «В» деңгейлі оқушылар оқушылар тапсырманы орындауда
белсенділік танытуда. «С» деңгейлі оқушы да қарап отырған жоқ. Ол да басқа
оқушылардан қалғысы келмей, ӛз ойын білдіріп, атсалысуда. «А» деңгейлі
оқушының тобы тапсырманы бұрын орындап, белгі кӛрсету арқылы дайын
екендіктерін кӛрсетті. Топтан үш оқушы тақырып бойынша постер қорғады.
Басқа оқушыларға қарағанда «А» деңгейлі оқушының жауабы нақтырақ болды.
Ол Шортанбайдың айтыскерлігін қазіргі ӛмірмен байланыстырып, қазіргі
айтыстың тақырыбымен, айтыскер ақындардың есімімен таныстырды.
Шортанбайдың атын ӛшірмей, ізін жалғастырушы жастардың мол екендігін
айтылды.
«В» деңгейлі оқушы отырған топ Шортанбайдың толғаулары туралы сӛйледі.
Толғауларын талдап, үзінділер оқыды. «С» деңгейлі оқушы «Зар заман »
толғауынан үзінді оқып, ӛмірмен байланыстыруда қиналыңқырап қалды.
«С» деңгейлі оқушы да бұл сабақта қатарынан қалғысы келмей,
Шортанбайдың ӛмірінен мәліметтер айтты. Ел арасында ақындығымнен,
шешендігімен танылған тӛкпе ақын екендігін айтты. Сабақта оқушы алдыңғы
сабаққа қарағанда топта жұмыс жасауға бейімделе бастағанын, сабақ айтуға
ұмтылғанын байқадым. Ӛлеңдерін мәнерлеп оқуда да «А» деңгейлі оқушының
кӛш ілгері екендігі, «В» деңгейлі оқушының ӛз деңгейінде сӛйлейтіндігі, «С»
деңгейлі оқушының қарап отырмай, топпен бірге жұмыс жасай алғандығы
кӛрініс тапты.
Қорытындылай келе, оқушыларды бақылай отырып ең қажетті әдіс-тәсілдерді,
атап айтсам, диалогтік әңгімені, жеке жұмысты кӛбірек пайдалану керек деп
ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: